ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" - Dears-тің Балаларды қорғау күніне...

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» — Dears-тің Балаларды қорғау күніне арналған акциясы

Dears "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" - Dears-тің Балаларды қорғау күніне арналған акциясы

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» — Dears-тің Балаларды қорғау күніне арналған акциясы

Димаш Құдайбергеннің Dimash Kazakh Golden Eagle және Феникс Twitter Dears фан-клубындағы жанкүйерлері Одесса балалар үйіне тәттілер, кеңсе және спорт тауарларын табыстады.

24 мамырда өткен қайырымдылық акциясы қазақстандық орындаушының туған күніне және Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылды. Оған Қазақстан, Ресей және Украинадан келген Димаштың жанкүйерлері қатысты.

Бұл Dimash Kazakh Golden Eagle фан-клубының Одесса балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді қолдау мақсатында өткізіп отырған екінші акциясы. Біріншісі 2021 жылдың 16 қаңтарында өткен орындаушының Dimash Digital Show онлайн-концертіне арналды.

Ол уақытта Dears балаларға тәттілер мен жемістер ұсынып, сондай-ақ Димаштың онлайн-концертіне билет сыйлады.

Dimash Kazakh Golden Eagle фан-клубы 2020 жылдың мамыр айында құрылды, бастапқыда оның құрамына Украина, Ресей, Израиль, АҚШ және Қазақстаннан Dears кірді. Кейінірек оларға Димаш шығармашылығының әр түрлі елдер мен континенттердегі жанкүйерлері қосыла бастады.

«Біз сүйікті әртісіміздің шығармашылығын кеңінен тарату үшін Dimash Kazakh Golden Eagle құрдық. Біз үшін фан-клубтар арасындағы серіктестік пен достық маңызды. Димаштың бірлік және достық идеясы біздің жанымызға өте жақын және жүрегімізбен үндеседі. Біз Димашты бүкіл әлем бойынша жақсы көретін адамдармен тілдесуге және олармен танысатынымызға қуаныштымыз.
Біздің акцияға қатысқандардың барлығына тағы да алғыс айтамын! Димаш өзі қатысатын қайырымдылық жобаларын жарнамалауды ұнатпайтынын білеміз. Біз бұл туралы бір ғана мақсатпен жазып отырмыз: сіз келесі жолы бізге қосылғыңыз келуі мүмкін. Егер солай болса, біз өте қуанамыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, жалғыздың үні шықпас», — деп түсіндірді фан-клубтың негізін қалаушы Ольга Богданова.

Соңғы жаңалықтар

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...