ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаштың әндері Мексикадағы FIFA Fan Fest фестивалінде шырқалды

Димаштың әндері Мексикадағы FIFA Fan Fest фестивалінде шырқалды

Dimash World Димаштың әндері Мексикадағы FIFA Fan Fest фестивалінде шырқалды

Димаштың әндері Мексикадағы FIFA Fan Fest фестивалінде шырқалды

2026 жылғы FIFA футболдан әлем чемпионаты аясында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы Сапопан қаласында (Халиско штаты) өткен FIFA Fan Fest фестивалінде кеңінен насихатталды. FIFA ұйымы мен штат үкіметінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткен бұл ресми жанкүйерлер алаңы әлем чемпионатының ең ауқымды мәдени-спорттық кеңістіктерінің бірі саналады. Мұнда алып экрандар арқылы матчтар көрсетіліп қана қоймай, музыкалық концерттер, фольклорлық бағдарламалар, гастрономиялық және интерактивті алаңдар мен Мексиканың мәдени дәстүрлерін таныстыратын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Фестивальдің мәдени бағдарламасына қатысушылардың бірі – 13 жастағы мексикалық жас орындаушы Анхель Херардо Коваррубиас Кабрера (Angeloo). Оның айтуынша, ол Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен он жасында танысып, әншінің ерекше вокалдық шеберлігімен қатар, өнері арқылы адамзатқа жолдайтын рухани-адамгершілік құндылықтарынан ерекше шабыт алған.

2025 жылы Angeloo испан тілінде орындаған SOS әнімен La Voz Zapopan de los Niños y las Niñas байқауының жеңімпазы атанып, осы жетістігінің нәтижесінде FIFA Fan Fest сахнасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Екі мыңнан астам көрермен жиналған концертте ол Димаштың Diva Dance, Sinful Passion және When I’ve Got You композияцияларын орындады. Жас әншінің өнер көрсетуіне Dears Jalisco Mexico фан-клубының мүшелері қолдау білдірді.

«Димаштың өнері арқылы жеткізілетін ізгі идеяларды көпшілікке насихаттау мен үшін зор қуаныш. Мен оның шығармашылығымен барынша көп адамның танысқанын қалаймын. Бір күні өзімен жүздесіп, өмірімді өзгерткені, шабыт сыйлағаны үшін алғыс айту – менің ең үлкен арманым», – деп өз ойымен бөлісті Angeloo.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...