ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Димаш "Грэмми" жүлдесін жеңіп алған тұңғыш қазақстандық әртісті құттықтады

Димаш «Грэмми» жүлдесін жеңіп алған тұңғыш қазақстандық әртісті құттықтады

Әлем Димаш "Грэмми" жүлдесін жеңіп алған тұңғыш қазақстандық әртісті құттықтады

Димаш «Грэмми» жүлдесін жеңіп алған тұңғыш қазақстандық әртісті құттықтады

«Грэмми-2021» музыкалық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды. Алғаш рет оның лауреаты Қазақстанның өкілі – Иманбек Зейкенов.

Imanbek Грэмми жеңді Иманбек Зейкенов ремикс

2019 жылы Иманбек Зейкенов жасаған SAINt JHN-нің Roses трегінің ремиксі әлемнің жетекші би диаграммаларының көш басында тұрды. 2020 жылдың қараша айында композиция «үздік ремикс» (Best Remixed Recording) санатындағы Грэмми сыйлығына ұсынылғаны белгілі болды. Нәтижесінде 63-ші Грэмми марапаттау рәсімінің нәтижелері бойынша Roses (Imanbek Remix) трегі беделді музыкалық продюсерлердің жұмысын басып озып, өз номинациясын жеңіп алды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Imanbek Musiс (@imanbekmusic)

Қазақстанның музыка индустриясы үшін бұл марапат ерекше оқиға болды. Иманбек Грэммиді алған өз елінің алғашқы өкілі, сондай-ақ классикалық емес музыка санатында осы марапатты жеңіп алған бұрынғы КСРО-дан келген алғашқы музыкант болып табылады.

Бір қызығы, оның ремиксі танымал болғанға дейін Иманбек Павлодар облысының Ақсу қаласында темір жолда жұмыс істеген. Қазір уақытта 20 жастағы қазақстандықтың электронды музыкамен әуестенуі оның негізгі қызметіне айналды.

Иманбек түрлі елдерден құттықтаулар алуда, сонымен қатар Қазақстанда да бұл жаңалық ерекше ықыласпен қабылданды. Еліміздің Президенті әртіске өз құттықтауын жеткізген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Фейсбукте мынадай жазба жариялады:

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілуі жөніндегі жаңалықты зор қуанышпен қабылдады. Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді. Президенттің атынан Иманбекті осы жарқын жеңісімен құттықтаймын және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!» — деді Берік Уәли.

Сондай-ақ, Димаш Құдайберген Халықаралық деңгейде оның шығармашылығына осыншалық жоғары бағаға ие болған тұңғыш қазақстандық үшін мақтаныш сезімін білдірді.

«Алтын бауырым, үлкен жеңісің құтты болсын! Өз талантыңмен біздің халқымыздың мәртебесін көтеріп тастадың!!! Бүгінгі бұл жұлдызды сәтің әлі талай ұзақ жылдар бойы сені алға жетелей берсін! Нағыз қазақтың DJ, ән өңдеушісі болса сендей-ақ болсын! Шаршама, талма, самға! Жарайсың!»

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Иманбек Зейкеновтің жеңісін белгілі ресейлік медиаменеджер Арман Давлетьяров та атап өтті:

«Шын жүректен Грэмми алуыңмен құттықтаймын! Бұл Қазақстан үшін тарихи сәт! Сен жарадың! Бұндай жетістікке жету кез келген музыканттың арманы, ал сен оған 20 жасыңда жеттің, осы бетіңнен тайма! Сенің жеңісіңе шын жүректен қуаныштымын!»

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Arman Davletyarov (@arman_dav)

Атақты француз продюсері және диджей Дэвид Гетта инстаграмда Иманбек туралы жариялымға «Well Deserved» («лайықты») деген пікір қалдырған. Қазақстандық әртіс онымен кәсіби ынтымақтастықты бастап кеткені белгілі.

SAINt JHN — Roses (Imanbek Remix)

***

DimashNews редакциясы да барлық құттықтауларға қосылады. Иманбек Зейкеновтің жеңісі – қазақстандықтардың әлемдік музыка индустриясындағы жетістіктерінің үлкен тарихи бастамасы екеніне сенімді!

Соңғы жаңалықтар

Польшадағы Dears Нан мерекесінде Қазақстан мен Димаштың шығармашылығын таныстырды

23 тамызда Польшадағы Токарняда орналасқан Келецкая ауыл мұражайында Нан мерекесі өтті. Іс-шара аясында Димаш Құдайбергеннің поляк фан-клубының мүшелері ақпараттық...

Димаш өзінің шынайы «меніне» оралу арқылы DIMENSIONS тұжырымдамасын қорытындылайды

Эпилог | Бастау. Кеңістік. Ғаламның шетсіз-шексіз кеңістігі аясында бәсең қанықтықтағы жұмсақ қана жарық Димаштың кескін бейнесінің айқын әрі нәзік сызықтарын...

Қалыптасқан шеңберден тыс кеңістік: Димаш DIMENSIONS жобасының екінші тарауын ұсынады

Екінші тарау | Шекараларды бұзып.. 3D-пиксель фрагменттері әртүрлі өлшемдерден құрастырылғандай әсер қалдыратын кеңістік қалыптастырады. Бөлшектер экран шекарасынан асып шығып, шынайы...

DIMENSIONS: Димаш әлемдік турдың алғашқы тарауының концепциясын таныстырды

1-тарау | Үнемі өзгерісте. Үнемі шынайы Терең әрі мөлдір қызыл түс тек Димашқа ғана арналып жасалған рухтың шеңберлі театрын бойына...

Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Yazgi» синглі шетелдік радиостанциялардың эфирінде кеңінен таралуда. Композиция жарыққа шыққаннан кейін Бельгияның бірқатар радиостанцияларында ротацияға еніп,...