ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears «Dimash Qudaibergen» родендрон сұрыпы Нұр-Сұлтандағы Ботаникалық бағына беріледі

«Dimash Qudaibergen» родендрон сұрыпы Нұр-Сұлтандағы Ботаникалық бағына беріледі

Dears «Dimash Qudaibergen» родендрон сұрыпы Нұр-Сұлтандағы Ботаникалық бағына беріледі

«Dimash Qudaibergen» родендрон сұрыпы Нұр-Сұлтандағы Ботаникалық бағына беріледі

18 маусымда Babite Латвиялық паркінің «Қазақстан бұрышында» родендронның «Dimash Qudaibergen», «Miuaniz» және «Qazaqstan» жаңа сұрыптарының сертификаттары табыс етілді. Бұл ерекше өсімдіктер екі ел арасындағы достықтың тағы бір символына айналады.

Өткен сенбіде «Babite» латвиялық рододендрондар паркінің таңғажайып әдемі табиғаты аясында Қазақстан Республикасының Латвиядағы елшілігінің өкілі Айнұр Ахметова мен парк басшылығының қатысуымен «Dimash Latvia Dears» фан-клубының кездесуі өтті.

Кездесу осы жылы атап өтілетін екі ел арасындағы достықтың 30 жылдығына арналды.

Гүлденген рододендрондардың ортасында көптен күткен «Dimash Qudaibergen», «Miuaniz» және «Qazaqstan» сұрыптарының Британдық халықаралық тіркелімінің сертификаттары табыс етілді. Осы ерекше сорттардың пайда болу тарихы туралы аудио нұсқаулық пен гид-планшет ашылды.

Сондай-ақ, осы мерейтойлық жылы жеделдетілген әдіспен алынған «Dimash Qudaibergen» сортты рододендронның алғашқы сегіз эксклюзивті көшеттерінің тұсаукесері өтті. Екі көшет Латвияда қалады, үшеуі әртістің өзіне және үшеуі Қазақстан астанасының Ботаникалық бағына, Нұр–Сұлтан қаласына сыйға тартылады.

Іс-шара барысында Айнұр Ахметова Латвияның ең танымал тұлғалары Президент Эгилс Левитстен бастап, Ұлы Дала Еліне латыш тілінде өз тілектерін білдірген «Латвиялықтар Қазақстан туралы» кітабының түрлі-түсті басылымын таныстырды. Мұнда қазақ тіліне аударма жасалған.

Бұл басылымның даналары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министріне жіберілді. Сондай-ақ, естелік кітап Димаштың отбасына беріледі.

Одан әрі кездесу бейресми жағдайда қазақстандық әртістің әндеріне арналған қазақ және Латвия ұлттық тағамдарымен жалғасты. Айнұр Ахметова қатысушыларды өз тілінде қарсы алып, Димаштың бүкіл әлемде өз Отанының мәдениетін ілгерілетуге қосқан үлкен үлесі туралы айтты, «Dimash Latvia Dears»  клубына осы бағытта атқарылған жұмысы үшін алғыс айтты және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Өз кезегінде Димаш шығармашылығының латвиялық жанкүйерлері Қазақстанның Латвиядағы Елшілігіне, рододендрондар паркінің басшылығына, оның директоры Кристапс Кунрадсқа және бас селекционер Гунит Риекстинге өте сәтті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді.

Кездесу барысында қатысушылар жаңа қызықты бірлескен іс-шараларды өткізу белгіленген болашаққа жоспарларды талқылады.

Соңғы жаңалықтар

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...