ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Абай романстарын алашқа таныту қажет

Абай романстарын алашқа таныту қажет

Әлем Абай романстарын алашқа таныту қажет

Абай романстарын алашқа таныту қажет

Қазақ ұлтының кемеңгер ақыны, ойшыл қаламгері Абай Құнанбайұлының өлеңдеріне жазылған романстар бар. Ал бұл жаңалық біреуге мәлім болғанымен, біреуге таңсық болуы мүмкін. Өйткені, музыкалық, шығармашылық ортада ғана белгілі ол шығармалар нотаға түсіріліп, Қазақстан Композиторлар одағында тіркелгенімен, осы күнге дейін үлкен сахналарда орындалмаған.

«Жарқ етпес қара көңілім» романсы «Абай жолы» шығармасындағы Абай мен Тоғжанның соңғы кездесуін көз алдымызға келтірді». Бұл – композитор Сыдық Мұхамеджановтың тырнақалды туындысына бұлбұл әнші Күләш Байсейітованың берген бағасы. Абайдың ішкі толғанысын дәлме-дәл суреттеген кең тынысты романс Ермек Серкебаевтың орындауымен музыка тарихынан ойып тұрып орын алған.

Десе де, ойшыл ақынның сыршыл сезімге толы лирикалық өлеңдеріне жазылған өзге де классикалық шығармалардың бар екенінен көпшілік бейхабар. Хакімнің өлеңіне жазылған белгілі композитор Әбілахат Еспаевтың «Мен сәлем жазамын…» романсын кәсіби музыканттар ғана білуі мүмкін. Нотасы түсірілген туындыны таза табиғи дауыста орындаған Абай атындағы опера және балет театрының солисі Болат Бөкенов: «Абайдың бұл романстары үлкен сахналарда орындалуы тиіс», деген пікірде.

Өкініштісі, осындай құнды дүниелер әзірге абайтанушылардың назарынан тыс қалып тұр. «Ұлы ақынның өлеңдерінде ән қандай болу қажеттігі жан-жақты жеткізілген. Ең басты айтатыны сол – Абайдың әні ойлы, есті болу керек. Яғни, Абайдың түсінігінде ән адамға ой салуы керек, ол терең мазмұнды болғаны жөн. Міне, осы орайда, егер Абай айтқан ән моделін, «құлақтан кіріп, бойды алатын» үздік ән үлгісін көбірек насихаттасақ, әрине біздің қоғамымыздың музыкаға деген көзқарасы басқаша болар ма еді?!», дейді Абайдың музыкасын зерттеуші Әлия Сабырова.

Енді композитор Мәкәлім Қойшыбаев жазған «Құйқылжыр көңіл құсы шартарапқа» атты Абайдың тағы бір романсына назар аударып көрелік. Бір қызығы, бұл шығарма туралы музыкатанушылар ешқандай тұщымды пікір білдірмеген. Ғаламторда да жарытымды мәлімет жоқ. Десе де, ақынның көбесі сөгілмеген мұраларының қатарын толықтырып тұрған бұл туынды ақынның 175 жылдық мерейтойында халқымен қауышса деген игі тілек бар кеудеде.

 

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Италиядағы жанкүйерлері мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді

22 шілде күні Димаш Құдайбергеннің Италиядағы Italian Dears фан-клубының мүшелері Колоньо-Монцезеде (Италия) Caritas қайырымдылық орталығына барып, өмірлік қиын жағдайға...

Мексикада Димаш Құдайбергеннің әуе шарларынан 4,5 метрлік мүсіні жасалды

Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасы елдеріне жоспарланған концерттік туры қарсаңында әншінің Мексикадағы жанкүйерлері ерекше шығармашылық жобаны жүзеге асырды. Мексикалық Dears қауымдастығының...

Димаштың әндері Мексикадағы FIFA Fan Fest фестивалінде шырқалды

2026 жылғы FIFA футболдан әлем чемпионаты аясында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы Сапопан қаласында (Халиско штаты) өткен FIFA...

Латын Америкасындағы Димаштың жанкүйерлері Венесуэладағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін күш біріктірді

Димаш Құдайбергеннің халықаралық жанкүйерлер қауымдастығы тағы бір мәрте қайырымдылық бастамасы аясында бірігіп, 24 маусымда Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністерінен...

Испанияда Димаштың жанкүйерлері мен қазақ диаспорасы өкілдерінің кездесуі өтті

Мадридте Димаш Құдайбергеннің испаниялық фан-клубы мүшелері мен қазақ диаспорасының өкілдері бас қосты. Кездесу барысында қатысушылар өнер иесінің шығармашылығын, оның...