ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Арнайы жоба Димаш «Чорнобривці» әнін орындап, украиналықтардың жүрегіне жол тапты

Димаш «Чорнобривці» әнін орындап, украиналықтардың жүрегіне жол тапты

Арнайы жоба Димаш «Чорнобривці» әнін орындап, украиналықтардың жүрегіне жол тапты

Димаш «Чорнобривці» әнін орындап, украиналықтардың жүрегіне жол тапты

Жарқын жүздер, көпшілік хор, сүйікті әншілерімен қосыла ән шырқау, ұрандар жазылған плакаттар мен түрлі елдердің жалаулары, тіпті біреулері қуаныштан көз жасына ерік берген. Украинаның астанасы Киев қаласындағы «Arnau Tour»-дың кезекті концертінде осындай көрініс.

Димаштың музыкалық кеші басталуда, ал көрермендер назары толық сахнада, олар алғашқы әнді асыға тосып отыр. Спорт сарайында бірде-бір орын жоқ, көрермендер лық толы. Олардың біреуі осындай кешке алғаш рет куә болып отырса, біреулері сүйікті әншісінің жанды дауысын тағы бір естуге келген.

Димаш сахнаға украин ұлттық костюмін киіп шығып, залдағы көпшіліктің назарын өзіне аударды. Алдымен украин тілінде қымбатты жанкүйерлерімен амандасқан ол көп күттірмей шоуды бастап кетті.

Әнші шара барысында көпшілікке бүгін ерекше жағдайды бастан өткергенін айтты. Киевтегі концерттің ол үшін шын мәнінде маңызы жоғары, өйткені Димаштың талантын осындағы әділқазылар да, тыңдаушылар да алғашқылардың қатарында мойындаған. 2012 жылы Украинада өткен «Шығыс базары» фестивальінде Димаш әйгілі әрі сүйікті «Дайдидау» әнін баршаға алғаш рет ұсынған болатын. Дәл осы телевизиялық конкурста ол өзінің тұңғыш үлкен жүлдесін жеңіп алған еді.

Бұл концерт Димаштың «Golden» атты жаңа әніне бейнебаян түсіріліп жатқандығымен ерекшеленеді. Бұл музыкалық шоудың ең жарқын және әсерлі үзінділері мен көрермендердің көңіл-күйлерін жинайтын тікелей эфирдегі клип болады.

Аталған картина концепциясының басты идеясы – Димаштың  қымбатты жанкүйерлерімен алтындай бағалы байланысы. Қойылым кезінде Димаштың да, оның тыңдармандарының да ғарыштық үнқатысуы болашақта көпшілікке жол тартатын «Golden» әнінің атауына толық сәйкес келеді.

Димаштың украин тілінде ән шырқағаны жанкүйерлер үшін керемет тосынсый және жағымды жаңалық болғанын да айтуға тиіспіз. Әнші әйгілі украиналық музыкант Володимир Верминич жазған өте әсерлі, көпке танымал «Чорнобривці» әнін орындады, ал оның сөзін аты аңызға айналған ақын Николай Сингаевский жазған.

«Чорнобривці» әні қай кезде орындалса да украиндар арасында ерекше сезім тудырды. Сондықтан да Димаш осы туындыны жоғары деңгейде орындап, концертке қатысқан әр тыңдарманның жүрегіне жол тапты деп білеміз.

Ән аяқталған кезде көрермендер ду қол шапалақтап, ыстық ықыластарын білдірді. Димаштың бұл  композициясы барлығының көңілінен шыққаны соншалық, олар көз жастарына ерік берді.

Димаштың анасы Светлана Айтбаева бұл концерттің шынымен ерекше болғанын айтады.

«Мен де жыладым, қуаныштан, толқығаннан, әрине! Сол сәтте бүкіл зал толы көрерменнің жылап тұрғанын көрдім! «Чорнобривці» әні бүгінгі қонақтардың барлығының жүрегі мен сезіміне әсер етті. Украинаға осылай жылы қабылдап, қошемет көрсеткені үшін аналық пейіліммен алғысымды білдіремін», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» жобасы Астанада аяқталды

23 сәуір күні Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген негізін қалаған әрі атқарушы продюсерлік қызмет атқарған «Voice Beyond Horizon» жобасының...

«Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасының жеңімпазы қазақстандық әнші Нұржас Садырбаев атанды

Қазақстандық өнерпаз Нұржас Садырбаев «Voice Beyond Horizon» жобасында бірінші орынды иеленіп, «Даңқ жұлдызы» атағына ие болды. Аталған жоба Қазақстанның халық...

«Бұл – шекарасы жоқ шексіз музыкалық кеңістік болды»: Петер Пейтшик Пласидо Доминго, HAUSER мен Димаш Құдайбергеннің концерті туралы

18 сәуір күні бір сахнада әлемдік деңгейдегі үш өнерпаз – маэстро Пласидо Доминго, Димаш Құдайберген және HAUSER қатысқан концерт...

«Шексіз музыка»: Астанада Димаш Құдайбергенге арналған альбомның таныстырылымы өтті

2026 жылғы 22 сәуірде Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенге арналған «DIMASH ҚҰДАЙБЕРГЕН: ШЕКСІЗ...

Димаш Құдайбергеннің Будапешт сахнасында алғаш рет орындауында –«Опера елесі»

«Будапешттегі үш икона» атты концерт көрермендерге кештің басты кейіпкерлерінің жеке орындауларынан ләззат алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар...