ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген фандомының туған күніне орай жаңа әннің премьерасын...

Димаш Құдайберген фандомының туған күніне орай жаңа әннің премьерасын жариялады

Dimash World Димаш Құдайберген фандомының туған күніне орай жаңа әннің премьерасын жариялады

Димаш Құдайберген фандомының туған күніне орай жаңа әннің премьерасын жариялады

30 қаңтарда Будапештте шығармашылық сапарда жүрген Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне бейне үндеу жазды.«Құрметті достар, менің сүйіктілерім Dears! Бүгін 30 қаңтар – біздің ортақ мерекеміз. 2017 жылғы сол бір есте қаларлық күннен бастап, сіздерге алғаш рет осылай Dears деп атағаныма бүгін 8 жыл толып отыр.

Осы жылдар ішінде біз концерттік турларыммен Қазақстаннан бастап Азия, Америка, Еуропаға дейінгі көптеген қалалар мен елдерді араладық… Сіздердің ерекше ықыластарыңыз бен қолдауларыңыз үшін, менің шығармашылығыма қызығушылық танытып, маған сенім артқандарыңыз үшін сіздерге айтар алғысым шексіз.
Бүгінгі туған күнімізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерді жаңа концерттер мен қойылымдарда асыға күтемін.

Ал бүгін осы мерекеге орай жаңа әніміздің премьерасын жасамақпыз.

7 наурызда әлемге әйгілі композитор және продюсер Вальтер Афанасьевтің жетекшілігімен халықаралық авторлар ұжымы жасаған туындыны жарыққа шығарамыз. Бұл «Love’s not over yet» әні. Сіздерге ұнайды деген үміттемін!»

«Love’s not over yet» әні — қазақстандық музыкант Димаш Құдайбергеннің орындауындағы туынды.

Бұл туындыны екі мәрте Грэмми сыйлығының иегері атанған продюсер және композитор Вальтер Афанасьев бастаған халықаралық топ жазған болатын. Әнді Димаштың ерекше дауысына арнап Уолтер Афанасьефф, Доминик Бус, Флавиен Компаньон сынды композиторлар және сөзін Девон Грейвс жазды.

‘LOVE’S NOT OVER YET’ PRE-SAVE

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...