Димаш АҚШ-тың MTV арнасынан өз тілінде ән салған тұңғыш қазақстандық әнші

721

MTV USA арнасынан Димаштың қазақ тіліндегі шырқалған әнінің бейнеклипі көрсетіледі. Ол кәрі құрылықта өнерін мойындатып, қазақ тіліндегі бейнежазбасын ұсынған тұңғыш қазақ әншісі. Клипті  MTV USA арнасының ресми YouTube желісі арқылы АҚШ-тан өзге кез-келген ел тамашалай алады.

«Менің тыңдармандарыма, әлемнің әр түпкіріндегі менің өнерімді бағалайтын жанкүйерлеріме шын жүрегіммен алғыс айтамын. Олар менің бала арманымның орындалуына себепкер болды. Қазақстан ғана емес төрткүл дүниедегі Dear-ларымның қолдауына разымын. Құрметім мен алғысым шексіз!», – деп Димаш өз лебізін білдірді.

Бейнеклип Нью-Йорк уақытымен 17:00 мен 20:00 аралығында жүктелетіні белгілі болды. (Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 03:00 мен таңғы 06:00 аралығы) Бұл Америкада жұмадағы прайм-тайм. Дәл осы уақытта көрермендердің назары MTV арнасына ауады. Қаралымы көп, арна үшін құнды уақыт.

MTV USA ресми каналына тіркеліп, Димашқа қолдау білдірейік:

https://www.youtube.com/user/MTV