ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» жобасы Астанада аяқталды

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» жобасы Астанада аяқталды

Dimash World Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» жобасы Астанада аяқталды

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» жобасы Астанада аяқталды

23 сәуір күні Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген негізін қалаған әрі атқарушы продюсерлік қызмет атқарған «Voice Beyond Horizon» жобасының бірінші маусымының соңғы 12-бөлімі эфирге шықты.

Салтанатты финал жобасын музыкалық сарапшы, Қытайдың танымал әншісі Цай Гоциннің өзінің «三百六十五个祝福» («365 игі тілек») атты әнімен ашып берді.

Қытайдың ұлттық мәдени мұрасының көрнекті өкілі Ла Даньчжу және ұлттық стильдегі орындаушы Чжан Сиюнь қызғылт көлге жасаған сапардан алған әсерлерінен туындаған шығармаларын сахнаға қойды. «凤皇仪» («Феникс») атты айбынды композицияда олар оттан қайта түлеген қыран құс бейнесін сомдай отырып, көрермендерге зор энергия сыйлады.

Малайзиялық жас әрі дарынды вокалист пен Сербияның «махаббат әндерінің ханзадасы» «Love Will Never Die» («Махаббат мәңгі») туындысын жаңа аранжировкада ұсынып, оған қытай тіліндегі қайырманы қосты. Түсірілім барысында күнбағыс алқаптары мен Каспий теңізінің жағалауында бірге саяхат жасап, жақын достық қарым-қатынас орнатқан қатысушылар дуэт арқылы өздерінің музыкалық армандарын жүзеге асырып, тыңдарманға шынайы сезімдерін жеткізді.

Нур Чолпон мен Джулия Фальконе дуэтте қайта қауышып, итальян тіліндегі әйгілі «Torna a Surriento» («Сорентоға орал») әнін орындады. Олар жоба аяқталған сәтте өз қимастықтарын білдіріп, Қазақстанға қайта оралуға, сондай-ақ болашақта Италия мен Қырғызстанда кездесуге ниеттерін білдірді.

Қазақстандық Нұржас Садырбаев пен қытайлық Цай Чэнъюйдің әуезді үндері «我期待» («Мен күтемін») композициясында үйлесімді үндесіп, тау мен өзендерді тоғыстырған музыкалық кеңістік қалыптастырды. Орындаушылар бұл туынды арқылы қоштаспай, керісінше қайта кездесуге үміт отын тұтататындарын атап өтті.

«Бұл екі әншіден сахнадағы бәсекелестіктң мүлде байқамадым, керісінше екеуі де бір-бірін қолдап, өзара бір-біріне шабыт бере білді. Мұндай қасиет кез келген салада сирек кездеседі. Бұл – кең пейіл мен үлкен даналықтың белгісі. Егер сіздер шоуда бір-біріңізбен сайысқа түсіп озуға тырысқанда, деңгейлеріңізге сай әрқайсыңыздың да жеңіске жетуге мүмкіндіктеріңіз бар еді. Алайда сіздер өнерді сыйластықпен ұштастырып, мәдениетті достыққа ұластырып, бір бағытта тоғыса алдыңыздар. Осындай тамаша өнерлеріңізді паш еткендеріңіз үшін мың алғыс», – деп атап өтті жобаның атқарушы продюсері Димаш Құдайберген.

Нәтижелер жарияланар алдында Назарбаев университетінің сахнасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік тағам қауіпсіздігі форумының ресми әнін жазуға қатысқан мысырлық әнші Нуран Абутолип «آية إعجاز» («Ғажайып») әнін орындады.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Қарипаев министр Ербол Мырзабосыновтың құттықтау хатын оқып берді. Онда бұл жобаның өнер арқылы көптеген елдерді жақындастырып, достықты нығайтуға және өзара түсіністікті тереңдетуге ықпал еткені уралы атап өтті. Түсірілімдердің Қазақстанның табиғаты көркем өңірлерінде жасалуы елдің халықаралық беделін арттырғанын ерекше атап көрсетті.

Сегіз концерттің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған үш қатысушы «Даңқ жұлдызы» атағына ие болды: үшінші орын – малайзиялық Ли Пэйлин, екінші орын – қытайлық Цай Чэнъюй, ал жобаның жеңімпазы атану қазақстандық Нұржас Садырбаевқа бұйырды.

Қорытынды концерттік бағдарламаны ағайынды Құдайбергеновтер аяқтады. Жобаның негізін қалаушы Димаш Құдайберген «When I’ve Got You» («Сен жанымда болғанда») атты авторлық әнін орындап, өзінің вокалдық даусын жас гитарист Мансұрдың электр гитарасымен үйлестірді. Бұл жоба финалының жарқын әрі әсерлі финалы болды. Финал дегеннен гөрі “жалғасы бар” деген ниетпен “көп нүкте” қалдырғанымыз дұрыс шығар…

«Бұл сапар мұнымен аяқталмайды. Ұлы Жібек жолының үні Астана сахнасынан әрі қарай, жаңа көкжиектерге жол тартады», – деді Димаш Құдайберген.

Соңғы жаңалықтар

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...