ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері

Димаш Құдайберген — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері

Dimash World Димаш Құдайберген - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері

Димаш Құдайберген — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері

Әнімен әлем елдерін сүйсіндірген, күні кеше ғана Америка аспанын қазақ әндерімен тербеген Димаш Құдайберген елге оралған бойда Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атанды деп хабарлайды dimashnews.com тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген жоғары мемлекеттік награданы әншіге Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова салтанатты жағдайда табыс етті.

Осы рәсімде министр жас әншінің бүкіл әлемде отандық мәдениеттің дамуына және танымал болуына қосқан ерекше үлесін атап өтті. Әлеуметтік желілерде Димаштың бұл марапатқа әбден лайық екендігі жайында көптеп жазылуда. «Ол кез-келген наградаға лайық», «Оған Батыр берілуі керек», «Біздің алтынымыз, біз сені мақтан тұтамыз, сіз барлық марапаттарға лайықсыз», «Сізді Құдай қолдасын», деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары мен жанкүйерлері.

Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева қазіргі уақытта АҚШ-тағы Нью-Йоркте өткен концерттен кейін Нұр-Сұлтанға ұшып келе жатыр. Сүйіншілі жаңалықты естіген ол Dimashnews порталының редакциясына хабарласып, өзінің ұлымен мақтанатынын, жетістіктеріне қуанатынын айтты. «Мен бұл жаңалыққа өте қуаныштымын және Димаштың осы марапатқа, осы атаққа лайық екеніне сенімдімін. Бұл біз үшін үлкен мәртебе! Біз Қазақстан Республикасының Президентіне және барлық жанкүйерлерге алғыс айтамыз!», деді әншінің анасы.

Еске салсақ, жақында Нью-Йоркте алғаш рет Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өткен болатын. Қазақстандық жұлдыздың кешіне әлемнің 63 елінен және Американың 41 штатынан жанкүйерлер жиналды.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...