ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш «When I’ve Got You» жаңа бейнебаянының тұсауын кесті

Димаш «When I’ve Got You» жаңа бейнебаянының тұсауын кесті

Dimash World Димаш «When I’ve Got You» жаңа бейнебаянының тұсауын кесті

Димаш «When I’ve Got You» жаңа бейнебаянының тұсауын кесті

26 ақпанда Ыстамбұлда Димаш Құдайберген «When I’ve got you» атты жаңа туындысына арналған бейнебаянның тұсауын кесті. Премьера өнерпаздың Түркияда өтетін жеке концертіне байланысты баспасөз конференциясы аясында өтті.

Бейнебаянның негізгі идеясы Димаш пен бейнебаянның режиссері Ғалым Асыловқа тиесілі: «Жеке өмір салтын ұстанатын әлемге әйгілі әнші өзінің алғашқы ашық сұхбатын беруге шешім қабылдады. Ол таңдаған жас журналист “Ал, егер…” деп басталатын түрлі уайымға толы сауалдары көбейіп, қатты қобалжып, уайымға салынды.

«Димаштың мейірімді және қарапайым адам екенін бәрі біледі. Бірақ Димаш бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көріне бермей, жеке сұхбат бермейтіндіктен оның жеке өмірі туралы аз білеміз. Ал бүгін біз әншіні сәл басқа қырынан, жаңа бейнеде көретін боламыз», — деп бөлісті режиссер.

Ғалым Асылов пен жобаның екінші режиссері әрі желілік продюсер Жәнібек Ғұсманов түсірілім барысы өте қызық болғанын және Алматыда өткенін хабарлады. Дәл сол жерде бас кейіпкердің костюмі тігіліп, қазақстандық мамандармен бірге әншінің бүкіл образы жасалды.

Кастинг оңай болған жоқ: басты кейіпкердің рөліне көптеген актрисалар мен модельдер өз бақтарын сынады. Ежелгі антикалық мәдениетті іздеу оңай болмады. Сол себепті, бейнежазба үш жер пайдаланылды. Шығармашылық команда интерьердің әрбір элементінде, костюмнің әрбір деталында және әрбір кадрда жұмбаққа толы оқиғалар жасауға тырысты.

Димаштың ресми арнасынан «WHEN I’VЕ GOT YOU» атты жаңа бейнебаянын көре аласыздар. Пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар. Пікірі 10 күн бойы жоғары бағаланып, ТОП-та тұрған оқырман арнайы сыйлыққа ие болады: Димаштың 2024 жылы 24 мамырда Ыстамбұлда өтетін жеке концертіне екі билет, оның ішіне тұру және ұшу ақысы кіреді.

Соңғы жаңалықтар

DIMENSIONS: Димаш әлемдік турдың алғашқы тарауының концепциясын таныстырды

1-тарау | Үнемі өзгерісте. Үнемі шынайы Терең әрі мөлдір қызыл түс тек Димашқа ғана арналып жасалған рухтың шеңберлі театрын бойына...

Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Yazgi» синглі шетелдік радиостанциялардың эфирінде кеңінен таралуда. Композиция жарыққа шыққаннан кейін Бельгияның бірқатар радиостанцияларында ротацияға еніп,...

Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

9 тамызда Mediaset España медиа тобының құрамына кіретін Cuatro телеарнасы эфирден Димаш Құдайбергенге және оның вокалдық мүмкіндіктеріне арналған арнайы...

«Yazgı»: Димаштың түрік тіліндегі тұңғыш авторлық әнінің жазылу тарихы

3 тамызда продюсер, композитор, әнші әрі көптеген музыкалық шығармалардың авторы Димаш Құдайберген тыңдармандарына түрік тіліндегі алғашқы авторлық туындысы –...

Испанияның El Mundo газеті Димаш Құдайберген туралы көлемді мақала жариялады

Димаш Құдайбергеннің есімі тағы да Испанияның беделді басылымдарының бірінен көрініс тапты. Испаниядағы ірі ұлттық газеттердің бірі – El Mundo...