ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Ташкентте өткен Бүкіләлемдік жастар фестивалінің гала-концертінде өнер көрсетті

Димаш Ташкентте өткен Бүкіләлемдік жастар фестивалінің гала-концертінде өнер көрсетті

Dimash World Димаш Ташкентте өткен Бүкіләлемдік жастар фестивалінің гала-концертінде өнер көрсетті

Димаш Ташкентте өткен Бүкіләлемдік жастар фестивалінің гала-концертінде өнер көрсетті

Маусым айының соңғы аптасында Өзбекстан Дүниежүзілік жастар фестиваліне әлемнің жүздеген елінен мыңға жуық қатысушыны жинады.  Фестиваль өтетін орындар Ташкент, Бұхара, Самарқанд, Джизах және Хорезмде орналасқан. Белгілі спикерлердің шеберлік сабақтары мен білім, бизнес, денсаулық сақтау, спорт, өнер салаларындағы форумдар, конференциялар мен турнирлер сияқты көптеген іс-шаралар жаңа буынның белсенді жас көшбасшыларын біріктірді.

Фестивальдің Гала-концертінде Димаш Құдайберген өнер көрсетті. Humo Arena көрермендері қазақстандық әншіні жылы шыраймен қарсы алды.

Алдымен Димаш «SOS d’un terrien en distresse» композициясын орындады. Бұл ән көптеген музыкалық байқауларда жеңіске жетелеген әншінің темірқазық жұлдызы болып саналады. Бұл әнді 2019 жылы Димаш Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуында шырқаған болатын.

Артынша Димаш танымал түрік диджейі Бурак Йетермен бірлескен жоба негізінде жазылған фестивальдің шуақты көңіл-күйіне сәйкес «Weekend» әнін орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді.

Соңғы жаңалықтар

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...

DIMENSIONS жаңа турының басталуына бір күн қалды: Димаш Құдайберген жаңа шоуын ұсынуға дайын

18 қазанда Димаш Құдайберген DIMENSIONS атты жаңа концерттік турын бастайды. Халықаралық команданың бірнеше айға созылған дайындығы, эксклюзивті шоу мен...

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...