ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Аргентиналық оқушылар Қазақстанды Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы арқылы танып-білді

Аргентиналық оқушылар Қазақстанды Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы арқылы танып-білді

Dears Аргентиналық оқушылар Қазақстанды Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы арқылы танып-білді

Аргентиналық оқушылар Қазақстанды Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы арқылы танып-білді

Аргентинаның Эсейса қаласында жүзеге асырылған ерекше білім беру жобасы аясында мектеп оқушылары Қазақстанның мәдениетімен танысып, өз елінің тарихын зерделеп, жеке және ұлттық бірегейлік мәселелерін жан-жақты қарастырды.

Жобаның авторы – Паола Ромина Профета есімді оқытушы болды. №13 мектептің оқушылары бір оқу жылы бойына «Есімдер мен бірегейлік: Қазақстанмен танысудан өз өмірлік жолыңды таңдауға дейін» атты зерттеу-білім беру жобасын жүзеге асырды.

Жоба «Қазақстан» атауының мағынасын ашумен бастау алды. Ел атауының шығу төркінін, Қазақстанның тарихын, дәстүрлерін, музыкалық мұрасы мен мәдени құндылықтарын зерттеу барысында оқушылар біртіндеп өздерінің ұлттық бірегейлігін зерделеуге көшіп, «Аргентиналық болу нені білдіреді?» деген мәселеге жауап іздеді.

Жоба барысында Қазақстан мен Аргентина арасындағы ұқсастықтарға ерекше назар аударылды. Оқушылар Шарын шатқалы мен Кебрада-де-лас-Кончас, Қайыңды көлі мен Вилья-Трафуль, сондай-ақ Торыш аңғары мен аргентиналық Айлы аңғар табиғи нысандарының ерекшеліктерін салыстырмалы тұрғыдан талдады.

Жобаның маңызды бөлімдерінің бірі Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын зерттеуге арналды. Оқушылар әншінің «Love’s Not Over Yet» бейнебаянын көріп, оның көркемдік мазмұны мен идеялық құрылымына талдау жасады. Сонымен қатар олар туындының ықтимал жалғасын өз көзқарастары негізінде ұсынып, әртіске хат жазып, оны Аргентинаға келуге шақырды.

Жобаны ұйымдастырушылардың пікірінше, Димаш Құдайберген оқушылар үшін табиғи дарыны, қажырлы еңбегі мен өз ұлтының құндылықтарына деген құрметі арқылы халықаралық деңгейде танылған тұлғаның жарқын үлгісі болды.

Келесі кезеңде оқушылар өз есімдерінің шығу тарихын зерттеп, олардың қойылу себептерін анықтады. Сонымен қатар, оқушылар «Мен кіммін?» және «Мен қандай адам болғым келеді?» деген іргелі сұрақтарға жауап іздеуге тырысты.

Жобаның қорытынды нәтижесі ғылыми жәрмеңке барысында көпшілікке ұсынылды. Көрмеде Қазақстан мен Аргентинаға арналған экспозициялар, екі елдің табиғи және мәдени ерекшеліктерін салыстырмалы түрде сипаттайтын материалдар, сондай-ақ оқушылардың өмірлік мақсаттары, құндылықтары мен армандары туралы зерттеу нәтижелері таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...