2024 жылдың желтоқсанында Ақтөбеде «Ecomed» адам репродукциясы клиникалары желісінің жаңа клиникасы ашылды. Биылғы жылы клиника 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы уақыт ішінде клиника 30 мыңнан астам нәрестенің дүниеге келуіне себепші болды.
DimashNews редакциясы биология ғылымдарының докторы, «Ecomed» клиникалар желісінің ғылыми директоры, профессор Салтанат Байқошкаровамен клиниканың осындай әсерлі нәтижелерге қалай қол жеткізгені, жұмыста қандай инновациялар қолданылатыны және соның нәтижесінде қандай армандарға қол жеткізгені туралы әңгіме-сұхбат жүргізді.
Салтанат Берденқызы клиниканың негізгі жетістіктері және Қазақстандағы репродуктологияның дамуы туралы айтып берді:
«Ecomed» экстракорпоральды ұрықтандырудың (ЭКҰ) алғашқы шағын зертханасы Қазақстанда 1995 жылы сәуірде тіркелді. ЭКО әдісімен дүниеге келген алғашқы қазақстандық сәби 1996 жылы 31 шілдеде дүниеге келді. Бұл қыз жақында 29 жасқа толады.
Басында көптеген қиындықтар болды. Себебі біздің клиника Тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп жатты. Қазір «Ecomed» – Қазақстанның түрлі қалаларындағы 14 репродукция клиникасының үлкен желісі. Инновациялық репродуктивті технологиялар академиясында біз мамандарды өзіміз оқытамыз. Оның ішінде 2-3 жыл ішінде гинекологтардан репродуктологтарды дайындасақ, биологтардан – эмбриологтар, генетиктер және криобиологтарды дайындаймыз. Осылайша, 30 жыл ішінде біздің штат 3 адамнан 600 қызметкер-энтузиастарға дейін өсті. «Ecomed» клиникалары Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Түркістан, Павлодар, Тараз, Орал, Ақтөбеде жұмыс істейді.
30 жыл ішінде әлемде және Қазақстанда репродуктивті медицина және биология саласында үлкен прогресс болды. Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығы (ҚРМҚ) жыл сайын Қазақстанда конференциялар өткізіп, үздіксіз медициналық білім беруді, біліктілікті арттыруды қамтамасыз ете отырып, Халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысуда.
Осы жылдар ішінде жаңа технологиялардың – эмбриондардың имплантацияға дейінгі генетикалық диагностикасының, жұмыртқа мен эмбриондардың криоконсервациясының дамуына байланысты өнімділік 15-20% – дан 60-70% – ға дейін өсті. Нәтижесінде эмбриондарды бір-бірлеп тасымалдауға мүмкіндік беріп, бұл бірнеше жүктілікке байланысты асқынуларды азайтты.
Сіздердің клиникаларыңыз жайлылығымен және сапалылығымен танымал. Соған сәйкес сіздер қызметтің жоғары деңгейін сақтай отырып, пациенттеріңіздің әл-ауқатына қалай қамқорлық жасайсыздар? Соңғы бірнеше жылда сіздердің клиникаларыңызда репродуктивті медицина саласындағы қандай инновациялар енгізілді?
Өткен жылы біз Алматыда әлемдегі ең жаңа жоғары технологиялармен жабдықталған жайлылық деңгейі жоғары New Generation Clinic (NGC) by Ecomed халықаралық деңгейдегі премиум-класс клиникасын аштық. Ақтөбедегі ашылған жаңа клиникада сондай сервис пен жабдықтың жоғары деңгейі көрсетіледі.
Біздің клиникаларымызда әлемде бар барлық жаңа технологиялар енгізілді. Атап айтсақ: эмбриондарды, жұмыртқаларды, ер адамның биоматериалдарын криоконсервациялау, хромосомалық патологияларға, моногендік ауруларға қанды генетикалық тексеру.
