ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаштың командасы - Түркияда үлкен шоуға дайындық. "Бешікташ" стадионынан...

Димаштың командасы – Түркияда үлкен шоуға дайындық. «Бешікташ» стадионынан репортаж

Dimash World Димаштың командасы - Түркияда үлкен шоуға дайындық. "Бешікташ" стадионынан репортаж

Димаштың командасы – Түркияда үлкен шоуға дайындық. «Бешікташ» стадионынан репортаж

24 Мамырда 30 жасқа толған мерейтойына орай Димаш Құдайберген Ыстамбұлда жеке концерт берді. Қазақстандық әртістің мерейтойы әлемнің түрлі елдерінен келген қонақтарды «Бешікташ» үлкен стадионына жинады.

Осындай үлкен, ерекше жерде ауқымды шоуды қалай дайындауға, жинауға және репетиция жасауға болады? Концерт қарсаңында DimashNews тілшісі концертке дайындалып жатқан қатысушылармен әңгімелесті.

Жалпы концертте қанша адам жұмыс істейді? Айырмашылықтары, қиындықтары қандай, мұндай үлкен алаңдарда жұмыс істеу кезінде не нәрсеге көп көңіл бөлуді қажет етеді?

Екатерина Бажанова, DQ командасының тур менеджері концертте 200-ден астам адамнан тұратын халықаралық команда жұмыс істейтіндігімен бөлісті. Стадионда көптеген шығатын жол болғандықтан, ұйымдастыру бөлігі, көлікпен қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәселелері қиынырақ болғанын ескерді. Сондай-ақ, саны жағынан көп көрерменмен жұмыс істеу ерекше назар аударуды қажет ететінін де айтты.

Концерт кезінде осындай үлкен қауымды қалай басқаруға болады? Басқаша айтқанда, «таймда» кім болды?

«Менің рөлім – » қолымды пульсте ұстау», мен әнші мен команданы және бүкіл команда мен жергілікті ұйымдастырушыларды байланыстырып тұратын көпірмін десем де болады. Кіріспе бөлімі мен жалпы ақпаратты департаменттерге таратып отырамын. Егер уақыт бойынша өзгерістер болса, жаңа нөмірлер немесе режиссерлік идеялар қосылса да, менің тарапымна бұл сұрақтарды шеше алатын адамдарды тауып, уақытылы беріп отыру жұмыстары атқарылады.  

Біздің командамыз керемет. Жауапкершілігі, тәжірибесі мол және жоғары деңгейлі мамандар жұмыс істейді. Әрине, мұндай күрделі жобаны дайындау кезінде форс-мажорлардан, бастапқы жоспардың өзгерістерге ұшырап кетуі сияқты дүниелерден  аулақ болу мүмкін емес. Бірақ біз мұндай мәселелердің дер кезінде шешімін табуға әбден машықтанғанбыз. Біз үшін ең бастысы – сахнаның артында не болып жатса да, көрермен үшін қорытынды нәтиже әрқашан ең жоғары деңгейде болуы керек.

Стамбулдағы Концерт бұл Димаштың мерейтойы. Сондықтан біз үшін бұл үлкен жауапкершілік. Біздің жұмысымыздың соңғы нәтижесі, әрине, көрермендер үшін. Бірақ Димаштың да концерттен ләззат алуы мен оның жұмыс істеуіне ыңғайлы жағдай болуы да маңызды», – деді Екатерина.

Дайындық қанша уақыттан кейін басталды? Осындай қысқа уақытта көріністі, дыбысты, жарықты қалай жабдықтауға болады?

DQ командасының техникалық директоры Алексей Белый үлкен алаң жабдықтарының кейбір құпияларын ашты:

«Дайындықтың белсенді кезеңі жыл басынан басталды. Жабдықты мердігерлер ұсынады. Себебі мұнда өтетін фестиваль аясында ол бір ай бұрын қойылады. Біздің концертіміз бұл жобадағы ең маңыздысы болып табылады, сондықтан, әрине, уақытты үнемді пайдалану әрдайым еркімізге бағына бермейді. Жұмысшылар сахнаның жақтауын жасап, оған жарық беріп, дыбыс ілінеді. Мұнда сызбалар жасау, графиктерді есептеу, көлік жұмыстары сияқты дайындық жұмыстары өте маңызды».
Әрине, Димаш үшін дыбыс ерекше маңызды. Димаш үшін, оның әр түрлі шығармалары үшін дыбыстық жабдықпен жұмыс істеудегі ерекшеліктері бар ма?

