ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Димаш Baqytty Bala қатысушылары арасынан өзімен бірге ән айтатын...

Димаш Baqytty Bala қатысушылары арасынан өзімен бірге ән айтатын жас өнерпазды таңдады

Басты жаңалық Димаш Baqytty Bala қатысушылары арасынан өзімен бірге ән айтатын жас өнерпазды таңдады

Димаш Baqytty Bala қатысушылары арасынан өзімен бірге ән айтатын жас өнерпазды таңдады

Ол – Нұр-Сұлтан қаласының 12 жастағы кішкентай әншісі Адель Кұнәділова. Ол ойламаған жерден Baqytty Bala-2021 байқауының арнайы сыйлығына ие болды.

Адель Құнәділова Baqytty Bala-2021
Адель Құнәділова, Нұр-Сұлтан. Baqytty Bala-2021

Жас өнерпаз Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне арнайы шақырту алды. Шақырту ғана емес әлем мойындаған Димаш Құдайбергенмен бір сахнада тұрып ән салу мүмкіндігіне ие болды.

Адельдің өнерін тамашалағандар, оның бұл марапатқа лайық екенін сөзсіз құптап отыр. Қазылар алқасымен бірге көрермендерде оның сахнаға шыққан кездегі энергеткасын сезінді.

Адель Құнәділова елордадағы 72 мектепте білім алады. 7 жасынан бері вокалмен айналысады, түрлі байқауларда бақ сынап үлгерген. Ол «Балалар жаңа толқыны 2021» байқауы жарылай финалының жеңімпазы. «Витебскдегі Славян базары -2021» финалисті. Онлайн өткен «Истоки-2021» халықаралық вокал байқауының 2-ші деңгейлі лауреаты атанды.

«Baqytty Bala байқауына үлкен рахмет, мені шынымен де бұл байқау бақытқа бөледі» жүзі бал-бұл жанған Адель марапатын алып тұрып.

Димаш өзінің таңдауын былай түсіндірді:

«Әдетте осындай байқауларда 2-3 фаворитті жекелейсің, бірақ бұл жолы қиынырақ болды: барлық қатысушы бір-бірінен асып түсті. Соңында мен Адельді таңдадым, және ол, қанатын жайып, менімен бірге концертте әдемі ұлттық әнді орындайды деп үміттенемін».

Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне қатысып, онымен бірге ән салу мүмкіндігі Baqytty Bala байқауының бұған дейінгі қатысушыларына да берілген болатын. Baqytty Bala-2018  байқауындағы бұл номинация иегері ақтөбелік Нарғыз Жанұзақова әншінің Лондондағы концертіне барды, ал, 2019 жылғы Гран-при иегері Әйкерім Тілеубек Нью-Йорк төрінде миллиондаған көрермен алдында Димашпен бірге ән шырқады.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...