ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Мысырдағы алғашқы жеке концертін өткізді

Димаш Құдайберген Мысырдағы алғашқы жеке концертін өткізді

Dimash World Димаш Құдайберген Мысырдағы алғашқы жеке концертін өткізді

Димаш Құдайберген Мысырдағы алғашқы жеке концертін өткізді

30 қарашада «The Pyramids Echo» атты алғашқы фестиваль аясында Димаш Құдайберген өзінің жеке концертін ұсынды. Бұл Димаштың африка құрлығындағы Мысыр пирамидаларының етегінде алғашқы өнер көрсетуі, сонымен қатар ТМД елдерінен шыққан әртістің алғаш рет сахнаға шығуы болды.

«Қош келдіңіздер, біздің шоуымызға уақыт бөліп келгендеріңіз үшін үлкен рақмет», – деп концерт басында Димаш көрермендерді қарсы алды.

Кештің сиқырлы жарығында, мифтер мен көне құпияларға толы пирамидалар әрбір әнге өзіндік ерекше тарих сыйлады. Әр туынды жеке бір шағын спектакль секілді, Димаш әрқайсысында басты рөлді сомдады: «Fire» мен «Smoke» композицияларындағы харизматикалық жігіт, «Любовь уставших лебедей» әніндегі шынайы сезімнің қадірін білетін ер адам, «When I`ve Got You» және «SOS d’un terrien en détresse» шығармаларында өмірдің ең қымбат нәрселерін бағалай алатын тұлға бейнесінде көрінді.

Пирамидалардың дүниенің төрт бұрышына дәл бағытталған қырлары секілді, ол өз талантының барлық қырын бір сахнада классикалық «Olympico» мен «Ave Maria» шығармалары, сондай-ақ серпінді де энергияға толы «Be with me» және «Give me your love» орындап, көрсетті.

Сонымен қатар, Араб түнінің әуезінде қазақтың халық аспаптары ерекше әсерлі естілді, дәстүрлі саз домбыра, қобыз және сыбызғыдан төгіліп, «Stranger», «Адай» күйі және «Тау ішінде», «Дурдараз», «Let it be» сияқты қазақ тіліндегі әндер біртұтас терең сиқырға айналып, көрермендерді шөл даланың арасымен жетелеп өткен іспетті.

Көрермендер әртістерді бір кісідей қолдап, қосылып ән айтты, би биледі, Қазақстаннан келген сәлемдерді қуана қабылдап, өз жылы эмоциялармен бөлісті – «Ұмытылмас күн» мен «Махаббат бер маған» әндері кезінде телефон шамдарынан пайда болған «жарықшақтар» Пирамидалар панорамасын жарық жұлдыздарға толы ғажайып түнгі аспанға айналдырды.

Ал Димаш көрермендерді концерттің басынан соңына дейін баурап, финалда залға үшінші рет түсіп, биске «Weekend» шығармасын орындап, бұл тамаша мерекеге жарқын нүкте, жоқ, нүкте емес, көпнүкте қойды, өйткені алда әлі талай кездесулер мен концерттер күтіп тұр.

Соңғы жаңалықтар

Түркістаннан шаһарынан алған әсер әнге жалғасты – Димаш Құдайберген «Voice Beyond Horizon» жобасының үшінші эпизодын ұсынды

19 ақпанда Hunan TV және Mango TV платформаларында Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-жобасына қатысушылардың орындауындағы әндер қайтадан...

«Димаш: бір дауыс – мың ел» – Алматы қаласында халық музыкалық аспаптары көрмесінің ашылуы өтті

2026 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Димаш: бір дауыс – мың...

Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа автокөлік сыйлайды

Димаш Құдайберген ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровты Миланда өткен Қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап,...

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне арналған аспаздық шеберлік сабағы өтті

Ақпан айында Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Төтенше және Өкілетті Елші Ерлан Баударбек-Қожатаевтың қолдауымен «Uly Dala Dami» атты қазақ асханасына арналған...

«Voice Beyond Horizon» жобасының екінші эпизодында Димаш Құдайберген әлемге Түркістан шаһарының әсемдігі мен рухани даналығын көрсетті

Мыңжылдықтар бойына келбетін сақтаған қасиетті қала алтын түсті жылы реңкке бөленіп, таң шапағы Түркістан аспанын нұрландырды. Сегіз саяхатшы Қытай,...