ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Бұл – шекарасы жоқ шексіз музыкалық кеңістік болды»: Петер...

«Бұл – шекарасы жоқ шексіз музыкалық кеңістік болды»: Петер Пейтшик Пласидо Доминго, HAUSER мен Димаш Құдайбергеннің концерті туралы

Dimash World «Бұл – шекарасы жоқ шексіз музыкалық кеңістік болды»: Петер Пейтшик Пласидо Доминго,...

«Бұл – шекарасы жоқ шексіз музыкалық кеңістік болды»: Петер Пейтшик Пласидо Доминго, HAUSER мен Димаш Құдайбергеннің концерті туралы

18 сәуір күні бір сахнада әлемдік деңгейдегі үш өнерпаз – маэстро Пласидо Доминго, Димаш Құдайберген және HAUSER өнер көрсетті. Бұл концерттің негізгі арқауы болған Еуропадағы жетекші симфониялық ұжымдардың бірі – венгриялық Budafok Dohnányi Orchestra болса, ал дирижёрлік тұғырда композитор, аранжировщик әрі дирижёр Петер Пейтшик отырды.

Дәл осы тұлға опералық классика, заманауи вокалдық кроссовер мен аспаптық виртуоздық біртұтас көркемдік тұжырымға тоғысқан музыкалық кеңістікті қалыптастырды. DimashNews редакциясы маэстро Пейтшикпен сұхбаттасып, жобаның жасалу барысы, сахна сыртындағы жұмыстары мен концертке дайындықтың негізгі кезеңдері туралы әңгімелеп беруді өтінді.

Budafok Dohnányi Orchestra (BDO) – Венгриядағы ең серпінді әрі жанрлық тұрғыдан әмбебап симфониялық ұжымдардың бірі. 1993 жылы құрылған және Будафок-Тетень муниципалитетінің қолдауына ие бұл оркестр қысқа уақыт ішінде Еуропалық сахнада беделді күшке айналды. Габор Холлерунг жетекшілігімен оркестр классикалық музыкада да, заманауи туындыларда да, сондай-ақ ауқымды кроссовер-жобаларда да өзін еркін сезінетін ансамбль ретінде танылды.

BDO Хосе Каррерас, Андреа Бочелли, Sting және басқа да көптеген әртістермен бірге өнер көрсетіп, Лист атындағы Музыка академиясындағы және MÜPA Budapest сахнасындағы концерттік сериялардың тұрақты қатысушысы ретінде де танылды. Мұндағы Music+ жобасы концертті музыка мен өнердің өзге түрлерін тоғыстыратын форматқа айналдырды.

Координаттар жүйесіндегі дирижёр әрі композитор Петер Пейтшиктің орны ерекше болды. Ол – академиялық музыкада да, рокта да, кино музыкасы мен кроссовер бағытында да еркін жұмыс істейтін, жанрды шектеу деп білмейтін музыканттардың қатарынан еді.

Бір концерт аясында осыншалықты әртүрлі музыкалық әлемді қалай біріктіруге болатыны жөнінде ол философиялық тұрғыда былайша түйін жасайды:

«Басқа тілді білу – тағы бір рухқа ие болу», – деген екен Ұлы Карл.

«Тілімнің шекарасы – менің әлемімнің шекарасы», – дейді Витгенштейн.

Бұл қағида музыкалық тілдерге де дәл келеді. Егер сіздің қандай да бір айтатын ойыңыз болса, оның мағынасы мен айтар ойына сай келетін ең тиімді тілді таңдайсыз ғой».

Ол Будапешттің және оркестрдің өзі басынан бастап стильдердің тоғысқан кеңістіктігінде орналасқанын атап өтеді:

«Будапешт классикалық әрі заманауи музыканың жарқын аймағы ғана емес, сонымен қатар кино музыкасы индустриясында да маңызды рөл атқарады. Біз осы жерде музыканттарымызбен бірге көптеген халықаралық саундтректерді жаздық. Ал кино музыкасы стильдердің орасан кең спектрін қамтиды, сондықтан біз барлық дерлік жанрлармен жұмыс істеп үлгердік».

Оның айтуынша, дәл осы тәжірибе жанрды еркін форматтағы жұмыстың табиғи бөлшегіне айналдырады:

«Мен өзім де заманауи классикадан бастап прог-рокқа, оперетта мен мюзиклдерге дейінгі әртүрлі стильдерде жазып, өнер көрсетемін. Бұл мүмкіндіктердің барлығы біздің қолымызда болғандықтан, концерттегі түрлі стильдер қиындық туғызған жоқ – керісінше, шығармашылық еркіндікке толы кең кеңістікке айналып, барлығымзға ерекше ләззат сыйлады».

Алайда осындай тәжірибеге қарамастан, Доминго, Димаш және HAUSER деңгейіндегі өнерпаздармен жұмыс істеу дайындық кезеңінің өзінде-ақ аса күрделі міндет екенін атап өтеді:

«Мұндай деңгейдегі солистермен қойылым жасау әрдайым оңайға соқпайды. Дайындық кезеңі, әсіресе жаңа әрі бірегей дүние жасағыңыз келсе, үлкен сынға айналады. Олар әрине, басқа концерттермен жүріп көбіне уақыты бола бермейді, әрқайсысының үлкен командасы бар, сондай-ақ уақыттары да сәйкес келе бермейтіні айқын. Кейде ортақ келісім табу, жұмыс кестелерін үйлестіру, шешім қабылдау немесе өзгерістер енгізу қиынға соғады».

