«Дарынды Маха»: Димаштың Dears-тарына жақсы таныс күшік туралы балалар кітабы шықты

1494

Дэлл Тёрнер – Перудегі Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің бірі. Қазір Америка құрама штаттарында тұратын ол керемет иллюстрациялық балалар кітабын жарыққа шығарды. Басты кейіпкер Маха есімді күшік. Бұл күшік Димаштың әлемнің әр түпкіріндегі жанкүйерлеріне жақсы таныс.

2018 жыл – Ит Жылы. Қытайдағы жаңа жыл уақытында Димашқа ерекше челендж ұсынылды. Жыл иесінің суретін яғни, итті бір сызықпен үзбей салу қажет болатын.

Сурет бірден жанкүйерлерге ұнады, Dear-лар оған Маха деген есім берді. Бұл қазақтың «Махаббат» деген сөзінен қысқартып алынған атау. Маха жанкүйерлер арасында бірден танымал болып шыға келді. Димаштың қолымен салынған сурет кейін футболка, сөмке, түрлі заттарға басылды.

Суреттің Дэлл Тёрнер ұнағаны сонша, оған балалар кітабын жазуға шабыт берді. Оқиға желісінің басты кейіпкері де Маханың өзі. Ол өзінің суретші құрбысы Манзанитке (Кристин Артет) ертегіге иллюстрациялық сурет салуды ұсынды. Осылай 2019 жылы «Дарынды Маха» атты кітап жарыққа шықты.

Кітап желісі балалармен ойнағанды ​​жақсы көретін, ересектерге көмектесетін Маха есімді мейірімді, сүйкімді әрі ақылды ит туралы. Маха тұратын кішкентай қалаға бірде дарындылар байқауы келеді. Маха өзінде қандай талант бар екенін білмей дал болады. Бірақ, ол бар! Қандай? Оны білу үшін іздеуге кірісіп, қызық оқиғаларға кезігеді.Оқиға Маханың хикаясымен өрби түседі.

2019 жылдың 10 желтоқсанында Нью-Йорк қаласында Димаштың жеке концерті болды. Осы кезде Дэлл кітаптың көшірмесін әншінің өзіне беріп, бұл ерекше сәт туралы әлемдегі Dear-лармен бөліседі. Кітаптың кейбір бөліктеріңн автор YouTube тағы жеке каналында бөліскен болатын.