Бразилиялық басылымда Димаш жайлы мақалалар жарық көрді

1224

Рио-де-Жанейроның танымал «Экстра» газетінде Димаш Құдайберген туралы материалдар жарық көре бастады. Авторы –әншінің жанкүйері, тілші Джулия Мария де Ассис. Димаш жайлы материалдар жариялау арқылы Джулия бразилиялықтардың қазақстандық музыканттың шығармашылығына қызығушылығын оятуды көздейді.

«Extra» – Рио-де-Жанейрода 1998 жылдан бері күн сайын жарық көретін бразилиялық басылым.  Жалпымемлекеттік маңызы бар ақпарат құралы әлемдегі ірі коммуникациялық құрылымдардың бірі – «Glodo» компаниясына тиесілі. Газетте денсаулық, мансап, шоу-бизнес, әдебиет, ас мәзірі, отбасылық қарым-қатынас, психология, тағы басқа тақырыптар қамтылған. Газеттің ұраны: «A informação que você escolheu» (Сіз таңдаған ақпарат).

Джулия Ассис Димаштың Бразилиядағы ең ірі әрі жоғары деңгейде ұйымдасқан «DKFCB» фан-клубының белсенді мүшесі болмаса да, солармен бірлесіп жұмыс істейді.

Димаштың Бразилиядағы фан-клубы 2018 жылы қарашада құрылған. Клубты ашу идеясы Риу-Гранди-ду-Сул қаласынан шыққан Ана Паула Лима мен Параибадан шыққан Татьяна Рибейроға тиесілі. Қыздар Димаштың YouTube желісіндегі видеосын көрген бойда дауысына тәнті болған.

YouTube желісіндегі «халықаралық топтың»пікірлер бөлімінде танысқан Ана ПаулаЛимамен Татьяна Рибейротез тіл табысады. Араласа келе достасып кеткен олар қазақстандық әншінің Бразилиядағы фан-клубын құру туралы бастама көтереді.

Димаштың әндері – шынымен де адам сенгісіз дүние. Фан-клубта біз әншінің шығармашылығынан алған әсерімізбен бөлісеміз, Димаштың өнерін өз елімізде кеңінен насихаттағымыз келеді, – дейді Татьяна Рибейро.

Алайда, Димаштың фанаттарының басын қосатын тек музыка ғана емес. Бразилиядағы диарстар әншінің харизмасына, әр тыңдарманына сезілетін кішіпейілділігіне, сонымен бірге, әрине, ерекше мағынаға ие «War and Peace» секілді туындыларына тәнті.

«The World’s Best» реалити шоуына қатысқаннан кейін Бразилияда Димаштың тыңдармандары саны күрт артты. Фан-клуб қатары ұлғайды, бүгінде аккаунттары тек Facebook-те емес, сондай-ақ Instagram, Twitter және YouTube желілерінде де ашылған.