Соған қарамастан, әртістермен тікелей жұмыс істеу бұл қиындыққа кері әсерін қалдырған екен:

«Осыдан олардың өздерімен жеке жұмыс та қиын болады деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ олардың шынайылығы, қарапайымдылығы мен адамгершілігі сізді таңғалдырады. Мәселен, репетиция үзілістерінде біз Димашпен және Мансурмен қуана-қуана импровизация жасадық; ал маэстро Доминго әрдайым оркестрдің шамадан тыс шаршамауын бақылап отырған жағдайлар да орын алды».

Оның ойынша, барлық қатысушылар арасындағы өзара сенім ерекше маңызды болған:

«Дирижёр ретінде мені қатты қуантқаны – барлық солистердің сахнада өздерін сенімді әрі жайлы сезінгендері болды».

Пейтшиктің айтуынша, концерттің энергиясы алғашқы нотадан бұрын-ақ басталған:

«Шынымды айтсам, сахнаға шыққан сәтімде көрерменіміздің реакциясы мені қатты таңғалдырды. Өз құлағыма өзім сенбедім: кейде мұндай қошеметке концерт соңында ғана ие боласың. Сондықтан залмен бірге мұны тексергім келіп, өз уөңілімді былайша білдірдім: “Расымен де өңім бе? Әлде түс бе?” – дедім. Ал олар (яғни сіздер!) одан да қаттырақ шулап жауап берді. Сол сәт бүкіл кештің ырғағын айқындап берді, кейін энергия тек арта түсті».

Оның мойындауынша, бағдарламаны дайындау өте ауыр әрі қарқынды өтті, ал ең күрделі жағдай HAUSER-дің денсаулығына байланысты сахнаға шыға алмауы болды:

«Дайындық шынымен ұзақ әрі қажытатын процесс болды: көптеген шемімдерді жасау, түрлі мақсаттарды орындау, көптеген талап пен қажеттілікті қанағаттандыру керек еді. Қиын сәттер аз болған жоқ, бірақ ең ауыр жағдай – HAUSER-дің мәжбүрлі түрде қатыса алмауы болды.

Бұл мәселені концерт бағдарламасы алдын ала басылып қойғандықтан, аз  ғана өзгеріс енгізу арқылы шешу қажет болды. Соның салдарынан шұғыл түрде жаңа аранжировкалар жасауға, шақырылған солистерді іздеуге, қосымша репетициялар өткізуге, коммуникация жұмыстарын жүргізуге және өзге де көптеген мәселелерді реттеуге тура келді».

Музыкалық қиындықтардың ішінде ол екі шығармаға ерекше тоқталады:

«Дайындық тұрғысынан ең қиын болғаны – Game of Thrones шығармасын соңғы сәтте шұғыл қайта өңдеу еді.

Ал орындау жағынан ең күрделі нөмір – әкесі мен ұлының (Пласидо Доминго және кіші Пласидо Доминго) әсерлі дуэті – Adoro болды. Мен туындыны бастағанда сахнада олардың арасында жылы атмосфера орнағаны сонша, тіпті олардың әнді бастауға эмоционалды тұрғыда әлі дайын емес екені сезілді. Мен мұны бірден сезіп, бірнеше тактіден кейін оркестрді кері қайтардым. Бақытымызға орай, біз мұны тоқтамай-ақ, нөмірді қайта бастамай-ақ іске асырдық. Көрермен мұны байқамады деп үміттенемін».

Бағдарламаның күтпеген әрі маңызды бөлігі ретінде ол Durdaraz композициясының енгізілуін атап өтеді. Бұл шығарма бастапқыда симфониялық форматта құрылмаған екен:

«Біз бәріміз Димаштың кең тынысты, баяу әрі орташа темптегі симфониялық әндерін жақсы көреміз. Бірақ мен концерттің шын мәнінде мазмұнды әрі көпқырлы болуы үшін энергиясы бөлек, жылдам композиция да қажет екенін сезіндім. Сол себепті мен Durdaraz шығармасын таңдадым, өйткені бұған дейін оның симфониялық аранжировкасы болған жоқ.

Сондықтан мен жетіспей тұрған оркестрлік нұсқасын өзім жасадым. Тіпті Мансурдың домбырадағы виртуоздық партиясына ішекті аспаптар тобын қостым. Барлығы осыншалықты сәтті шыққанына өте қуаныштымын».

Соңғы жаңалықтар

«Бұл – шекарасы жоқ шексіз музыкалық кеңістік болды»: Петер Пейтшик Пласидо Доминго, HAUSER мен Димаш Құдайбергеннің концерті туралы

18 сәуір күні бір сахнада әлемдік деңгейдегі үш өнерпаз – маэстро Пласидо Доминго, Димаш Құдайберген және HAUSER өнер көрсетті....

«Шексіз музыка»: Астанада Димаш Құдайбергенге арналған альбомның таныстырылымы өтті

2026 жылғы 22 сәуірде Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенге арналған «DIMASH ҚҰДАЙБЕРГЕН: ШЕКСІЗ...

Димаш Құдайбергеннің Будапешт сахнасында алғаш рет орындауында –«Опера елесі»

«Будапешттегі үш икона» атты концерт көрермендерге кештің басты кейіпкерлерінің жеке орындауларынан ләззат алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар...

«Тенор тартымды, харизмасы жоғары көшбасшы, жеңімпаз болуы керек. Ал сенде бұның бәрі бар», — Пласидо Доминго Димаш Құдайберген туралы

Будапештте өткен концертте маэстро Пласидо Доминго мен маэстро Димаш Құдайберген кештің басты орындаушылары болды. Әрқайсысы жеке композициялар орындап, сондай-ақ...

Будапешттегі музыкалық шоқжұлдыз: Венгрия астанасында Пласидо Доминго мен Димаш Құдайбергеннің қатысуымен «Үш икона» концерті өтті

18 сәуір күні Будапешттегі MVM Dome аренасында бір сахнада опера мен рок, романс пен фолк, скрипка, рояль, виолончель, гитара...