ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Дэвис кубогында қазақстандық спортшыларды қолдау үшін Димаштың Латын Американдық...

Дэвис кубогында қазақстандық спортшыларды қолдау үшін Димаштың Латын Американдық жанкүйерлері келді

Dears Дэвис кубогында қазақстандық спортшыларды қолдау үшін Димаштың Латын Американдық жанкүйерлері келді

Дэвис кубогында қазақстандық спортшыларды қолдау үшін Димаштың Латын Американдық жанкүйерлері келді

Уругвайдан, Чилиден және Аргентинаның бірнеше аймақтарынан келген Dears Қазақстан мен Дэвис кубогындағы Аргентина матчы өткен Росариоға барды. Димаштың 40-тан астам жанкүйерлері қазақстандық теннисшілерге үлкен қолдау көрсетіп, бүкіл стадионның назарын аударды.

Dears кездесуінің ұйымдастырушысы Латын Америкасындағы Қазақстан мәдени орталығының директоры Ирина Вагнер болды.

Ирина 1975 жылы Алматыда дүниеге келген және 20 жылдан бері Аргентинада тұрады. Ирина өзінің жаңа тұрғылықты жерінде Қазақстанның мәдениетін ілгерілету ниетімен Росариодағы көпшілік жәрмеңкеде туған жеріне арналған стенд ұйымдастырады.

«Жәрмеңкеде өзімізді таныстырып жүрген кездерімізде, адамдар бізге келіп, Қазақстан туралы, Қазақстанның байрағы мен картадағы нақты орналасқан жері туралы қызығушылық танытып. сұрайтын еді. Ал біз оларға біздің еліміздің жер аумағы Аргентина сияқты үлкен екенін айтқанда олар мүлдем сенбеді. Ал, мені өз елімді көрсету үшін орталық құруға шабыттандырған да дәл осы жағдай себеп болды», — деп еске алады Вагнер.

Сөйтіп, Қазақстанның теннис құрамасы Дэвис кубогына қатысу үшін Аргентинаға келетінін естіген Ирина, төбесінен жәй түскендей болып, қатты қуанады.

Алайда бұл матчта Қазақстан құрамасын қолдап келген жалғыз ол ғана емес еді. Оған Аргентинаның әртүрлі бөліктерінен (Мар-дель-Плата, Кордоба, Энтре Риос, Тукуман), сондай-ақ Чили мен Уругвайдан келген 40-тан астам Димаштың жанкүйерлері қосылады. Олардың қолдауы стадиондағы әрбір адамның назарын аударады. Dears La Era Dimash онлайн радиобағдарламасын жүргізеді, сонымен қатар әншінің әлемді бейбітшілікке шақыратын сөздері жазылған парақшалар да таратады.

«Ұзақ ойыннан кейін Аргентина жеңіске жетеді. Бірақ қазақстандық ойыншылардың ойыны керемет, әсерлі болып есте қалады! Біз Қазақстан халқына қолдау көрсете алғанымызға өте қуаныштымыз», — деп Паола Профета және La Era Dimash радиостанциясының жетекшісі өз ойларымен бөліседі.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің...