ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Шексіз музыка»: Астанада Димаш Құдайбергенге арналған альбомның таныстырылымы өтті

«Шексіз музыка»: Астанада Димаш Құдайбергенге арналған альбомның таныстырылымы өтті

Dimash World «Шексіз музыка»: Астанада Димаш Құдайбергенге арналған альбомның таныстырылымы өтті

«Шексіз музыка»: Астанада Димаш Құдайбергенге арналған альбомның таныстырылымы өтті

2026 жылғы 22 сәуірде Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенге арналған «DIMASH ҚҰДАЙБЕРГЕН: ШЕКСІЗ МУЗЫКА» атты бірегей кітап-альбомның таныстырылымы өтті.

Іс-шара IX ASTANA Eurasian Book Fair халықаралық кітап жәрмеңкесі аясында өтті. Әртістің командасының атынан Димаш Құдайбергеннің баспасөз хатшысы, DimashNews бас редакторы Анель Нысанбаева қатысты. Таныстырылымның құрметті қонақтары ретінде әртістің жанкүйерлері – Dears.

Таныстырылымның шығармашылық бөлімінде Астана қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясында 2025 жылғы қаңтар айында Димаштың құрметіне салтанатты түрле арнайы ашылған кабинетте жас өнерпаздар өнер көрсетті. Бориш Мырзатай, Боранбаев Бақытжан, Уәли Нұралы Димаштың репертуарындағы «Тау ішінде» әнін орындап берді.

«London Golden Time Talent» халықаралық байқауының І дәрежелі лауреаты, «Арт-парад в Витебске» халықаралық фестивалінің І дәрежелі лауреаты Әлихан Нұрлыбек Димаштың авторлық «Ұмытылмас күн» композициясын орындады.

«Алматыкітап баспасы» баспасы мен «DimashAli» продюсерлік орталығы бірлесіп ұсынған кітап-альбом – әлемдік деңгейдегі өнер иесінің шығармашылығына арналған ерекше басылым. Өз өнерімен миллиондаған тыңдарманның жүрегін баураған әртістің шығармашылық жолы бұл еңбекте жан-жақты қамтылған.

Басылымның басты ерекшелігі – оның ауқымы мен мазмұндық тереңдігінде. 289 беттен тұратын ірі форматтағы бұл кітап оқырманға Димаштың шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Кітаптың әрбір парағында әнгінің сирек фотосуреттері, жарқын сәттері, толғаныстары мен шынайы естеліктері қамтылған.

Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көріп, қысқа мерзім ішінде кең оқырман аудиториясының қызығушылығына ие болды.

Басылымның жарық көргеніне небәрі екі ай уақыт өтсе де, бұл кітарқа деген қызығушылық әлем бойынша қарқынды түрде артып келеді. Әсіресе Қытай, Мексика, АҚШ және Испания елдеріндегі жанкүйерлер тарапынан сұраныс жоғары.

Соңғы жаңалықтар

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...