ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Американы өнеріне сүйсінтті

Димаш Американы өнеріне сүйсінтті

Dimash World Димаш Американы өнеріне сүйсінтті

Димаш Американы өнеріне сүйсінтті

Дәл қазір Нью-Йорктегі Barclays Center аренаның сахнасында әлемге танымал қазақстандық өнер жұлдызы Димаш Құдайбергеннің концерті үлкен аншлагпен өтіп жатыр, деп хабарлайды dimashnews.com тілшісі.

www.dimashnews.com

Әнші «Arnau tour ENVOY» аясындағы осы жолғы сапарында көрермендеріне жаңа бағдарламасын ұсынуда. Оның барлық қойылымдарынан ұлттық нақыш, қазақтың менталитеті жаңаша кейіпте байқалып тұрды.

www.dimashnews.com

Концерт алдында Димаш концерттік бағдарлама көрермендерге қазақтың төл өнерін қазіргі заманғы интерпретациямен таныстырады деген еді. Десе дегендей-ақ, әншіні бүкіл әлемге қазақ мәдениеті мен музыкасының, тіпті ұлттық болмысының хабаршысындай сезіндіреді.

www.dimashnews.com

«Космос және Әлемнің шексіздігі» атты шоуда Нұр-Сұлтанда өткен жазғы концерттің ең жақсы сәттері қамтылған. Димаш оркестрдің сүйемелдеуімен «Адай» күйін, өзге де композицияларды нәшіне келтіріп орындады. Бағдарлама барысында Бекболат Тілеухан орындайтын «Елім менің» әнінің көрініс табуы көрермен көңілін сергітеді.

www.dimashnews.com

Әлемнің 60 астам мемлекетінен жиналған тыңдарманның Димашпен бірге «Әлемде бірлік болсын!», «Отаным – Қазақстаным» деп ұрандауы, сахна төріндегі алып экраннан Мемлекеттік туымыздың желбіреп тұруы, Димаштың домбырамен күй шертіп отырып, арнайы қондырғымен көкке көтерілуі концертке әр мемлекеттен келген қонақтарға айрықша әсер сыйлады.

www.dimashnews.com

Тіпті, қандастарымыздың көздеріне жас алып, толқуы олардың атажұртқа деген аңсарын, сағынышын аңғартты. Димаш «Дайдидай-ау» әнін бала кезінде әлемге танытуды армандаған болса, бүкіл Американы өнеріне табындырған осынау кеште де бұл туынды көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.

www.dimashnews.com

«Бүкіл концерт бойы тақымымды қысып отырғаным жасырын емес. Ұлы атқа қонса, алаңдамайтын ата-ана жоқ шығар, сірә. Ең бастысы, біз мақсат-мүддеміздің үдесінен шықтық. Қазақстанды танытуды, қазақ жұртының өнерімен тамсандыруды, қазақ мәдениетінің осал еместігін, кез келген мәдениетпен бәсекелесе алатындығын көрсеткіміз келген. Міне, кеш бойындай осындай идеямызға сай, ұлттық нақыш есіп тұрғандығын бәрі байқады деп ойлаймын», деді Димаштың әкесі Қанат Айтбаев. Айта кетейік, Димаш әндерді қазақ, ағылшын, орыс, француз, итальян және қытай тілдерінде орындады.

Соңғы жаңалықтар

«Yazgı»: Димаштың түрік тіліндегі тұңғыш авторлық әнінің жазылу тарихы

3 тамызда продюсер, композитор, әнші әрі көптеген музыкалық шығармалардың авторы Димаш Құдайберген тыңдармандарына түрік тіліндегі алғашқы авторлық туындысы –...

Испанияның El Mundo газеті Димаш Құдайберген туралы көлемді мақала жариялады

Димаш Құдайбергеннің есімі тағы да Испанияның беделді басылымдарының бірінен көрініс тапты. Испаниядағы ірі ұлттық газеттердің бірі – El Mundo...

Димаш Құдайбергеннің «DiMENSIONS» атты әлемдік туры

Димаш Құдайбергеннің жаңа «DiMENSIONS» жобасы – уақыт пен кеңістікті шарлау идеясына негізделген туынды емес, бұл – әртістің болмысын оны...

Аргентиналық оқушылар Қазақстанды Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы арқылы танып-білді

Аргентинаның Эсейса қаласында жүзеге асырылған ерекше білім беру жобасы аясында мектеп оқушылары Қазақстанның мәдениетімен танысып, өз елінің тарихын зерделеп,...

«Aqerke»: Димаш Құдайберген халықтық классиканың заманауи үлгісін ұсынды

2026 жылы 31 шілдеде Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің YouTube арнасында қазақтың халық әні «Aqerke» шығармасының заманауи нұсқасын...