ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» фестивалінде арнайы қонақ ретінде өнер...

Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» фестивалінде арнайы қонақ ретінде өнер көрсетті.

Dimash World Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» фестивалінде арнайы қонақ ретінде өнер көрсетті.

Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» фестивалінде арнайы қонақ ретінде өнер көрсетті.

Қазақстан мен Қырғызстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Чолпон-Ата қаласында өткен «Мейкин Азия» IV халықаралық музыка фестивалінің жабылу салтанатында арнайы қонақ ретінде өнер көрсетті.

Шілде айында Азияның інжу-маржаны саналатын Ыстықкөлдің жағасына төртінші рет дарынды жас музыканттар басқосты. Биылғы жылы Қырғызстанда Еуропа, Азия және Оңтүстік Америка елдерінен 25 үміткер жиналды. Әр түрлі елдің ұлттық музыкалық нақыштарына қаныққан өнер иелері Еуразияның музыкалық фестивальдері арасындағы елеулі жүлде – Гран-при иегері атану үшін әлемге өз өнерлерін паш етуде. Фестивальге Қазақстаннык атынан әнші Бекжан Қайратұлы қатысты.

Байқаудың бірінші күні — фестивальге қатысушылар ана тілдерінде ән орындап, өз елдерінің мәдени дәстүрлерін көрсетсе, ал екінші күні — фестиваль қатысушылары әлемнің әртүрлі тілдеріндегі шығармаларын орындап, фестивальдің халықаралық рухын көтерді.

Құрамында 7 елдің музыка саласының танымал өкілдері бар құзырлы қазылар алқасына онлайн-дауыс беру барысында фестиваль көрермендері де көмектесіп, атсалысты.

«Мейкин Азия» IV халықаралық музыка фестивалінің Гран-при иегері Румыния әншісі Мария-Диана Стинчуляша атанды.

Үш күнге созылған фестивальдің әр күнінде байқауға қатысушылар ғана өнер көрсетіп қоймай, Джийдеш Идирисова, Bayastan, «Номад» триосы сынды және т.б. Қырғызстаннан шақырылған әртістер де ашық аспан астында өз туындыларын орындады. Басқа елдерден шақырылған қонақтар қатарында ресейлік музыканттар Севак Ханагян мен «Ай Йола» тобы және Моңғолияның Үлкен ұлттық өнер театры мен Моңғол мемлекеттік ұлттық оркестрінің әртістері де болды.

I Халықаралық «Мейкин Азия» музыкалық фестивалінің Гран-при иегері Димаш Құдайберген өзінің өнер жолының бастауында тұрған шараның жабылу салтанатының арнайы қонағы ретінде келіп, қолдау көрсетті.

Қазақстандық жас өнерпаздың байқауда жеңіске жеткеніне 2013 жылдан бері 12 жыл өтті. Сол жылы Димаш «Дайдидау» атты қазақтың халық әнін орындап, жеңіске жеткен болатын.

Одан кейінгі жылдары Димаш екінші фестивальге қонақ ретінде 2015 жылы «Джамайка» және «Дайдидау» әндерімен, ал 2023 жылы «Қайран елім» әнімен онлайн форматта өнер көрсеткен еді.

22 шілдеде «Мейкин Азия» IV халықаралық музыка фестивалінде Димаш музыка аспаптарының шеберлері Темірлан Олжабай, Ернат Наурыз, Мансұр Құдайберген және DQ-band би тобының сүйемелдеуімен кеңейтілген ерекше бағдарламасын ұсынды.

Көрермендер Димаштың орындауында бай аранжировкасымен жаңадан өмірге келген — «Дүрдараз» және биылғы жаздың хитіне айналған «Тау ішінде» халық әндерін; маэстро Игорь Крутой жазған «Stranger» және «Любовь уставших лебедей» классикасына айналған шығармаларын; сондай-ақ нағыз «фестивальге» арналған түрік диджейі Бурак Йетермен орындаған «Weekend» және Димаштың «Give me your love» атты түпнұсқа композициясын тыңдап, ерекше көңіл-күйге бөленді. «Адай» және «Бастау» шығармаларындағы домбыраның сиқыры мыңдаған көрерменнің жүрегін ерекше әсерге бөледі.

Димаш фестиваль иелерінің қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, қазақ пен қырғыз халықтары арасындағы ұлы достық болған, бар және бұдан кейін де бола беретініне мол сенім білдірді.

GALLERY

Соңғы жаңалықтар

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...