ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген «Virtuosos» жобасының 10-шы мерейтойлық маусымына қазылар алқасының...

Димаш Құдайберген «Virtuosos» жобасының 10-шы мерейтойлық маусымына қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылды

Dimash World Димаш Құдайберген «Virtuosos» жобасының 10-шы мерейтойлық маусымына қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылды

Димаш Құдайберген «Virtuosos» жобасының 10-шы мерейтойлық маусымына қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылды

26 қаңтарда Димаш Құдайберген «Virtuosos» жобасының 10-мерейтойлық маусымына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысу үшін Венгрияның Будапешт қаласына келді.

Үлкен аудиторияға арналған классикалық музыка әлемі, жас таланттардың ерекше байқауы көрермендерге ұмытылмас сезім сыйлайды. Бағдарламаға Венгрия, Австрия, Словения, Сербия және Черногориядан келген төрт жас талантты музыкант қатысады.

Жартылай финалда әр елдің қатысушылары бір-бірімен жұп-жұп болып сайысқа түседі. Содан кейін финалда әр елден бес өнерпаз бір-бірімен кездеседі.

Сайыстың ең жоғары деңгейі әлемге әйгілі музыка саласы мамандарының жоғары қазылар алқасының құрамы арқылы расталады. Олар әділ бағаларын беру үшін әншінің орындау шеберлігін ғана емес, сонымен қатар қатысушының сахнадағы іс-әрекетін, оның көрермендерге эмоционалды әсерін де ескереді.

Мерейтойлық маусымның финалында қазылар алқасының құрамында төменде көрсетілген мамандар отырды.

Пласидо Доминго – опера тарихындағы ең ұлы әншілердің бірі және әйгілі дирижер. Ол осы жылдар ішінде жобаны қолдап, шоудың жұлдызды қонағы және сонымен қатар төрешісі болды.

Хосе Каррерас – әлемдегі ең танымал тенорлардың бірі. 60-тан астам опералық партияларды орындап, әртүрлі музыкалық жанрларда мыңдаған қойылымдарға қатысқан.

Вероника Берти Бочелли – Андреа Бочеллидің бас менеджері. Әйгілі әншінің әлемдік деңгейдегі түрлі беделді іс-шараларға қатысуын ұйымдастырушы.

Димаш Құдайберген – вокал және композиция саласында классикалық білім алған, әлемнің түрлі елдеріндегі қойылымдары аншлаг жинайтын, отбасына, өз мәдениеті мен жалпы әлемге қарапайымдылығы мен адалдығы үшін жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналған қазақстандық музыкант.

Эрика Миклоша – венгриялық опера әншісі, колоратуралық сопрано. Венгрия мемлекеттік опера театрының солисі. Ол «Virtuosos» ұлттық және халықаралық байқауларының тұрақты венгрлік судьясы.

Хаузер – Хорват виолончелисті, виртуоз. Ол өз өнерімен тыңдаушыларды магнит сияқты өзіне еліктіріп, оның әуені арқылы ұрпақтар жалғастығы жандана түседі. Оның өнері кроссовер, классикалық және заманауи музыка арасындағы шекараларды бұзып, керісінше бір-бірін үйлесімді біріктіреді.

Андрас Келлер – скрипкашы және венгр классикалық музыкасының көрнекті қайраткері. Ол құрған Келлер квартеті көптеген халықаралық марапаттарға ие болды. 2007 жылдан бастап Будапешт концертінің музыкалық жетекшісі.

Елена Дудочкина – американдық сопрано. Ол сахнадағы әйгілі қойылымдарымен де, мәдениеттің адам өміріндегі маңыздылығын жаһандық деңгейде насихаттауымен де танымал. Ол бүкіл әлемде: Карнеги холлынан Мариин театрына дейін өнер көрсетті.

Микко Кодисоя – финдік кәсіпкер, Supercell компаниясының негізін қалаушы. Ол кино мен теледидар өндірісінде жаңалық алып келген алдыңғы қатарлы камераішілік визуалды эффектілерге маманданған Fireframe Studios компаниясын құрды.

Қазақстандық музыкант Димаш Құдайберген «Virtuosos» жобасына екінші рет қатысады. Өткен жылы ол алғаш рет осы байқаудың қазылар алқасы құрамында болған болатын.

Былтырғы жобаның финалында Димаш ХХ ғасырдың ең ұлы дауысы маэстро Пласидо Домингомен дуэт жасады. Екеуі Жорж Бизенің «Інжу жинаушылар» операсындағы Надир мен Зурганың «Au Fond du Temple Saint» дуэтін орындады.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...