Антарктида жылынып келеді

1340

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (WMO) Антарктидадағы жылы ауа температурасының жаңа рекордтық көрсеткішін жариялады.

«Эсперанса» ғылыми-зерттеу станциясының зерттеуі бойынша, 2020 жылғы 6 ақпанда Антарктидада ауа райы 18,3 Цельсий градусқа дейін жылыған. Бұған дейін ең суық континенттегі жылы ауа температурасының рекорды 2015 жылдың 24 наурызында тіркелген екен. Ол кезде «Эсперанса» станциясының термометрлері 17,5 градусқа дейін көтерілген.

Ғалымдардың айтуынша, Антарктиданың климаты басқа континенттерге қарағанда әлдеқайда тез өзгеріп жатыр. Мұндай климаттық күрт өзгерістер мұздықтардың еруіне және теңіз деңгейінің көтерілуіне ғана емес, сонымен қатар сол құрлықта өмір сүретін жануарлардың денсаулығына да зиянын тигізуі әбден мүмкін.

Айта кетсек, мұзды континенттегі ең қатты аяз 1983 жылы тіркелген. Ол кезде ауа температурасы −89 градусқа дейін төмендеді.