ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық «Baqytty Bala – 2025» балалар вокалдық байқауының финалистерінің есімдері...

«Baqytty Bala – 2025» балалар вокалдық байқауының финалистерінің есімдері белгілі болды

Басты жаңалық «Baqytty Bala – 2025» балалар вокалдық байқауының финалистерінің есімдері белгілі болды

«Baqytty Bala – 2025» балалар вокалдық байқауының финалистерінің есімдері белгілі болды

18-24 тамыз аралығында қазақ музыка өнерін әлемге танытқан ұлы композитор Ахмет Жұбановтың және Қазақстан Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің туған жерінде алтыншы рет «Baqytty Bala – 2025» ашық балалар вокалдық фестиваль–байқауы өтеді.

2018 жылы өңір әкімінің бастамасымен басталған бұл фестиваль жыл сайын Ақтөбе облысы әкімдігінің және «ДимашАли»шығармашылық орталығының қамқорлығымен Ақтөбеде өтеді.
___

Қазылар алқасы қатысушылардың аудио және бейнежазбаларын қашықтықтан бағалаған байқаудың бірінші кезеңінде Чехия, Франция, Ұлыбритания, Колумбия, Литва, Беларусь, Молдова, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, сондай — ақ Қазақстанның түрлі қалалары мен облыстарынан 200-ден астам өтінім жиналды.

Байқаудың екінші кезеңі Ақтөбедегі «Өнер орталығы» концерт залында офлайн форматта өтеді. Финалистер бір ана тіліндегі және бір әлемдік (немесе авторлық) екі композицияны орындайды.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша байқаудың финалистері:

Лев Смертин (Молдова), Сафина Самиева (Қырғызстан), София Рустамова (Беларусь), Лайло Хафизова (Өзбекстан), София Фадеева, София Асадулина, Арсений Бардин, Кирилл Усов, Алина Аракелян Ресейден және Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген қатысушылар атанды.

Фестивальде Әлихан Нұрлыбек (Астана), Мирас Нағашыбай (Алматы), Кәусар Медерқұл (Тараз), Мөлдір Базарбай (Орал), Әлихан Өтеген (Талдықорған), Айару Кимағанбет және Ақтаудан Амина Асгатова, Атыраудан Абылай Нұрсұлтан мен Нұршат Құсанова, сондай –ақ Ақтөбеден Азамат Орынғали мен Мөлдір Әбдірова өнер көрсетеді.

– Финалға қатысушылардың жасы — 11 — ден 16 жасқа дейін.

Байқаудың қазылар алқасы мәдениет пен өнердің көрнекті қайраткерлерін таныстырды:

  • Борис Александрович Стаценко (қазылар алқасының төрағасы) – баритон, «Новая опера» театрының және Евгений Колобов атындағы Үлкен театрдың солисі (Мәскеу қ.), бүкілресейлік байқаулардың лауреаты, «Meistersänger»атағының иегері;
  •  Светлана Ермекқызы Айтбаева-Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Астана қаласы Мемлекеттік Академиялық филармониясының солисі;
  •  Қарлығаш Исақызы Әжиева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер (Алматы қ.);
  • Аллаберген Башбайұлы Жақсабаев – ҚР Мәдениет қайраткері, Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармония жанындағы «Дауыс» вокалдық ұжымының көркемдік жетекшісі (Ақтөбе қ.);
  • Алмагүл Батталиева – «Славян базары–2025» халықаралық байқауының Гран-при иегері, Данеш Ракишев атындағы филармонияның солисі (Талдықорған қ.).

 

 

Байқау жеңімпаздары 23 тамызда «Өнер орталығы» концерт залында өтетін Гала-концертте жарияланады. Басталуы: сағат 16.00-де.

Соңғы жаңалықтар

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...

DIMENSIONS жаңа турының басталуына бір күн қалды: Димаш Құдайберген жаңа шоуын ұсынуға дайын

18 қазанда Димаш Құдайберген DIMENSIONS атты жаңа концерттік турын бастайды. Халықаралық команданың бірнеше айға созылған дайындығы, эксклюзивті шоу мен...