ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті

Димаш Құдайберген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті

Dimash World Димаш Құдайберген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті

Димаш Құдайберген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті

4 маусымда Астанада БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) – БҰҰ Көші-қон агенттігіндегі Ізгі ниетті елшісі Димаш Құдайбергеннің кездесуі өтті. Гутерриш мырза Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Ол Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші саммитіне қатысуда.

«ХКҰ ізгі ниетті елшісі ретінде мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мырзамен Қазақстанға ШЫҰ саммитіне сапары кезінде кездесу құрметіне ие болдым.

Біз көші-қон мәселесін талқылау барысында мен бұл істі барлық жігеріммен қолдайтынымды айттым. Бас хатшы көші-қонның маңыздылығына тоқталып, менің адал қызметім үшін алғысын білдірді.

Антонио Гутерриш мырза дүние жүзіндегі миллиондаған адамның жүрегін жаулаған менің музыкам адам құқықтарын қорғай алатынын және халықты ақпараттандырудың маңыздылығын арттыратынын атап өтті. Талантым осындай игі істер жасауға пайдасы тиіп жатса, ол үшін мүмкіндік беріп жатқан ұйымға алғыс айтамын», – деп бөлісті Димаш.

Димаш 2024 жылдың 15 ақпанында ХКҰ-БҰҰ-ның Азия аймағындағы және одан тыс жерлердегі көші-қон жөніндегі ізгі ниетті елшісі болып тағайындалған болатын.

“ХКҰ ізгі ниет елшілері” бағдарламасы қауіпсіз, тәртіпті және тұрақты көші-қонның маңыздылығын көрсету үшін танымал және беделді мәдениет, өнер және спорт қайраткерлерін тартуға бағытталған. Бұл бағдарлама жергілікті дағдарыстарға, мәжбүрлі қоныс аударуға, кемсітушілікке және ксенофобияға қарсы жұмыстар жасайды. Ол жағдайдың өзгеруінен туындаған көші-қон проблемаларын шешу, халықтың денсаулық қорғау және адам саудасын тоқтату сияқты маңызды мәселелермен айналысып, игі іске жұмылдырады.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Шахтерлер күніне арналған мерекелік концертке қатысу үшін Қарағанды қаласына келді

28 тамызда Димаш пен оның командасы ауқымды жобаға қатысу үшін Қарағандыға келді. Бүгінде репетициялар қызу жүріп жатыр. Ал ертең Димаш...

Димаштың шығармашылығын қолдауға арналған Мексикалық Dears тобының акциясы жергілікті БАҚ назарын аударды

Мексикадағы Димаштың жанкүйерлері креативті акциясы арқылы тағы да жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Lucha Libre-ге арналған арнайы іс-шара...

Польшадағы Dears Нан мерекесінде Қазақстан мен Димаштың шығармашылығын таныстырды

23 тамызда Польшадағы Токарняда орналасқан Келецкая ауыл мұражайында Нан мерекесі өтті. Іс-шара аясында Димаш Құдайбергеннің поляк фан-клубының мүшелері ақпараттық...

Димаш өзінің шынайы «меніне» оралу арқылы DIMENSIONS тұжырымдамасын қорытындылайды

Эпилог | Бастау. Кеңістік. Ғаламның шетсіз-шексіз кеңістігі аясында бәсең қанықтықтағы жұмсақ қана жарық Димаштың кескін бейнесінің айқын әрі нәзік сызықтарын...

Қалыптасқан шеңберден тыс кеңістік: Димаш DIMENSIONS жобасының екінші тарауын ұсынады

Екінші тарау | Шекараларды бұзып.. 3D-пиксель фрагменттері әртүрлі өлшемдерден құрастырылғандай әсер қалдыратын кеңістік қалыптастырады. Бөлшектер экран шекарасынан асып шығып, шынайы...