«Ерекшеліктер бар және олар өте дәл радиожиілікті басқаруда. Өйткені,  Димаш музыкалық микс пен көрермендердің реакциясы және басқа да дауыстарды естуге арналған құлаққап, яғни құлақ мониторингін қолданады. Біз Димаштың дауысына  сәйкес келетін және әншіге, маған және басқа да жауапты кісілерге ыңғайлы микрофонды өте ұзақ уақыт бойы таңдадық. Біздің командада Димаш үшін және де басқа музыканттар үшін әр түрлі  дыбыстарға жауапты мамандар мен керемет  музыканттар бар.

Димашпен жұмыс істеу біз үшін өте жеңіл және жағымды әсер қалдырды. Ол өзіне не керегін және қандай нәтижеге қол жеткізгісі келетінін жақсы біледі. Біздің онымен дыбыс жөніндегі түсінігіміз бен ойымыз бір жерден шықты.  Ол, тіпті, жұмыс кестесі өзгерген кезде де өзін қоярға жер таппай кетеді. Осындай дүниелерге сәйкес, біз әрдайым бірбірімізді тыңдап, бірбіріміздің қалауымызға сыйластықпен қарауға тырысамыз«, – деп жауап берді Алексей.

Білуімізше, бишілер әншіден бөлек алдын-ала жаттығады. Әншімен бірге сахнада жаңа нөмірді “құрастыру” немесе “дайындау” қаншалықты жылдам болады? Бұл процесті кім басқарады?

Хореограф Бауржан Сейфулин жауап берді:

«Жұмысты бүкіл командада атқарылып жатқандықтан, менің де, Димаштың да қойылымдары бойынша ұсыныстарымыз бар. Әрине, мұның бәрін режиссер бекітеді. Шамамен он күн ішінде біз нөмірді өзіміз дайындаймыз, соның ішінде, қойылымға бір – төрт күндей кетеді, сызбалар (сахнада қозғалу) және нөмірлерді қайта қалпына келтіру,  синхрондылықты үйрету сияқты дүниелер көп уақытты алады. Содан кейін біз әншімен бірге бір аптаға жуық жаттып, қалай қозғалу керектігін үйренеміз. Әрине, көбіне әншіме  бейімделеміз.

Димаш бар нәрсенің еш кемшіліксіз болғанын қалағандықтан, онымен жұмыс істеу әлдеқайда оңай. Вокал жағынан күрделі әніне бидің қимылдарын табу оңайға соқпайтыны рас, Бірақ, соған қарамастан біз бұл істі бірігіп атқарып тастадық«.

Димаштың концерттеріне классикадан хип-хоп стиліне дейін барлық стильдерді билей алатын жан-жақты профессионал бишілер болмаса, орта деңгейдегі бишілер бұл жауапкершілігі мол жұмысты атқара алмай қалуы әбден мүмкін. DQ Team – дәл осындай биік деңгейдегі команда.

Отвечая на вопрос, какие номера в программе шоу наиболее значимые, Бауржан выделил постановку на песню «Stranger», как самую сложную, Александр Ли ответил, что это «Дурдараз» за счет мощной энергетики, Салтанат Беймишева отметила первый волнительный, «трамплинный» для общего настроения концерта номер «Golden» , а Рустам Жанаев выбрал дуэт с Салтанат, который всегда непредсказуем.

Шоудың бағдарламасында қандай нөмірлер аса мәнді де маңызды екендігі туралы сұраққа Бауыржан «Stranger» әніне жасалған қойылымын, Александр Ли «Дурдараз» әнін, Салтанат Беймишева концерттің жалпы көңіл-күйіне әсері мол «Golden» әнін таңдаса, Рустам Жаңаев Салтанатпен бірге шырқаған әніне таңдау жасады.

Бишілер тобы бағдарламада қандай да бір өзгерістер бола қалса, қаншалықты мобильді деп ойлайсыз?

«Каждая поездка чем-то запоминается, был случай, когда Димаш поменял порядок пары песен во время концерта, мы вышли на сцену и ушли обратно. Так же он иногда меняет скорость своих треков и тогда вся команда подстраивается под него.
Бывает нужно срочно подготовить номер, тогда мы ночью репетируем и выступаем, как недавно в Алматы»
, – уточнил Бауржан.

