ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергеннің жеке концерті Прагада өтті

Димаш Құдайбергеннің жеке концерті Прагада өтті

Dimash World Димаш Құдайбергеннің жеке концерті Прагада өтті

Димаш Құдайбергеннің жеке концерті Прагада өтті

22 қарашада Прагада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті. Қазақстандық өнерпаз Чехия астанасында екінші рет шоу жасады. Алғашқы рет «Арнау» гастролі аясындағы концерті 2022 жылы өтсе, екі жылдан кейін «Stranger» атты жаңа бағдарламасы Sportovní hala FORTUNA аренасында өнерпаздың жанкүйерлерін қайтадан жинады.

Концертті Perfect Production ұйымдастырды. DimashNews редакторлары компания мамандарынан 2022 және осы жылғы болған концерттер арасындағы көзге анық байқалған айырмашылықтар туралы сұрады.

Концерт ұйымдастырушылары екі жыл бұрын да дайындыққа қатысқандарын айтты. Биылғы жылы компания әртістің Еуропадағы екі концертінің ресми ұйымдастырушысы ретінде әртістің өзімен және «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаевпен тығыз жұмыс жасауда.

«Димаштың концерттері қарапайым концерттердің қатарынан емес. Концерт қызықты да күрделі шоулардан тұрады. Техникалық қолдауға нағыз Шоу жасау үшін көптеген жарық және дыбыстық жабдықтар, led-экрандар, жанды музыканттар мен балет те бар. Мүмкін бұл менің тәжірибемдегі ең күрделі жоба шығар», — деп Perfect Production директоры Ян Ларионов өз пікірімен бөлісті.

Ян, сонымен қатар, Dears қауымдастығымен таныстығы туралы:

«Бір ерекшелігі, концертке әншінің ұйымшыл жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінен жиналады. Концерт қарсаңында қолдау көрсетуге келген әншінің жанкүйерлеріне ерекше тоқталғым келіп отыр. Олардың қатарында, тіпті, Австралия мен Латын Америкасынан да келген өкілдер бар сияқты көрінді.
Концерт алдында көшеде жиналған жанкүйерлерге қарап, мен, тіпті, Олимпиада ойындарының ашылуына тап болғандай болдым. Әр фан-клубтың өз керек-жарақтары, өз костюмдері мен түрлі-түсті жарық гаммалары бар. Бәрі жан-жақты ұйымдастырылып, дайындалған», — деп өз ойымен бөлісті.

2024 жылдың қыркүйегінде Астанада өткен концерттік-шоу бағдарламасы Димаштың орындауындағы Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған болатын. Сол үрдіспен бұл кеште де ол әнұран шырқады, бірақ қабылдаушы елдің Чехияның әнұранынан бастады.

Концерт барлық жағынан жақындастырды. Ән арасындағы үзілістерде Димаш көрермендермен ағылшын, француз, қазақ, орыс тілдерінде ой бөлісіп, қытай тіліндегі әндерінің сол тілде дұрыс айтылу нақышын тексере отырып, жанкүйерлерін бірге қосылып ән айтуға шақырды.

Концерт барысында Димаш 9 жасар София есімді музыкамен айналысып жүрген қызды сахнаға шақырды. Жас вокалист еш қиналмастан үлкен сахнадан Уитни Хьюстон әнінің үзіндісін орындап, көрерменнің қошеметіне бөленіп, Димаштың өзінен гүл шоғын алды.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...