Польшада «Димаш» радиосы ашылды

176

23 тамыз күні Польшада «RadioDimash.pl» радиосы ашылды. Бұл Димаштың ең мықты, ұйымшыл «Dimash Kudaibergen Fanklub Polska» жанкүйерлерінің жобасы.

«Dimash Kudaibergen Fanklub Polska» – әлемдегі ең белсенді, ұйымшыл және ауызбіршілігі мол фан-клубтың бірі. Димаштың Dears-тары бұл клубтың ұйымдастырушысымен жақсы таныс.Моника Василевска және Тереза Какол ойлары ұшқыр және өздері секілді жастарды бір іске жұмылдыра білетін жетекшілер. Оларды қолдаушы топ өкілдері де аз емес.

Фан-клуб құрылған уақытта польшалық жанкүйерлер бір мақсат үшін бірікті. Димаша Кұдайбергеннің шығармашылығын Польшада және шет елдерде насихаттау.Олардың сүйікті әншілерінің кеші Польшада ұйымдастырылса, деген арманы бар және сол концертке қатысу.

«Димаштың шығармашылығын насихаттап, қолдау жұмысын біз рахаттана орындаймыз. Біз өзімізді әлемдегі ең үлкен халықаралық деңгейдегі отбасы мүшесіміз деп есептейміз. Сондықтан әлемдегі Димаштың мыңдаған отбасының мүшесіміз және бүкіл күш-жігеріміз бүкіл әлемдегі мыңдаған Dear-лары жұмылған жұмысқа күш біріктіру біз үшін қуаныш. Біз Димаштың концерттеріне қатысамыз, оның синглдері мен альбомдарын ресми музыкалық алаңдарда сатып аламыз және айналасындағы адамдардың барлық бастамаларын қолдаймыз », – дейді фан-клуб әкімшілігі.

«Dimash Kudaibergen Fanklub Polska» – Поляк жұртшылығын қазақстандық әншінің шығармашылығымен таныстыру үшін Димаш туралы веб-сайт құрған алғашқы фан-клуб. Оның әндерін,сұқбаттары мен халықаралық баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларын поляк тілінде аударып, оқырманына ұсынады.  Жанкүйерлердің күшімен елдері бірнеше радиостанция Димаштың әндерін желілерінде әуелетті. Польшалық Dear –лар жергілікті БАҚ-тарда сүйікті әншілерінің шығармашылық жетістіктері туралы өз ойларын ортаға салып, сұқбат беріп те үлгерді.

Польшадағы жанкүйерлерді Қазақстанның мәдениеті көбірек қызықтырады. Оны Димаш арқылы біліп, ізденіп, фан-клубтың ресми парақшаларына жариялап отыр. Қазақтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі туралы мақалалар жарық көрді. Олар Қазақстанға қатысты ұйымдастырылған Польшадағы шаралардан қалмауға тырысады. Сондай-ақ, Варшавадағы Қазақстан елшілігімен Гданьск пен Катовице қалаларындағы консулдықтарымен тығыз байланыс орнатқан.

Поляк Dear-лары Варшавада жыл басынан кездесу кешін ұйымдастыра бастады. Ол ай сайын өтеді және «Бұл жексенбі Димашпен бірге» деп аталады. Идея авторы Мирелла Гливинска. Кездесуге келгендер қазақстандық Димаш Құдайберген туралы жан-жақты ақпарат алып, әндерін тыңдайды. Туған елінің мәдениеті туралы терең тани түседі. Кештің ұйымдастырушысы және барлығын қызықты етіп әңгімелеп беруші Мирелланың өзі. Алдымен өзі біліп, фан-клуб мүшелеріне айтып, сауалдарына жауап береді. Жанкүйерлерді Ұлы қазақ даласының таңғажайып атмосферасымен таныстырады.

Польшадағы Dear-лар қазақ ертегілері, аңыздары, тарихи оқиғаларын да біледі. Фан-клуб негізін қалаушылардың бірі –  Моника Васильевска YouTube каналын жүргізіп,  Димашқа қатысты материалдар жарияланады. Онда Қазақ еліне саяхат-сапар, поляк фан-клубының Димаштың концерттеріне барған бейнелер жүктелген. Димаштың орындауындағы көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер топтамасы да бар. Моника Василевска қызықты шаралар арқылы фан-клуб қызметін үйлестіріп отыр және мұндағы жанкүйерлердің күшін біріктіріп, бір іске жұмылдыруда.