Бізде таза бөлме жүйелері, жасанды интеллект пен бейнебақылау бар инкубаторлар енгізілді. Қазақстанда тек біздің клиникаларымызда ғана осы көпфункционалды EmbryoScope+ инкубаторлары қолданылады. Осылайша, жұмыртқа мен эмбриондар әйел денесіндегі жағдайларға мүмкіндігінше жақын жағдайда болады. «Таза бөлме» жобасы-бұл өте қымбат технология, бұл арнайы сүзгілер арқылы ауаны бірнеше рет тазартатын арнайы микроклиматы бар бөлме. Ұрықтанған сәттен бастап 5-6 күнге дейін – эмбрионның жатыр қуысына ауысу уақыты мен олардың дамуына бейне бақылау жүргізіледі.
Ер адамда бедеуліктің ауыр түрі болған жағдайда уролог-андролог сперматозоидтары бар тіндерді іздеу үшін ер адамның аталық безіне микрохирургиялық операция жасайды, содан кейін оны эмбриологтарға береді. Әрі қарай, эмбриологтар сперматозоидтарды тауып, жұмыртқаны ұрықтандырудың микро-манипуляциялық, микрохирургиялық әдісін жүргізеді.
Бұл ICSI әдісі аналық жасушалардың қосылуымен қиындықтарды жеңе отырып, жұмыртқа цитоплазмасына бір отырықшы сперматозоидты тікелей «жеткізуге» мүмкіндік береді.
Соңғы онжылдықтарда Қазақстанда репродуктивті денсаулық пен ЭКҰ-ға қатысты қандай өзгерістерді байқадыңыз?
Қазір адамдар білімді. Интернетте де көп ақпарат бар. Жастар репродуктивті денсаулыққа байыпты қарайды. Отбасын жоспарлау үшін олардың мүмкіндіктерін бағалау мен репродуктивті әлеуетті анықтау өте маңызды. Табиғи заңдылыққа сәйкес жастар 30 жасқа дейін кем дегенде 2 бала туып, 35 жасқа дейін репродуктивті функцияны аяқтаған жөн. Бірақ қазіргі өмірдегі бәсекелестік жағдайлары бұл процесті кейінге шегеруде. Өйткені адамдар кеш үйленеді немесе балалы болуды кейінірек жоспарлайды.
Әрине, жұмыртқаларды, сперматозоидтарды мұздату сияқты сәбилі болудың бірнеше бағдарламасы бар. Бірақ біз бұны көбіне жарнамаламаймыз. Өйткені ол әйелден ЭКҰ-ның толық бағдарламасын өтуді, үлкен материалдық шығындарды талап етеді. Нәтижесінде, әйелге физикалық тұрғыда белгілі бір деңгейде әсер етеді. Мұндай бағдарламалар онкологияда адам химио-сәулелік терапиядан өткен еді. Бұл технология әйел қалпына келгеннен кейін өз балаларын дүниеге алып келуге мүмкіндік береді. Ер адамға сперматозоидтарды криоконсервациялау оңайырақ, өйткені мұздату оңай және материалдық жағынан арзан болғандықтан тұқымдық сұйықтық табиғи түрде шығарылады.
Болашақта бала туудың қиындықтарын болдырмау үшін отбасын уақытында құруға және табиғи уақытта репродуктивті функцияны жүзеге асыруды дұрыс деп санаймын.
Клиника Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі тұрғындарға өз қызметтерінің қолжетімділігін арттыру үшін қандай қадамдар жасауда?
ЭКҰ қолжетімділігін арттыру үшін біз ірі облыс орталықтарындағы клиникалар желісін кеңейтудеміз. Он төрт клиниканың алтауында үлкен зертханалар бар, қалғандары пациенттерді ЭКҰ-ға бірнеше күн ғана келу керек болатындай етіп дайындайды.
Репродуктивті медицинаның тек ЭКҰ ғана емес, басқа да әдістері бар екеніне назар аударғым келеді. ЭКҰ жүктілікке жетудің жалғыз әдісі тек осы технология болған кезде немесе емдеудің барлық басқа мүмкіндіктері таусылған кезде, ерлі-зайыптылар барлық кезеңдерден өтіп, осы бір ғана нұсқа қалған жағдайларда қолданылады. Бұл жағдайлар өтініштердің шамамен 40% құрайды. Қалған 60 % табиғи ұрықтандыруға қол жеткізуге болатын басқа да көмек түрлерін көрсетеді.
