Қытайда Димаш тақырыбына арналған үйлену тойы өтті

1072

Қазан айының 4-і күні Гуанчжоу қаласында үйлену тойы өтті. Бас қосқан жастар той тақырыбын Димашқа арнаған. Қалыңдық 2017 жылдан бері қазақстандық әншінің тыңдаушысы. Күйеуі екеуі Димаштың Қытайда өткен алғашқы концертіне бірге барған.

Сяо Ли мен Минг 5 жылдан бері таныс. Минг 2017 жылдан бастап сүйіктісінің Димаштың өнеріне қызығушылығын байқап, қолдау көрсетті. Болашақ жарының көзінен қуаныш көру, ғашық жігіт үшін бақытты сәттердің бастамасы болатын.

Сяо Ли өзініңерекше оқиғасымен бөлісті:

«Димаш Қытайда алғаш рет туған күнін тойлаған кезде, Гуанчжоу Dear-лары бейне құттықтау жазу үшін жиналғанбыз. Менің жанымдағы жігітті көрген қыздар оны Димаштың жанкүйері деп ойлап, таң қалды. Бірақ ол мені қолдау үшін келіп, қасымда жүрді. Содан бері Минг біздің ортада «жалған фанат» деген лақап атқа ие болды.

Димаштың Қытайдағы алғашқы концерті Чаншада өтті. Бұл менің «жалған фанатыммен» барған алғашқы концертім. Алдын-ала билет сатып алдық. Шағын саяхатымызды жоспарлап, жолға шықтық. Желтоқсан айында Чанша күн өте суық болады. Оның үстіне жаңбыр жауды. Минг екеуміз салқын ауа райын ұнатпаймыз. Соған қарамастан ол менімен бірге болды. Димаш жүрген көшеде жүріп, Димаш жеген тофуды бірге жеп, Димаш суретке түскен жерлерде мені суретке түсірді.

Концерт болатын күні біз ерте келдік. Қатты толқып тұрдық. Мен концерт бойы ерекше сезімде болып, сахнадан көзімді ала алмадым. Менің «жалған фанатым»  осы сәттердің барлығын суретке түсіріп, фотограф міндетін атқарды. Концерттен бейнежазба түсіруге көмектесті.

Чаншадағы бұл концерт біздің өміріміз үшін ерекше сәттерге толы болды. Сондықтан үйлену тойын ұйымдастырушы жұбайым екеуміздің есте қалар сәтімізді сұрағанда, «Чаншадағы ғажайып сапар» дедім. Минг екеуміз осы естеліктерді барлығын біздің үйлену тойымызда қайталанғанын қаладық. Және оны достарымыз, отбасымыз, қонақтармен бөлісеміз деп шештік.

Тойда Димаштың әндері шырқалды. Асаба жиналғандарға Минг екеуміздің Чаншадағы Димаштың концертіне барған оқиғамызды айтып берді. «Жалған фанатым» Димаш Қытайға қайта келген кезде мен үшін одан құттықтау жазып, тойда тосын сый жасамақ ойы болғанын айтты.

Өкінішке орай, қазір Димаш Қытайға сирек келеді. Бұл идея жүзеге асыпаса да оның әрекетінің өзі маған қатты әсер етті. Қасымдағы жұбайыма қарап «Ия, мен жар таңдауда қателеспедім» деп ойладым»».