Димаш Құдайберген коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан барша жанды қолдау мақсатында жаңа бейнебаян түсірді

1933

Димаш Құдайберген өзінің ресми youtube-каналында барша адамзатты, коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүрген медициналық қызметкерлер мен қызметтерді қолдау мақсатында «We are one» бейнебаянын жариялады. Олар күні-түні өз өмірлерін тәуекел етіп, түн ұйқысын қиып, өзгелерді құтқарып жатыр.

«Біз біргеміз! Біз біртұтаспыз! Ортақ болашағымыз бен ортақ тағдырымыз үшін күресіп, сенуіміз керек!» деген өлең жолдары арқылы Димаш дүние жүзіндегі ең озық медициналық персоналға алғыс білдіріп, қолдау танытуға үміттеніп отыр.