Димаш және «Аққулар»

1029

Аққулар жөніндегі ән мен бейнеклип Димаштың өнер жолындағы ең ерекше шығарманың бірі. Туындының астары қандай сырға толы? DimashNews әсерлі хиттің тарихына тоқталады.

Димаш Любовь уставших лебедей клип«Любовь уставших лебедей» – Димаш Құдайбергеннің репертуарына 2018 жылы енді. Бірден жанкүйерлер жүрегінде ерекше орын алды. Тыңдарманды адалдық пен махаббат туралы ән желісі таң қалдырғаны анық. Ән мәтінін жазған Михаил Гуцериев, композиция авторы – Игорь Крутой және Димаштың бірлескен шығармашылық одағы өте мәнді туындыны жарыққа шығарды. Бейнебаян әннен кем түспеді, өте әсерлі шықты. Бірлескен шығарма қалай басталды? Сәл кейін шегінсек…

Cherchez la femme

Эстрадада жүрген өнер майталмандары «Любовь уставших лебедей» әнін алғаш рет Лара Фабианның орындауында естігенін еске түсіруі мүмкін. Бұл композиция бойында италия және бельгиялық тамыр бар, алайда француз тілінде шырқайтын әнші мен Игорь Крутойдың берік достығы мен шығармашылық беріктігінің символына айналды.

Шығармашылықтағы екі тұлға 2004 жылы кездесіп, жемісті ынтымақтастық жасады. 2010, жылы «Мадемуазель Живаго» бірлескен альбомын шығарды . Франция мен Бельгияға арналған нұсқадағы бонустық тректердің бірі – «Je t’ aime encore». Әуен кейіннен аққулардың махаббаты туралы орыс тілді хиттің негізіне айналды.

Нәтижесінде композиция Крутой мен Фабианның ең танымал бірлескен жұмыстарының біріне айналды. Орыс тілінде трек 2014 жылы жарық көрді.

Араға жылдар салып, махаббат хикаясының «ер жауабы» қазақстандық жас әншіге тапсырылды.  Туынды лирикасына жауапты Михаил Гуцериев мәтін жолдарын Димашқа бейімдеп өзгертті. «Любовь уставших лебедей»  әнінің Димаш Құдайбергеннің орындауындағы нұқсасын ұсынамыз.

Сондай-ақ, әннің аудармасы:

 «Любовь уставших лебедей» әнінің мәтіні

1шумақ

Посмотри мне в глаза.
Ты прости мне, я сожалею.
Я люблю тебя, жизнь моя,
Без тепла я тобой болею.

Удержать не смогли,
Мы устали, нам очень трудно.
Я совсем один, ты пойми,
Без любви ничего не нужно.

Қайырмасы:

Не могут жить в разлуке лебеди,
Подожди, не спеши,
Не говори, что чувства позади,
Нет назад пути.
Не могут жить в разлуке лебеди,
Подожди, не спеши.
В разлуке боль сильней,
Любовь мою согрей,
Любовь уставших лебедей.

2 – шумақ

Мои дни без души,
Я скучаю, всё очень сложно.
Мы ещё близки, не молчи,
Позови, без любви мне больно.
Я прошу, уступи.
Мои чувства — немая проза.
Иногда во сне приходи,
Забери, не ищи другого.

Димаш Құдайбергеннің сүйікті хиті

Сонымен, 2018 жылдан бастап «Любовь уставших лебедей» қазақстандық жас вокалист Димаш Құдайбергеннің репертуарына енді. Ол бұл әнді алғаш рет НТВ арнасындағы «Орталық теледидар» бағдарламасында, одан кейін Ресей Федерациясының Ішкі істер органдарының қызметкері күніне арналған концертте шырқады. Сәтті премьерадан кейін туынды әншінің көптен күткен хиттерінің бірі болды.

2019 жылдың 10 желтоқсанында АҚШ-та Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтті. Arnau Tour Envoy шоуы Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өтті.

Шоуға келгендердің пікірінше, «Любовь уставших лебедей» тыңдармандар асыға күткен номердің бірі болды. Димаш өзі шырқап болған соң, залдағыларға хормен қосыла капелла орындауды ұсыныды.


Көрермендер Димаштың Нью-Йорктегі концертінде  «Любовь уставших лебедей» әнін қосыла орындады

Әдемі аппақ құстардың махаббаты мен адалдығы туралы музыкалық туынды Димаштың визиткасының біріне айналды. 2020 жылдың басында «Любовь уставших лебедей» әншінің Краснодар, Казан, Екатеринбург, Рига және Киевтегі барлық концерттерінде шырқалды. Бұл аймақтарда Димаш Arnau Tour жаңа гастрольдік бағдарламасымен барды.

Шабыттың көзіне айналған ән

Димаштың орындауындағы «Любовь уставших лебедей» әні түрлі саладағы адамдарға шабыт берді.

Сонымен, ресейлік гимнаст Александра Солдатова көркем гимнастикадан әлемдік кубокқа қатысып, осы композиция аясында лента, шеңбер және доппен өнер көрсетіп, алтын жеңіп алды.

