ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген әйгілі «Virtuosos» жобасында қазылар алқасының құрамында. Финал

Димаш Құдайберген әйгілі «Virtuosos» жобасында қазылар алқасының құрамында. Финал

Dimash World Димаш Құдайберген әйгілі «Virtuosos» жобасында қазылар алқасының құрамында. Финал

Димаш Құдайберген әйгілі «Virtuosos» жобасында қазылар алқасының құрамында. Финал

2025 жылдың 1 ақпанында Будапештте «Virtuosos» байқауының соңғы эпизоды түсірілді.

Қазылар алқасының жұмысына хорватиялық виолончелист Степан Хаузер және қазіргі заманның ұлы теноры маэстро Пласидо Доминго қосылды. Бұл құрамның қатарында жобаның өткен маусымының төрешілер бригадасының құрамында бірге болған қазақстандық әнші және композитор Димаш Құдайберген де болды. Ол өткен жылдың қазан айында Сингапурда өткен «Virtuosos Charity Concert event» қайырымдылық концертінде өнер көрсеткен болатын.

«Virtuosos» шоуының жаңа шығарылымдары әр аптаның жұма күні Duna TV телеарнасында 25 сәуірден бастап көрсетілетін болады.

Ал әзірге венгриялық, австриялық, словениялық, сербиялық және черногориялық жас сайыскерлердің арасында қайсысы финалға өтіп, кімнің жеңімпаз атанғаны құпия болып қала береді.

Жобаның авторлық құқығын сақтай отырып, DimashNews редакциясы дәл бүгін жаңа фотосуреттермен бөліседі.

Сондай-ақ, өткен түсірілім күндерінің ең сәтті шыққан кадрлары жинақталған галереясын назарларыңызға ұсынады.

Фотосуреттер галереясы

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...