ЭКҰ бағдарламасын қолдау үшін мемлекет квота да бөледі. 2021 жылдан бастап бұл шамамен 7 мың квота бөлініп, мұндай бағдарламалардың нәтижесінде жыл сайын 3 мыңнан астам бала дүниеге келіп жатыр. Біздің желіміздің төрт клиникасы квоталық бағдарламаларды іске асырып жатыр. Басқа клиникаларды тарту да жоспарда бар.
Клиникада ерекше қажеттіліктері бар немесе қиын жағдайларға тап болған науқастарға арналған бағдарламалар бар ма? Сіздердің клиникаларыңыздың арқасында болған ең әсерлі және шабыттандыратын оқиғалар туралы айта аласыз ба?
Әр отбасы өзінше ерекше… Біз жетекші дәрігерлердің консилиумдарында күрделі жағдайларды қарастырып, ең қолайлы технологиялар мен әдістерді таңдай отырып, осылайша шешімді бірге табамыз.
Біздің мамандар, посткеңестік кеңістіктегі сияқты пациенттер үшін өте қол жетімді. Олар тек ең білікті дәрігерлер ғана емес, сонымен қатар психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді, отбасылық кеңесшілерді де біріктіреді. Олар бір адамда бірнеше мамандар және пациенттерге адами, туыстық, рухани жақындығы да бар адамдар.
Менің тәжірибемдегі ең есте қаларлық жағдай болды. Көп жыл бұрын клиникамызға ЭКҰ жасатып, нәтижесі алты рет сәтсіз аяқталған бір әйел келді. Біз өз клиникамызда екі рет сәтсіз аяқталған тәжірибе жасадық, содан кейін бұл жұп көзден таса болды.
Міне, бір күні жұмысқа бара жатып, сол жұп есіме түсіп кетіп, қоңырау шалдым. Мен қоңырау шалып, циклдің қай күні екенін сұрадым (уақыттың тақап қалған болатын), бірақ әйел ораза ұстап жүргенін айтып, кейінге қалдыруды шешкенін айтты. Айта кету керек, психологиялық тұрғыдан алғанда, әрбір жасап жатқан әрекет өте күрделі оқиға, тиісінше сәтсіздіктерді әр жұп әрқилы қабылдайды…
Мен жұмысқа келген кезімде, кенеттен алдымда жаңағы жұптың тұрғанын көрдім. Олар: сіз өзіңіз қоңырау шалғаннан кейін және етеккір циклінің басталуымен тұп-тура келген екен, демек ЭКҰ-ның келесі әрекеті үшін өте қолайлы уақыт. Сондықтан бәрі сәйкес келсе, мүмкін бұл бізге беріліп жатқан белгі шығар,- деді. Алдыңғы екі әрекеттегі проблемаларды ескере отырып (эмбриондарды тасымалдау кезінде жатыр қуысына өтуде үлкен қиындықтар болды), бұл жолы мен пациентке денені босаңсыту үшін қысқа мерзімді наркоз беруді жөн санадым. Ал бұл әдіс эмбриондарды жатыр қуысына өте оңай тасымалдауға көмектесті. Ол кезде эмбриондарды криоконсервациялаудың жоғары тиімді әдісі болмағандықтан, біз барлық қолайлы эмбриондарды отырғыздық. Бірнеше аптадан кейін ата-ананың үйлену тойының 10 жылдық бақытына орай жүктілік сынағы оң нәтиже бергенін хабарладым. Осылайша, тоғызыншы рет талпынып көргеннен кейін ғана олардың отбасына бір емес, бірден үшем-үш қыз дүниеге келді. Ал екі жылдан кейін олар тағы да біздің көмегімізге жүгініп, бұл жолы бірінші талпынысымызда-ақ оң көрсеткіш көрсетіп, ұл бала дүние есігін ашты. Бүгін қыздарымыз 17 жаста. Олар өткен жылы әлемнің үздік университеттеріне оқуға түсті. Ал «қара баламыз» 14 жаста.