Ән нұсқасын Ақтөбедегі «Достық сазы» фольклорлық ансамблі ұсынды. Қазақ аспаптарында орындалған «Любовь уставших лебедей» әуенін Димаш Instagram парақшасында өте жоғары бағалағанын жазды. Жанкүйерлердің де көңілінен шықты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Ән авторының өзі ризашылығын білдірді:

«Бұл нұсқа соншалықты ерекше, керемет және сәтті, рахмет!»- деп жазды Игорь Крутой.

«Аққуларды» «жарыққа шығарған» кім?

Бұл ән жөнінде айтқанда, оны жарыққа шығарғандар туралы арнайы тоқталмасқа болмас.

Игорь Крутой

Ресей және шет елдерге танымсал продюсер және композитор. Ресейдің Халық әртісі, әнші, актер. Өз репертуарында маэстро шығармасының болуын эстрада жұлдыздары үлкен құрметке балайды.

Дискографияда композитордың қырықтан астам альбомы және әртүрлі елдердің әртістері орындаған үш жүзден астам шығармасы бар. Сонымен қатар, ол аспаптық музыка мен көркем фильмдерге саундтрек жазады.

Шығармашылықпен қатар Игорь Крутой бірнеше ірі жобалардың иесі. Олардың қатарында «Новая волна» және «Новая детская волна» секілді халықаралық жобаларды құрған «АРС» продюсерлік орталығы, «Таңғы пошта» телебағдарламасы, «Жыл әні» фестивалі, сондай-ақ «Жұлдыздар фабрикасының»төртінші маусымы бар.

«Игорь Крутой академиясы» – бұл Мәскеудегі балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған шығармашылық кеңістік.

Михаил Гуцериев

«Любовь уставших лебедей» мәтінінің авторы Михаил Гуцериев- әйгілі ресейлік кәсіпкер. Айтпақшы,ол Қазақстанның тумасы.

Кәсіпкер, қоғам және мәдениет қайраткері 1958 жылы 9 наурызда қазіргі Қазақстан астанасы, сол кездегі Ақмола қаласында дүниеге келді. 1944 жылы Гуцериевтің ата-бабасы, көптеген ингуш отбасылары секілді қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақ ССР-не жер аударылды.

Кейін Михаил Жамбылда (қазіргі Тараз) халық кәсіпшілігі фабрикасында жұмыс істеді. Еңібек ете жүріп, «Тері және тері технологиясын» бойынша алғашқы жоғары білім алды.

Қазіргі уақытта Михаил Гуцериевтің жеке продюсерлік орталығы бар. Онда әндер мен клиптер жасалады.

Гуцериевтің рейелік жұлдыздар орындайтын көптеген танымал шығармалары бар. Ол жазған хид-парадтың көшін бастап жүр. Оның әндері жетпіс рет «Жыл әні» фестивалінің лауреаты болды. Бес рет «Алтын граммофон» сыйлығымен марапатталды. Ал автор «Любовь уставших лебедей» композициясы үшін «Жыл ақыны» сыйлығының иегері атанды.

«Аққулар» және видео

Махаббат, қарапайым адами қарым-қатынас және аққулар тақырыбы Димаштың шығармашылығына еніп кеткендей. Біріншісі – 2019 жылы «Аққуым» әніне арналған бейнебаян.

Сюжет желісі бойынша – екі кейіпкер оқиғаны қос аққау секілді бейнелейді. Басқа аққу оқиғасына қарағанда, «Аққуым» клипінде Димаштың кейіпкері мен оның сүйіктісі бірге бола алмайды.

«Любовь уставших лебедей» әніне бейнеклип

«Любовь уставших лебедей» әніне арналған клиптің тарихы да қызықты. Ән жазылғаннан соң Игорь Крутой мен Димаш бейнеклип түсіруді ойға алды. Олардың арасында мынадай диалог орын алды:

– Игорь Яковлевич, Хворостовскиймен клип түсірген кім?
– Алан Бадоев.
– Бізге де түсіріп берсе…?!
– Қазір-ақ, оған қоңырау шаламын.

Димаш посткеңестік кеңістіктегі ең танымал клипмейкерлермен бірімен жұмыс істеу мүмкіндігі  туғанынан қатты қуанып кетті.

Алан Бадоев – украиналық кинорежиссер, клипмейкер, продюсер және «Орел и решка»бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі.

Клиптің әр алуан құрылым идеясы Бадоевті шабыттандыра түсті. Бұл – тек жұп болып ұша алатын бір қанатты періштелер жөніндегі аңыз бен итальяндық режиссер Франко Зеффиреллидің «Ромео мен Джульетта» фильмі стилистикасынан алынған.

Алан Бадоев негізгі идея туралы былай деді:

«Димашпен жұмыс кезінде мен көрерменге жалғыз қанатың болса да қолұстасып, көкті бірге бөлісіп қалықтай алатынымызды жеткізгім келді».

Клиптің географиялық  ауқымы кең болды. Испанияның Малага мен Украинадағы әдемі жерлерде түсірілді. Түсірілім процесіне 70-тен астам маман атсалысты.

Бейнеклиптің  премьерасы 2019 жылдың 18 сәуірінде «Муз-ТВ» телеарнасының эфирінде және мәтін авторы GutserievMedia-ның YouTube-арнасында өтті.

Ал 2019 жылы «Муз-ТВ»  арнайы рейтингінде «Любовь уставших лебедей»  әніне арналған клип үздік жүздікке енді.