ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Madison Square Garden аренасында өтетін концертіне орай...

Димаш Құдайберген Madison Square Garden аренасында өтетін концертіне орай Нью-Йорк қаласына келді

Dimash World Димаш Құдайберген Madison Square Garden аренасында өтетін концертіне орай Нью-Йорк қаласына келді

Димаш Құдайберген Madison Square Garden аренасында өтетін концертіне орай Нью-Йорк қаласына келді

1 қазан күні Нью-Йорктегі Кеннеди халықаралық әуежайы Қазақстан және Қырғызстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенді қарсы алды.
Сәнді ұлттық стильдегі киімдер киіп, қолдарына жалаушалар, бейдждер мен баннерлер ұстаған Димаштың жанкүйерлері сүйікті әртістерін әуежайда үлкен ықыласпен қарсы алды.

Кездесуді тағатсыздана күткен Dears қауымы Димаштың әндерін қосыла шырқап, биылғы жаздың хиті — «Тау ішінде» әнін хормен орындап, болашақ концерттердің қызықты сәттерін асыға сөз етті.

Күту залынан көрінген сәтте-ақ Димашты жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алып, гүлдер мен сыйлықтарын тарту етті.

Әртіс жанкүйерлермен емен-жарқын тілдесіп, қолтаңба беріп, бірге естелік суреттерге түсіп, олармен бірге атақты «Besame Mucho» әнін шырқады.

Димаштың көптен күткен «Stranger» атты жеке концерті Нью-Йорктің аңызға айналған сахнасы — Madison Square Garden-де 5 қазан күні өтеді.

Кездескенше, қымбатты достар!

Соңғы жаңалықтар

Түркістаннан шаһарынан алған әсер әнге жалғасты – Димаш Құдайберген «Voice Beyond Horizon» жобасының үшінші эпизодын ұсынды

19 ақпанда Hunan TV және Mango TV платформаларында Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-жобасына қатысушылардың орындауындағы әндер қайтадан...

«Димаш: бір дауыс – мың ел» – Алматы қаласында халық музыкалық аспаптары көрмесінің ашылуы өтті

2026 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Димаш: бір дауыс – мың...

Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа автокөлік сыйлайды

Димаш Құдайберген ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровты Миланда өткен Қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап,...

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне арналған аспаздық шеберлік сабағы өтті

Ақпан айында Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Төтенше және Өкілетті Елші Ерлан Баударбек-Қожатаевтың қолдауымен «Uly Dala Dami» атты қазақ асханасына арналған...

«Voice Beyond Horizon» жобасының екінші эпизодында Димаш Құдайберген әлемге Түркістан шаһарының әсемдігі мен рухани даналығын көрсетті

Мыңжылдықтар бойына келбетін сақтаған қасиетті қала алтын түсті жылы реңкке бөленіп, таң шапағы Түркістан аспанын нұрландырды. Сегіз саяхатшы Қытай,...