ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Белгілі жапон ток-шоуында Димаш туралы айтылады

Белгілі жапон ток-шоуында Димаш туралы айтылады

Dimash World Белгілі жапон ток-шоуында Димаш туралы айтылады

Белгілі жапон ток-шоуында Димаш туралы айтылады

24 тамызда TBS телеарнасының жапондық танымал «Мацуко үшін белгісіз әлем» бағдарламасында Димаштың «Славян базары- 2018» дегі «S.O.S» қойылымынан үзінді көрсетіледі.

«Мацуко үшін белгісіз әлем» — бұл әр аптаның сейсенбісінде бүкіл ел тамашалайтын Жапонияның ең танымал ток -шоуларының бірі. Бағдарлама алғаш рет 2011 жылы шыққан. Бүгінге дейін барлық жастағы көрермендердің сүйікті шоуына айналды.

Димаш туралы «Дауыс тембрі жоғары әншілер» деген шығарылымда айтылатын болады. Шоу 24 тамызда Токио уақытымен 20:57 Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17:57-де көрсетіледі.

Аңдатпада былай делінген:

«Таңғажайып әрі ерекше дауыстар адамның ойын, санасын тазартады. Сіздерге бүкіл әлем назар аударатын тембрі жоғары әдемі әншілерді ұсынамыз!».

Бағдарлама қонағы әйгілі жапон әншісі Аяка Хирахара. Ол Димаш секілді 2020 жылы Токио джаз фестивалінің қатысушы.

«Мацуко үшін белгісіз әлем» продюсерінің бірі Юто Кохареге Аяка қазақстандық әнші Димаштың орындауынан үлкен әсер алғанын айтты. Продюсер Димаш туралы көбірек білу үшін ол Димаштың Жапониядағы DJFC фан -клубының мүшелерімен кеңескен.

«Юто Кохара бағдарламаға дайындық кезеңінде бізге хабарласты. Біз оған Димаш туралы, оның қай елден екенін, шығармашылық жетістіктері туралы айттық. Бағдарламаның тақырыбы «Жоғары дауыстар» деп жариялан, біз Димаштың жоғары және төмен дауыспен бірдей ерекше шырқай алатын әнші екенін түсіндірдік. Продюсер мұнымен келісті», — дейді DJFC әкімшілері.

Юто Кохараның өзі қазақстандық орындаушы туралы көбірек білу үшін, көп ізденіп, мол мағлұмат алғанына қуанышты:

«Біз Аяка Хирахарамен бағдарламаны жоспарлаған кезде, ол маған Димаш Құдайбергеннің есімін айтты. Оның дауысын естігенде мен таң қалдым. Ол жай әнші емес керемет келбеті мен ерекше әншілік қабілеті бар өнер иесі».

Соңғы жаңалықтар

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің...

Димаштың француздық жанкүйерлері Парижден Қазақстан мектептеріне 100-ден астам кітап табыстады

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына деген қызығушылық француздық жанкүйерлер Надин Пьерро мен Садрин Байи үшін Қазақстанмен жақынырақ танысуға, сондай-ақ екі ел...

Димаш Құдайберген Қарағандыда Кеншілер күніне арналған мерекелік концерттің хедлайнері болды

29 тамызда Қарағанды қаласының Жаңа алаңында Кеншілер күніне арналған ауқымды мерекелік концерт өтті. Аталмыш шарада мыңдаған қала тұрғындары мен...