ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергеннің Будапешт сахнасында алғаш рет орындауында –«Опера елесі»

Димаш Құдайбергеннің Будапешт сахнасында алғаш рет орындауында –«Опера елесі»

Dimash World Димаш Құдайбергеннің Будапешт сахнасында алғаш рет орындауында –«Опера елесі»

Димаш Құдайбергеннің Будапешт сахнасында алғаш рет орындауында –«Опера елесі»

«Будапешттегі үш икона» атты концерт көрермендерге кештің басты кейіпкерлерінің жеке орындауларынан ләззат алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар көптен күткен коллаборациялар мен күтпеген дуэттер аясында әртістер талантының жаңа қырларын ашты.

DimashNews редакциясы концерттегі бірлескен орындаулар туралы кеш қонақтары – опера әншілері Елена Дудочкина мен Виктория Булеевамен сұхбат жүргізді.

«Мұнда алғаш рет әлемдік деңгейде барлық жанрларды шынайы түрде тоғыстыра алғанымызға ерекше қуаныштымын. Димашқа деген ықыласым зор – ол аса мейірімді, шынайы әрі айрықша дарынды музыкант. Осындай ерекше үйлесім жағдайында кез келген музыканы ең жоғары деңгейде орындауға болады. Өйткені дәл осы кезде шын мәнінде жаңа көркемдік құндылықтар туындайды.

Мен классикалық музыкамен өстім, алайда әрдайым джаз, кроссовер мен өзге де стильдерге ықыласым ауып, оларды орындап келдім, бірақ бұл ұзақ уақыт бойы жария етілмеген қырым еді. Қазіргі таңда бұл бағыттардың барлығын да сүйіп орындайтынымды ашық айта аламын. Сондықтан осындай тамаша концертті бірлесіп жүзеге асырғанымызға қуаныштымын.

Димаштың маэстро Пласидо Домингомен дуэті («O Sole Mio» композициясы орындалды) – опера өнері мен заманауи музыка үйлесімінің жарқын үлгісі, өйткені музыка – біртұтас құбылыс. Әрине, мұндай концерттерді жиі ұйымдастыру қажет, себебі мұнда энергетикалық өзара ықпалдастық жүзеге асып, көрерменге берілетін әсер күшейіп, музыкаға деген сүйіспеншілік арқылы түрлі буын өкілдерін біріктіреді.

Димаш пен Пласидо Доминго сынды талант иелерімен бірге «Besame Mucho» шығармасын орындау мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Бұған дейін мен маэстромен бірнеше рет опералық партияларды бірге орындағанмын.

Бұл – нәзік, жеңіл әрі терең сезімге құрылған шығарма, оны орындау барысында көрерменге эстетикалық ләззат сыйлау маңызды. Концерттің финалында біз осы көркем туындыны бірге қабылдап, оның әмбебап экспрессиясына ортақтасамыз», – деп Елена Дудочкина өз әсерімен бөлісті.

Егер «O Sole Mio» және «Besame Mucho» әнін Димаштың жанкүйерлері бұған дейін гала-концерттер мен жеке кештерінде акапелла форматында тыңдаған болса, Эндрю Ллойд Уэббердің атақты бродвейлік «Опера елесі» мюзиклінен алынған дуэтті қазақстандық әртіс алғаш рет орындады. Украиналық опера әншісі Виктория Булеевамен бірге орындалған бұл дуэт концерттің финалындағы басты тосынсыйға айналып, көрермендердің зор ықыласына бөленді.

Виктория Булеева концертке шақырғаны туралы, Virtuosos жобасы, Қазақстандағы «Голос» тележобасына қатысуы мен Димашпен шығармашылық ынтымақтастығы жөнінде баяндап берді.

«Бұл шақырту мен үшін күтпеген әрі аса жағымды жаңалық болды, себебі бұл – ауқымды халықаралық деңгейдегі беделді жоба. Сонымен қатар ол менің шығармашылық жолымның заңды әрі табиғи жалғасы іспетті қабылданды.

Халықаралық жобалар мен телешоуларға қатысқаннан кейін концерт продюсерлері маған өз назарларын аудара бастады. Менің білуімше, олар мықты вокалдық мектептен шыққан, сонымен қоса заманауи орындау мәнеріне ие әртісті іздеген. Ұсынылған материалдар қарастырылғаннан кейін мен Будапештке шақырту алдым.

Командамен тез тіл табысып кеттік, мұнда жоғары кәсіби деңгейдегі мамандар мен дарынды әртістер жұмыс жасайды. Мен үшін өз болмысыңды толық көрсете алатын, музыка, эмоция мен шығармашылық кеңістікті еркін сезіне алатын осындай жобаның бір бөлігі болу үлкен бақыт.

«Опера елесі» шығармасы менің репертуарымда бұрыннан бар және ол мен үшін тағдырыма айналған туынды десем де болады. Мен оны Қазақстандағы «Голос» жобасында орындадым, сондықтан оның мен үшін маңызы ерекше. Бұл тек вокалдық тұрғыдан күрделі шығарма ғана емес, сонымен қатар терең музыкалық драматургияға негізделген туынды.
Шынын айтсам, «Голос» жобасына қатысқан кезеңнен бастап осы композицияны бір күні Димашпен бірге орындау туралы ой туындаған еді. Расымен де, Құдай бәрін естиді екен… Біз Будапештте алғаш кездескенде, мен оған бұл сәтті бес жыл күткенімді айтып бердім. Ал Будапешттегі орындау – туындының жаңа интерпретациясы болды.

