ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың болгариялық фан-клубы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында...

Димаштың болгариялық фан-клубы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді

Dears Димаштың болгариялық фан-клубы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді

Димаштың болгариялық фан-клубы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді

Жаңа жыл қарсаңында Димаш Құдайбергеннің болгариялық жанкүйерлері бірігіп, Роман қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсету кешеніне көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні мен алдағы Жаңа жыл мерекелеріне арналған акция аясында фан-клубтың 29 мүшесі 2800 лев (1500 АҚШ доллары) жинады. Қаржылай көмектен бөлек, балаларға азық-түлік және үстел ойындары да сыйлыққа берілді.

Қаражат жинаудың негізгі мақсаты балаларды өмірлік маңызды процедуралардан өту үшін медициналық мекемелерге жеткізуге қажетті автокөлік сатып алу болатын. Фан-клубтың күш-жігерінің арқасында 7 000 лев, яғни қажетті соманың жартысына жуығын жауып, осылайша Кешеннің арманы орындалуына мүмкіндік туды.

Акция аясындағы ерекше ұсыныс – балаларға арналған арт-терапия сабақтарында Димаштың әндерін қосып қою болды. Музыканың неврологиялық және психиатриялық жағдайларға пайдалы әсері бар екені ғылыми дәлелденген және Димаштың шығармашылығы ерекше назар аударуды қажет ететін балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтыны сөзсіз.

«Біз үшін Димаш тек көрнекті әртіс ғана емес, сонымен бірге жүрегі кең адам. Біз одан үлгі алып, ерекше мұқтаж жандарға көмектесуге тырысамыз», — деп бөлісті фан-клуб мүшелері.

Соңғы жаңалықтар

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...