ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Хаузер және Димаш Құдайберген орындаған...

Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Хаузер және Димаш Құдайберген орындаған «My Way» музыкалық бейнебаяны «Lovie Awards» жүлдесінің финалына өтті

Dimash World Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Хаузер және Димаш Құдайберген орындаған "My Way" музыкалық...

Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Хаузер және Димаш Құдайберген орындаған «My Way» музыкалық бейнебаяны «Lovie Awards» жүлдесінің финалына өтті

“Virtuosos Talent Show” классикалық музыкадағы жастардың талантын ашуға арналған жоба “Музыкалық видео (фильм және видео)” номинациясында 15-ші жылғы “Lovie Awards”марапатының финалистін ұсынады.

10-шы мерейтойлық “Virtuosos” байқауы аясында төрт маэстро Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Димаш Құдайберген және Хаузердің «My Way» музыкалық бейнеклипі тізімге енді.

«Lovie Awards» — Еуропа аумағындағы интернет пен цифрлық шығармашылық саласындағы үздік жетістіктерді атап өтетін «Webby Awards» сыйлықтарының қатарына кіретін беделді марапат.

«Биыл байқауға 35 елден 1200-ге жуық өтінім келіп түсті. Сондықтан финалға өту біз үшін үлкен мәртебе», – деп мәлімдеді «Virtuosos Talent Show» ұйымдастырушылары.

“Lovie Awards” сыйлығының жеңімпазы тек көрермендердің дауыс беруі арқылы анықталады.

Дауыс беру 16 қазанға дейін жүргізіледі және кез келген адам осы сілтеме бойынша күніне бір рет сүйікті әртістеріне дауыс бере алады:

https://vote.lovieawards.com/PublicVoting#/2025/film-video/general-video/music-video

Соңғы жаңалықтар

Колумбияда алғаш рет: Жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алды

21 қарашада Димаш Құдайберген Колумбияның астанасы Боготаға келді. 22 қарашада әнші осы қалада Колумбия жұртшылығы алдында алғаш рет жеке...

Мехикодағы қос концерт: Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы кезеңін аяқтады

20 қарашада Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік туры аясында Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында екінші концертін берді. «Мексикалық жанкүйерлерімнің бәріне...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...