ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың АҚШ-тық жанкүйерлері Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты...

Димаштың АҚШ-тық жанкүйерлері Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты

Dears Димаштың АҚШ-тық жанкүйерлері Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты

Димаштың АҚШ-тық жанкүйерлері Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты

Манхэттеннің қақ ортасында Қазақстан Республикасы күніне орай Қазақстанның туын көкке көтеру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерімен қоса басқа да қоғамдастық өкілдері шақырылды.

Қонақтар арасында Нью-Йорк қалалық әкімдігінің өкілдері, халықаралық дипломаттар мен қазақ диаспорасы және Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігі де болды. Іс-шараның ерекше қонағы – Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулы Рауан Тілеулин болды. Ол Қазақстан мен АҚШ арасындағы мәдени және достық байланыстардың маңыздылығын атап өтіп, Нью-Йоркте Димаштың концертін өткізуге қызығушылық білдірді.

Қонақтарды қатысушылар дәстүрлі қазақ киімдерімен қарсы алса, Нью-Йорктегі Димаштың жанкүйері Норико Брунель ерекше ықыласпен дайындаған қазақ туының үлгісімен безендірілген бәліштерін ұсынды. Іс-шара барысында Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы нығайып келе жатқан қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, іс-шараға АҚШ-тық Dears қатысты. Димаштың жанкүйерлерінің бірі Таня Янг қазақстандық телеарнаға берген сұхбатында қазақстандық әртістің шығармашылығынмен алғаш танысқан 2018 жылы бастап Қазақстанда үш рет болып, қазақтың бай мәдениеті, дәстүрлері мен қонақжайлылына тамсанғанын айтады. «Қазақстанға жасаған әрбір сапарым жүрегімде ерекше орын алады», — дейді Таня Янг.

Димаштың тағы бір жанкүйері Лори Грабовски жақында Астанаға жасаған сапары: STRANGER әлемдік туры аясында әншінің концертіне алғаш рет қатысқаны туралы айтып берді. Енді ол келесі айдағы Прага мен Дюссельдорфта өтетін әншінің алдағы қойылымдарын асыға күтуде. Нью-Йорктегі салтанатты жиында басқа жанкүйерлермен бірге ол да Dears-тің елдер арасындағы мәдени алмасудың өкілі ретінде құрметті қонақ болды.

Соңғы жаңалықтар

Польшадағы Dears Нан мерекесінде Қазақстан мен Димаштың шығармашылығын таныстырды

23 тамызда Польшадағы Токарняда орналасқан Келецкая ауыл мұражайында Нан мерекесі өтті. Іс-шара аясында Димаш Құдайбергеннің поляк фан-клубының мүшелері ақпараттық...

Димаш өзінің шынайы «меніне» оралу арқылы DIMENSIONS тұжырымдамасын қорытындылайды

Эпилог | Бастау. Кеңістік. Ғаламның шетсіз-шексіз кеңістігі аясында бәсең қанықтықтағы жұмсақ қана жарық Димаштың кескін бейнесінің айқын әрі нәзік сызықтарын...

Қалыптасқан шеңберден тыс кеңістік: Димаш DIMENSIONS жобасының екінші тарауын ұсынады

Екінші тарау | Шекараларды бұзып.. 3D-пиксель фрагменттері әртүрлі өлшемдерден құрастырылғандай әсер қалдыратын кеңістік қалыптастырады. Бөлшектер экран шекарасынан асып шығып, шынайы...

DIMENSIONS: Димаш әлемдік турдың алғашқы тарауының концепциясын таныстырды

1-тарау | Үнемі өзгерісте. Үнемі шынайы Терең әрі мөлдір қызыл түс тек Димашқа ғана арналып жасалған рухтың шеңберлі театрын бойына...

Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Yazgi» синглі шетелдік радиостанциялардың эфирінде кеңінен таралуда. Композиция жарыққа шыққаннан кейін Бельгияның бірқатар радиостанцияларында ротацияға еніп,...