Димаш Тәуелсіздік күніне арналған концертте ән шырқады

935

16 желтоқсанда Димаштың YouTube-каналында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай сөз сөйлеген видеосы жарияланды. DimashNews бұл номердің қалай дайындалғанын анықтады.

Тәуелсіздік күні-Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Ол жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. Бұл күні 1991 жылы Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі және Мемлекеттік Егемендігі туралы заң қабылдады.

Димаш Құдайберген отандастарын былай құттықтады:

«16 – желтоқсан бабаларымыз сан мыңдаған жылдар бойы армандаған тәуелсіздік күні. Ұрпақ үшін маңызды осынау мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Берекесі мен бірлігі жарасқан еліміздің аспанында көкбайрағымыз мәңгілік желбіресін!»

Мерекеге арналған концерт Нұрсұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өтті. Димаш «Елім менің» әнін орындады. Туынды әнінің авторы – Бекболат Тілеухан, мәтінін жазған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл номерге режиссер Анна Обоянская жетекшілік етті. Дайындық қашықтықтан жүргізілді. Ол кезде Димаш Мәскеуде, ал Анна жобаны ұйымдастырумен айналысатын командамен бірге Қазақстанда болды.

Димаш Нұр-Сұлтанға келген бойда Тәуелсіздік сарайындағы түсірілімге бірден аттанды.

Режиссер Анна Обоянская туынды тұжырымдамасы туралы бөлісті:

«Байқағаныңыздай, бұл нөмірге тек ер адамдар ғана қатысты. Бұл ғасырлар бойы өз Отанын қорғаған нағыз қазақ батырларының ер мінездері мен ерліктерін көрсету арқылы мақсатты түрде жасалды. Алтын қыран мен алтын күн аясында – тудың басты рәміздері бейнеленді. Біз оны көркем ұтымды пайдаландық: алтын көкжиектегі алтын күн және ән басталғаннан алға қарай самғаған алтын түстес қыран».

Дөңгелек жарық та үлкен мәнге ие.

«Жарық фермасын еңкейтіп түсіруге техникалық мүмкіндік болды. Біз оны жүзеге асырған кезде  қос символизмге ие өте қызықты сценография шықты. Ферма арқылы күннің, сондай – ақ отау, ұрпақ жалғасының  символы шаңырақтың әсерін жаңғыртқымыз келді», – деп бөлісті Анна.

«Елім менің» трегінің саунд-продюсері Ерлан Бекчурин.

Домбыра 1- Әділжан Толықпаев, домбыра 2 – Айқын Сетеков, домбыра 3 – Темірлан Олжабай, домбыра 4 – Ернат Наурыз, қобыз – Олжас Құрманбек, сыбызғы-Санжай Әлмішев.

 

Ақпаратты қолдану үшін dimashnews.com сайтына сілтеме жасалуы тиіс.