Болгарлық «Уикенд» басылымы Димаш туралы жазды

1031

Болгариядағы оқылымы жоғары «Уикенд» газетінде «Әлемнің жаңа кереметі» деген тақырыпта Димаш Құдайберген туралы мақала жарияланды. Онда әлемді мойындатқан қазақ ұлының өнері, шығармашылықтағы жаңалығы және жеке өмірі туралы айтылған.

«Уикенд» апталығы Болгариядағы ең танымал, тиражы көп басылым.

Болгарлық әнші Николай Манолов, 2015 жылы Димашпен бірге “Славян базарына” қатысқан болатын. Ол да қазақстандық жас орындаушы туралы өз ойымен бөлісіп, пікір білдірді.

«Өзінің зор талантына, танымалдылығына қарамастан Димаш өте қарапайым мінезді жігіт. Тәкаппарлығы жоқ, өзгелермен өте мәдениетті, сыпайы сөйлеседі. Ақылды, кішіпейіл әнші», – деді Николай Манолов.