Бірқатар орындаушылармен бірлескен шығармашылық жобалар, әсіресе классикалық негіз бен заманауи музыкалық үрдістерді тоғыстыратын кроссовер форматындағы жобалар жасау айрықша қызықты болар еді. Жанрлар тоғысындағы шығармашылық ізденіс маған әрдайым жақын. Әсіресе украиналық Амелия Анисовичтің өнері ерекше әсер қалдырды. Virtuosos ұжымына жас дарындарға көрсеткен қолдауы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

“Голос” жобасы менің шығармашылық жолымдағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Майра Мұхаммедқызымен шығармашылық ынтымақтастығымыз кәсіби қалыптасуымның негізгі белестерінің біріне айналды. Дәл осы жоба аясында мені кең аудитория танып, бүгінгі күнге дейін Қазақстан көрермендерінің ықыласы мен қолдауын терең сезініп келемін. Майра ханым тек вокалдық бағыт-бағдар беріп қана қоймай, музыкалық материалды терең пайымдауға, оны орындаумен шектелмей, көркемдік тұрғыдан «сезіне» білуге баулыды. Ол – аса сезімтал, парасатты әрі талапшыл ұстаз. Әсіресе оның ұсақ детальдарға жіті мән беретіндігі және кәсіби адалдығы мен үшін үлкен мектеп болды. Бұл – өмірлік маңызы бар шығармашылық тәжірибе.

Жанрлық тұрғыдан алғанда, маған ең жақыны – кроссовер бағыты. Опералық вокал мектебі – менің кәсіби негізім, онсыз әрі қарай даму мүмкін емес. Сонымен қатар, әртіс ретінде мен заманауи көркемдік формаларды игеруге ұмтыламын. Мен үшін оперетта жанрының орны ерекше, себебі дәл осы жанрда вокалдық шеберлік, эмоциялық бейнелеу, сахналық қозғалыс пен актерлік ойынды үйлесімді түрде ұштастыруға болады. Бұл бағытта әртістік табиғатты барынша ашуға мүмкіндік бар, әрі ол менің шығармашылық болмысыма өте жақын. Сонымен қатар, мюзикл жанрына да ерекше ықыласым бар. Сүйікті туындыларымның қатарында “Опера елесі”, “Нотр-Дам де Пари”, ал оперетталардың ішінде “Жарқанат” бар. Бұл туындылар кең ауқымымен, мазмұндық тереңдігімен және көрерменмен орнататын эмоциялық байланысымен ерекшеленеді.

Димаштың шығармашылығының бірегейлігі – оның өзіндік музыкалық тіл қалыптастырып, белгілі бір жанр шеңберімен шектелмеуінде. Менің жүрегіме әсіресе оның ауқымды, драмалық сипаттағы композициялары жақын, себебі оларда көркемдік даму, мазмұндық желі мен күшті эмоциялық өріс айқын байқалады. Бұл тек вокалдық орындау ғана емес, тұтас көркемдік тұжырым. Оның “Olympicо”, “Fire”, “Ave Maria”, “Stranger” сияқты туындылары, сондай-ақ “Бесінші элемент” фильміндегі “Diva Dance” композициясын орындауы – жоғары кәсіби деңгейдің айқын көрінісі әрі зор шабыт көзі.

Сонымен қатар, оның орындауындағы “Опера елесі” туындысы – дербес көркемдік құбылыс. Аталған шығарманы дәл Димашпен бірге халықаралық деңгейдегі үлкен сахнада орындау – мен үшін зор мәртебе әрі шығармашылық бақыт. Бұл дуэтті көптеген көрермендердің күткені белгілі, және біз олардың үмітін ақтап, қуатты әрі эмоциялық тұрғыдан әсерлі перформанс ұсына алғанымызға қуаныштымын. Бұл – алдағы шығармашылық жолдың тек бастауы деп сенемін”.

 

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Будапешт сахнасында алғаш рет орындауында –«Опера елесі»

«Будапешттегі үш икона» атты концерт көрермендерге кештің басты кейіпкерлерінің жеке орындауларынан ләззат алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар...

«Тенор тартымды, харизмасы жоғары көшбасшы, жеңімпаз болуы керек. Ал сенде бұның бәрі бар», — Пласидо Доминго Димаш Құдайберген туралы

Будапештте өткен концертте маэстро Пласидо Доминго мен маэстро Димаш Құдайберген кештің басты орындаушылары болды. Әрқайсысы жеке композициялар орындап, сондай-ақ...

Будапешттегі музыкалық шоқжұлдыз: Венгрия астанасында Пласидо Доминго мен Димаш Құдайбергеннің қатысуымен «Үш икона» концерті өтті

18 сәуір күні Будапешттегі MVM Dome аренасында бір сахнада опера мен рок, романс пен фолк, скрипка, рояль, виолончель, гитара...

Астана – көкжиекке бағытталған сапардың соңғы аялдамасы: Voice Beyond Horizon жобасы Қазақстан астанасы туралы баяндап берді

«Voice Beyond Horizon» шоуы қатысушыларды шабыт іздеу мақсатында үш түрлі бағытқа аттандырды. Музыканттарды Назарбаев Университеті, қала бойынша экскурсия немесе...

Будапешттегі оперетта театрындағы түсірілімдер — Димаш Құдайберген Венгрия астанасындағы бірегей концертке дайындықты бастады

18 сәуір күні Будапешт қаласында басты орындаушылар ретінде Пласидо Доминго мен Димаш Құдайберген өнер көрсететін ерекше концерт өтеді. Аталған...