Димаш пен Латвиядағы Рождество мерекесі

2118

Католиктердің Рождество мерекесі қарсаңында Dimash Latvia Dears PIK 100FM радиосымен Димаштың жанкүйерлері үшін  бірнеше тосынсый әзірледі.

25 желтоқсанда Латвияда католик Рождествосы тойланады. Латвиялық Dear-лар маңызды мерекеге бірқатар іс-шара жоспарлады.

Барлығы 18 қарашада Латвия Республикасы Тәуелсіздік күнін атап өткен кезде басталды. Бұл күні Димаштың «Война и Мир» әні Латвияның басты PIK100FM мультиформатты радиосының тікелей эфирінде екі рет шырқалды. Радио Ригадағы бостандық ескерткіші жанындағы орталық алаңда орналасқан. Кейін композиция радиостанцияның тұрақты плейлистінде тұрақтады. Қазір қазақстандық әншінің 5 тілдегі 30 әні ротациялануда. Күн сайын Димаштың 5 трегі эфирге шығады. Бұл бір орындаушы үшін максималды сан.

1 желтоқсанда Dimash Latvia Dear пен Латвияның орыс тілді SWH plus 105,7 FM радиосының «Димаш планетасы» немесе «Махаббатсыз ештеңе қажет емес» деп аталатын бірлескен жобасы басталды. Радионың музыкалық редакторы Дим Харров. Оның «Хорошие новости» бағдарламасына әр елдегі жанкүйерлер құттықтаулар жібереді. Достары мен туыстарына сәлем жолдайды. Димаш туралы, әншінің шығармашылығы жөнінде әңгіме қозғап, оның әндеріне тапсырыс береді.

Тыңдармандардың пікірінше, эфирге Қазақстан, Украина, Ресей және басқа елдерден келген хаттар оқылады. Бұл әншінің шығармашылығын насихаттаудан бөлек, тіпті осындай уақытта бір мақсаттағы адамдарды біріктіреді. Достықты қалыптастырады. Оған куә болуыдың өзі ерекше әсер қалдырады.

14 желтоқсаннан бастап радио SWH plus-те Димаштың «Я скучаю по тебе» атты жаңа әнінің ротациясы басталды. Қазірдің өзінде бұл әнге «Хорошие новости» бағдарламасында тапсырыс көбейді.

Латвиялық Dear үшін Адвенттің алдындағы (Рождество алдындағы кезең) басты оқиғасы Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеу болды. Осыған орай PIK 100FM радиосында Димаштың қазақ тіліндегі 10 шырқалды.

Олардың бірі – «Аққуым». 17 желтоқсанда Рига күмбез алаңында тікелей эфирде рождестволық көңіл-күйге өте жақсы сәйкес келді.

Ал 25 желтоқсанда Рождество мерекесі. Бұл сыйлықтар күні. Дәл осы күні Dimash Latvia Dears PIK 100FM радиосымен бірге тосынсыйлар дайындады. Эфирде алғаш рет «Я скучаю по тебе» әні шырқалып, кейіннен ротация жасалады.

Сонымен қатар, Латвия уақыты бойынша сағат 16: 00-де Домск алаңындағы бас шыршада авторлық әндер радио марафоны Димаштың «Ұмытылмас күн» әнімен қорытындыладанды.

 

Dimash Latvia Dears