Ал, Тереза Каколды  фан-клубтың жүрегі десе де болады. Польшалық Dear-лар Димаштың шығармашылығын насихаттауда «Терезаға тең келер жан жоқ», деген пікірде. Өйткені, ол Димашқа қатысты істі бар ықыласымен, жан-тәнімен атқарып, тындырылған шаруадан қуат ала біледі.

Интернет радиостанциясын құру поляк фан-клубының бастамасы. Збигнев Курзинскийдің идеясы. Ол ойға алған істі жүзеге асыра білді. Техникалық, құжаттамалық және әкімшілік жұмыстардың барлығын атқарылды.

Збигневтің өзі фан-клуб веб-парақшасының техникалық жағынан қолдау көрсетіп отырған әкімшісі. Ол да өзге жанкүйерлер секілді Димаштың әндерін спорттың жаттығу кезінде, жұмыста, көлік айдап отырып та радио арқылы тыңдағысы келетіндердің бірі. Өнер адамының оның ішінде әншінің шығармашылығын насихаттауда ең мықты құрал-радио. Сондықтан Збигнев бұл радионы әнді бірінен соң бірін жібере беретін қосымша емес талапқа сай, тыңдарманның талғамынан шығатындай етіп құруды армандады.

Ол техникалық мазмұны бар ресми тіркелген, өз өнімі бар радиостанция құрғысы келді. Бағыты да белгілі – подкасттар (аудиожазбалар). Димаштың шығармашылығына арналған радио алғаш рет Аргентинада ашылған болатын. Бұл Збигневтің құрдымға кеткен арманын қайта тірілтіп, шабыт берді. Жалғыз өзі техникалық сипаттамаларды зерттеп, сынақтан өткізді. Барлық заңды талаптарды мұқият және радионың веб-парағық дизайнын өзі жасап шықты. Радио сынақ мерзімімен жұмыс жасай бастаған уақытта ол фан-клуб өкілдеріне өз ойын жеткізді. Польшалық Dear–лар оның арманын бірден жандандырып, жүзеге асыру үшін бірлесе іске кірісіп кетті. Қиындығы мен қызығы, қобалжуы басым жұмыс болды. Соңғы жұмыстар пысықталып, «RadioDimash.pl» радио жиелігі эфирге шықты.

Аз ғана уақыт ішінде бұл радио әлемнің әр түпкірінен тыңдарман тапты. «RadioDimash.pl» радиосын поляктар ғана емес  еуропалықтар, америка құрылықтары мен австралиялықтар да сүйіп тыңдайды.

Поляк Dear-лары бұл жұмысты жандандыра түсуде ынта-жігерлері басым. Қазір алғашқы трансляция мен подкаст беруге дайындық жүріп жатыр. Бірінші сұқбат жазылды, жуырда эфирге беріледі. Польшадағы Димаштың жанкүйерлері ол туралы өз елдерінің өкілдері ғана емес шет елдегі фан-клубтардан да сұқбат алмақшы.  Әсіресе концерт барысынан пікірлесу көп болмады. Жоспар бойынша Димаштың қатысуымен және оған қатысты шаралардың барлығынан тікелей репортаждар жүргізіледі. Қазақстан мәдениеті, өнері туралы қызықты сұқбаттар алынады.

«Біз поляк тыңдаушыларын ұлы Абаймен таныстырғымыз келеді және оның мұрасы туралы бөлісеміз. Радио эфирінен қазақ аңыздары, ертегілері, астарлы әңгімелері беріледі. Біздің тыңдармандарымыздың белсенді  болғанын қалаймыз. Сондықтан олардың қатысуымен көптеген тікелей эфирлер ұйымдастырылады. Мүмкін, біз бәрін ұйымдастыра алсақ, бір күні Димаштың өзі бізге сұхбат береді деген үмітіміз бар.  Біздің фан-клубтың барлық мүшелері бір мүддеге жұмылған ол – Димаштың Польшадағы жұмысын насихаттау мен қолдауға бағытталған. Біздің ең үлкен арманымыз – оның туған жердегі концертіне бару! », – деп фан-клуб әкімшілігі жоспарымен бөлісті.

 

Dimash Kudaibergen FC Poland