ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш "Жылдың Қазақстандық әртісі" номинациясын жеңіп алды

Димаш «Жылдың Қазақстандық әртісі» номинациясын жеңіп алды

Dimash World Димаш "Жылдың Қазақстандық әртісі" номинациясын жеңіп алды

Димаш «Жылдың Қазақстандық әртісі» номинациясын жеңіп алды

2022 жылғы 4 наурызда жыл сайынғы қазақстандық «Тикетон» сыйлығының нәтижелері белгілі болды. Оның қорытындысы бойынша Жылдың Қазақстандық әртісі» номинациясында Димаш Құдайберген жеңімпаз болып танылды.

Тикетон-Қазақстанның мәдениет, өнер және спорт саласындағы сыйлығы дауыс беру нәтижелерін жариялады.

Кино, театр, спорт, концерттік қызмет, бизнес және қоғам саласындағы көптеген танымал қайраткерлер түрлі номинацияларда ұсынылды. Дауыс беруге 50 мыңға жуық адам қатысты.

Концерттік Қызмет бөлімінде Жылдың Қазақстандық әртісі» номинациясының шорт-парағына диджей Иманбек, The Limba хип-хоп орындаушысы, «Ирина Кайратовна» шығармашылық бірлестігі, комик Сәуле Юсупова, актер Евгений Чебатков, «Ninety One» тобы, әнші Yenlik және музыкант Димаш Құдайберген кірді.

“Жылдың Қазақстандық әртісі» номинациясының жеңімпазы және жалпы дауыс саны бойынша “6 октава” иесі Димаш Құдайберген атанды.

Әртістің бұл Тикетон сыйлығының бірінші жеңісі емес. Бұған дейін Димаш Жылдың Қазақстандық әртісі» және «Жылдың эстрадалық концерті» санаттарында көшбасшы болған.

Әртістің жанкүйерлеріне қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...