ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген «Virtuosos» жобасының баспасөз конференциясына қатысты

Димаш Құдайберген «Virtuosos» жобасының баспасөз конференциясына қатысты

Dimash World Димаш Құдайберген «Virtuosos» жобасының баспасөз конференциясына қатысты

Димаш Құдайберген «Virtuosos» жобасының баспасөз конференциясына қатысты

31 Қаңтарда «Virtuosos» мерейтойлық жобасының финалы басталмастан бұрын Венгрия мәдениет және инновациялар министрлігінің министрі Балаж Ханко мен шоу төрешілері Венгрия мемлекеттік опера театрында баспасөз конференциясына жиналды.

Хосе Каррерас, Андарш Келлер, Елена Дудочкина, Микко Кодисоя, Альберт Каррерас, Хаузер сынды қазылар алқасының мүшелері 10 жылдан бері жас таланттарды үлкен сахнаға тартып келе жатқан ұйымдастырушылар мен барлық қатысушыларға осынау ұжымды бір арнаға тоғыстыра білгендері үшін үлкен алғыс білдірді.

Қазақстандық музыкант, қазылар алқасының мүшесі Димаш Құдайберген:

«Дәл осы жерде болу мен үшін үлкен мақтаныш. Марианн Пеллерге және басқа да ұйымдастырушыларға, продюсерлерге мені құрметпен шақырғандары үшін алғысымды білдіремін. Мен үшін осынау өнер алаңында керемет музыканттармен бірге жұмыс істеу – орындалған үлкен армандарымның бірі.

Өткен жылы мен мұнда алғаш рет менің кумирлерімнің бірі, маэстро Пласидо Домингомен бірге ән айту бақытына ие болдым. Ал осы жылы маған ұлы Хосе Каррераспен бірге өнер көрсетуге мүмкіндік туды! Тамаша мүмкіндік үшін көп рахмет. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. Мен бұл жерде, қазылар алқасының мүшесі ретінде талантты жастарға қолымнан келген көмегімді аямауға тырысамын. Назарларыңызға рахмет!»

Венгрияда «Virtuosos» түсірілімі өтіп жатқанда, Ұлыбританияның әйгілі «The Music Man» интернет-порталында Димаштың өткен жылғы «Димаш Құдайберген аттары аңызға айналған «Үш тенор» және «Інжі жинаушылармен» жасаған вирусты дуэтімен таң қалдырды» деген мақала шықты.

«Қазақ виртуозы сіздерді адам сенгісіз дуэтімен таң қалдырады! Қазақ классикалық музыкасының жұлдызы Димаш Құдайберген «Інжу жинаушылар дуэтінде» испандық аңыз адам Пласидо Домингомен дуэт орындап, ұмытылмас әсер қалдырды. Құдайберген әнін эмоционалды және әсерлі тенормен бастады. Содан кейін үш тенордың бірі ретінде танымал Доминго әнді керемет баритонмен шебер жалғастырды. Классикалық музыканың орындаушысы ретінде өздерінің деңгейі биік әншілік қабілеттерін көрсету үшін құрылған бұл дуэт тамаша шешім.

Құдайберген де, Доминго да техникалық жағынан керемет вокалистер, олар сонымен қатар әйгілі француз туындысы арқылы эмоцияларын қалай жеткізу керектігін де жақсы біледі. «The Music Man» оқырмандарының екі жұлдыздың драмалық финалда соңғы ноталарды бірге шырқайтын шарықтау шегін көргісі келетіні сөзсіз».

 

Соңғы жаңалықтар

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...