Біздің клиникаға басқа елдердің азаматтары да жүгінеді. 15 жыл бұрын ерлі-зайыпты болып ересек қыз бала тәрбиелеп отырған араб елінің бір елшісі келді. Олардың екінші рет бала сүйе алмай жүргеніне 15 жылдай уақыт болған екен. Әйелі екеуі қыздың артынан мұрагері болғанын қатты қалаған еді. Біз оларға көмектестік. Ал қазір әрбір кездесуде ол алғысын жаудырып жатады. ЭКҰ-да Құранмен ешқандай қайшылық жоқ, ана мен әкенің «туған» биоматериалы.
Соңғы қызықты оқиғалардың бірі – Мичигандағы әріптестеріміздің үндеуі болды. Американдық медицина университетінің биолог ғалымдары Қытайдан шыққан қазақтар болатын. Америкада жүргізілген екі сәтсіз ЭКҰ әрекетінен кейін 38 жастағы ерлі-зайыптылар біздің ортақ таныстарымыз арқылы бізден кеңес сұрады. Онлайн бір жарым сағаттық әңгіме нәтижесінде мен қажетті ақпараттың бәрін анықтап, ол жұпты Қазақстанға шақырдым. Әйел мұнда үш айдай болды. Ал ер адаммен процедураларды екі күнде өткіздік. Ол жұмысына шұғыл кету керек болғаннан соң, оның сперматозоидтарын мұздатып қатырып алып қалдық. Үш айдан кейін ол ЭКҰ-ның алғашқы әрекетінен-ақ бала көтеріп, Америкаға оралды. Қыз туды, қазір қызымыз екінші жаста.
ЭКҰ процедурасы туралы ойланып, бірақ әлі де күмәнданып жүрген жұптарға қандай кеңестер берер едіңіз?
Мен барлығына ЭКҰ-ға баруға кеңес бермеймін. Оның орнына бірінше репродуктологқа баруға кеңес беремін. Репродуктолог бедеулікті емдейтін заманауи білімі бар білікті гинеколог. Дәрігер нақты қандай әдіс қажет екенін анықтайды. Мүмкін оларға ЭКҰ-ға барудың қажеті жоқ шығар.
Егер сіз жас жұп болсаңыз, бірақ контрацепциясыз 12 ай ішінде жүктілік болмаса маманға хабарласуыңыз керек. Егер ерлі-зайыптылар 35 жастан асқан болса, емханаға жүгіну үшін алты ай да жеткілікті.
ЭКҰ-ның өзінен қорқудың қажеті жоқ. Ол іс жүзінде қауіпсіз және жоғары деңгейде тиімді. Егер сіз гормоналды стимуляциядан қорқатын болсаңыз, процесті табиғи циклде жүргізуге болады. Тек бұл жағдайда эмбриондардың жеткілікті мөлшерін алу үшін көбірек тәжірибе жасау қажет болуы мүмкін. ЭКҰ-ны минималды ынталандырумен де жүргізуге болады.
Біздің мамандар дәлелді медицина принциптері негізінде жұмыс істейді, яғни олар қажет емес нәрсені тағайындап, сіздің материалдық, физиологиялық және психологиялық ресурстарыңызды шығындамауға тырысады. Репродуктологқа барудан бастағаныңыз жөн, содан кейін олар сізге диагностика мен емдеу бағдарламасын жазып береді.
2024 жылдың желтоқсанында Ақтөбеде «Ecomed» адам репродукциясы желісінің клиникасы ашылды. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Қанат пен Светлана Айтбаевтар медициналық орталықтың салтанатты ашылуына қатысты.
«Біз клиниканың ашылуына бүгінде балаларына үлгілі тәрбие беріп отырған, бақытты ата-ана атанып отырған бұл ерлі-зайыптыларды құрметті қонақ ретінде шақырдық. Әлемге танылып, аты аңызға айналып үлгерген тұлға – біздің Димашты сыйлаған Қанат пен Светлана Айтбаевтар жас ұрпақты дәстүрлі тұрғыда тәрбиелегендігімен танымал. Біз дәл осындай кісілердің репродуктивті денсаулық бағытында жұмыс істейтін жаңа клиниканың ашылуының символына айналғанын қаладық», – деп биология ғылымдарының докторы, «Ecomed» адам репродукциясы клиникалары желісінің ғылыми директоры, профессор Салтанат Байқошкарова DimashNews редакциясымен өз пікірін бөлісті.