ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Хайнань аралындағы Халықаралық кинофестивальде өнер көрсетті

Димаш Хайнань аралындағы Халықаралық кинофестивальде өнер көрсетті

Dimash World Димаш Хайнань аралындағы Халықаралық кинофестивальде өнер көрсетті

Димаш Хайнань аралындағы Халықаралық кинофестивальде өнер көрсетті

16 желтоқсанда Қытайдың Хайнань аралында Бесінші халықаралық кинофестиваль ашылды.

Оңтүстік Қытай теңізінің таңғажайып жағалауында Саньядағы Шангри-Ла курортында танымал кинорежиссерлер, актерлер мен музыканттар жиналды.

Димаш Құдайберген ашылу салтанатында итальяндық режиссер Пьерджузеппе Зайидің «Creators: The Past» көркем фильмінің басты тақырыбы — «Across Endless Dimensions» композициясымен өнер көрсетті.

Сондай-ақ, әйгілі қытайлық актриса және әнші Лоу Исяомен (Loura) бірге кинофестиваль сахнасында Қытайдағы ең танымал әндердің бірі — «Жасмин» орындалды.

Димаш алғаш рет 2018 жылы Хайнань аралындағы кинофестивальге қатысып, әлемге әйгілі «My Heart Will Go On» композициясын — «Титаник» кинофильмінің саундтрегін орындады.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...