ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Қытайдың Чэнду қаласында өткен жаңа жылдық концертте өнер...

Димаш Қытайдың Чэнду қаласында өткен жаңа жылдық концертте өнер көрсетті

Dimash World Димаш Қытайдың Чэнду қаласында өткен жаңа жылдық концертте өнер көрсетті

Димаш Қытайдың Чэнду қаласында өткен жаңа жылдық концертте өнер көрсетті

26 желтоқсанда Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының орталығы Чэнду қаласында «2025四川省新年音乐会» («2025 жылғы Сычуаньның жаңа жылдық концерті») өтті. «Тяньфу өркениетінің поэтикалық естелігіне» көптеген танымал тұлғалар жиналды. Олардың арасында қазақстандық музыкант Димаш Құдайберген де болды.

Димаш өзінің репертуарындағы қытай тіліндегі ең әдемі лирикалық әндерінің бірі – «The Crown» әнін орындады. Бұл ән 2017 жылы «Xiaomi Super GOD MOBA» мобильді ойынына саундтрек ретінде шыққан қазақстандық композитор Ұлықпан Жолдасовтың «Кім екен» шығармасының қытай тіліндегі нұсқасы.

Сондай-ақ, Димаш Қытайдың танымал әншісі Вэй Вэймен бірге «Join Hands» әнін орындады. «Golden Panda» сыйлығына лайықты деп танылған «Join Hands» әнін атақты Чжу Хай мен композитор, “Оскар” сыйлығының музыкалық судьясы Натан Ванг жазған. Ол алғаш рет 2023 жылы 20 қыркүйекте Чэнду қаласында өткен «Golden Panda» марапаттау рәсімінің финалында орындалды.

Соңғы жаңалықтар

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...