ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Білім Оазисі: Димаштың жанкүйерлері Малайзиядағы ауылдық мектепте кітапхана ашты

Білім Оазисі: Димаштың жанкүйерлері Малайзиядағы ауылдық мектепте кітапхана ашты

Dears Білім Оазисі: Димаштың жанкүйерлері Малайзиядағы ауылдық мектепте кітапхана ашты

Білім Оазисі: Димаштың жанкүйерлері Малайзиядағы ауылдық мектепте кітапхана ашты

Димаш Құдайбергеннің 30 жылдығына орай Малайзиядағы әншінің фан-клубы жергілікті ауыл мектебінің оқушыларына арналған кітапхана сыйға тартты. Жоба «Білім оазисі» деп аталды. Жобаның мақсаты – мектеп оқушылары мен жергілікті тұрғындардың оқу ортасын жақсарту үшін жаңа кітапхананы қажетті кітаптармен, оқу құралдарымен және құрал-жабдықтармен жабдықтау болатын.

Малайзия Білім министрлігімен бірлесіп және Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің қолдауымен фан-клуб мүшелері мен олардың достары жаңа кітапхананың ашылуына демеушілік жасады. Кітапханаға кітаптар, оқу құралдары, жиһаздар мен жабдықтар, соның ішінде SMART-теледидар мен проектор да сыйға тартылды. Көптілді, атап айтсақ, малай, неміс, испан, орыс, жапон, ағылшын, қытай, араб, корей және француз тілдеріндегі кітаптар мен оқу материалдарына ерекше көңіл бөлінеді.

Жоба 48 демеушінің қолдауы мен Малайзияның түкпір-түкпірінен келген және 4 күн бойы кітапхананы бояуға, жөндеуге және жабдықтауға жұмсаған 12 еріктінің қатысуының арқасында жүзеге асты. «SK Malinsau» мектебі, Ранау, жақын маңдағы 8 ауылдағы 6 мен 12 жас аралығындағы 250-ге жуық оқушыға арналған білім беру мекемесі және жергілікті қауымдастықты біріктіруде маңызды рөл атқарады.

Тапсыру рәсімі 2024 жылдың 20 мамырында мектеп жиналысы кезінде өтті. Dimash Malaysian Dears фан-клубының әкімшісі Сяидатул Сабила Азва Мохд Али фан-клуб мүшелері, мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен мектеп әкімшілігінің көмекшісі Амат Копонгқа кітапхананы табыс етті.

Сяйдатул Сабила Азва және Білім Оазисі жобасының менеджері Адлина Шатира Зайнудин: «Бұл білім берудегі және ауылдық қауымдастықтарды дамытуда мағынасы зор жобалардың бірі болып табылады. Біз Димаш Құдайбергеннің бойындағы қайырымдылық қасиетін ерекше бағалаймыз. Сол себепті, жасөспіріп балалардың санасының дамуына үлес қосқымыз келеді. Осы игі іске үлес қосқан барлық демеушілерге, қолдаушыларға және стратегиялық серіктестерге шынайы алғысымызды білдіреміз», — деп өз пікірін білдірді.

Ал, SK Malinsau әкімшілігінің студенттерімен жұмысы жөніндегі көмекшісі Амат Копонг: «Біз Dimash Malaysian Dears дәл біздің мектебімізді таңдағанына қуаныштымыз. Бұл әсіресе ауылдық жерлердегі оқушыларға үлкен әсер етіп, олардың білімін жетілдіріп, оқуға қолайлы жағдай туғызады», — деді.

Мектеп директоры Джамайн бин Абдул Халин былай деп қосты: «SK Malinsau атынан мен Димаштың жанкүйерлерінің осындай мәнді де мағыналы сыйлығы үшін үлкен алғысымызды білдіремін. Осындай орталықтың пайда болуымен студенттердің оқуға деген қызығушылығы артып, бұл біздің «Мейірімді және ақылды балалар» ұранымызды толықтай растайтынына сенімдімін”, — деп түйіндеді сөзін.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...