«Әрине, әр сапарымыз кем дегенде бір жаңа нәрсемен есте қалады. Димаш концерт кезінде бірнеше әннің ретін өзгертіп жіберіп, біз сахнаға шығып тұрып, кері қайтқан кездеріміз де болған. Сондай-ақ, ол кейде тректерінің жылдамдығын өзгертіп жіберіп, содан бүкіл команда оған бейімделеміз. Ал, кейде шұғыл түрде нөмірді дайындау қажет болады. Сондай сәттерде, біз түннің бір уағында Алматыдағыдай жаттығып, өнерімізді шыңдаймыз«, – деп нақтылады Бауыржан.

Димаштың мерейтойлық концертіне дайындық ерекшеліктері туралы саунд-продюсер Ерлан Бекчурин былай деді:

«Стамбулдағы концерт үшін Мен арнайы Джеки Чанның «Авангард» фильмінің Саунд – трегі «Happy« концерттік нұсқасын дайындадым. Алдымен мен музыканттарға демо нұсқасын жасадым. Композитор Нейтан Ванг біздің жұмысымызға өз разылығын білдірді. Концерттен кейін ол менен аранжировканы қалай және немен жасағанымды сұрап, әңгімеміздің соңында біз болашақ ынтымақтастық туралы келісім жасадық«.

Қобызшы Олжас Құрманбек «Қайран елім» әнін композитор Ринат Гайсинмен бірге орындау ерекше әсер қалдырғанын және ол үшін  үлкен құрмет екенін атап өтті.
Әрине, музыканттар біртұтас ұжымда маңызды рөл атқарады. Димаштың DQ Band командасында барабаншы Роман Алексеев, гитаристер Полубабкин Алексей, Ахметов Бористен, бас-гитарист Герман Тигай, клавишист Быстров Вячеслав және перкуссионист Вейтия Эчаварриа Фидель Алехандро бар.

Концерт кезінде процесті кім басқарады, жалпы процесс қалай жүріп отырады? Концерттің динамикасында импровизация жасау мүмкін бе, әлде бәрі қатаң жазылған ба?

«Димаштың концерті сияқты үлкен шоуларда әрдайым өзінің техникалық сигналдары мен шоу режиссері, саунд продюсері және музыка жетекшісі арасындағы жанды байланысы бар үйлесімді кәсіпқойлар тобы жұмыс істейді. Біз шоудың уақыты бойынша жиіжиі импровизация жасап отырамыз«, – деп жауап берді DQ Band жетекшісі Роман Алексеев.

Жаңа әнмен жұмыс жүру процессі жайлы, бәрі бірге «ойнау үшін» қанша уақыт кететіні жайлы сұраққа,  жұмыс команданың әр музыканты жаңа жұмысқа толығымен еніп, жаттығу кезінде тректі өңдеуге және сезінуге мүмкіндік береді деп жауап берді.

«Музыка – бұл барынша ұжымдық шығармашылық жұмыс болғандықтан, музыканттардың кәсібилігі қысқа мерзімде Димаш пен Ерланның дайындығы үшін, жаңа композициялар дайындау үшін мүмкіндік беріледі. Димаштың шығармалары күрделі формадағы, көп қырлы және әр түрлі сипаттағы көп көңіл бөлуді қажет ететін жұмыстар. Әр музыканттың Димаштың әндері мен концертінің барлық драматургтерін мүмкіндігінше тепе – теңдікте ұстау деген сияқты маңызды міндеті бар«, – деп бөлісті Роман.

Концерттегі Димаштың образы үшін Қытайдан келген әртістің командасы жауап берді. Менеджер Чжуан Ян команданың жұмысының қыр-сырын ашып көрсетті:

«Біз Түркияда Димаштың 30 жылдығына арналған концерттің бір жағында жүргенімізге және атсалысқанымызға өте қуаныштымыз. Біз әншіге осы әдемі және ұмытылмас мерекелік кеште бірге болуға деген сенімі мен мүмкіндігі үшін өте ризамыз. Мен Димаштың визажисті Арчи мен стилисті Ритаға да алғысымызды білдіреміз.

Концерттің музыкалық бағдарламасының көп бөлігі концерттің негізгі дауысын вокалды қолдауға байланысты.  Димаштың БЭК-вокалистері дайындықтың қалай өтіп жатқандығымен және дәл осы мерейтойлық концерттің қаншалықты маңызды екендігімен бөлісті.

Зарина Божакова төмендегіше атап өтеді:

«Стамбулдағы осындай үлкен стадионда, бірінші рет концерттер мен қойылымдар, маңызды концертті өткізу әрине, жауакершілігі мол жұмыс«.

Зарина фондық вокал әртістерінің концертіне дайындық бөлек жүріп жатқанын, жұмыстың ерекшелігі үш әншіге арналған партияларды шыңдау қажеттігін көздейтінін айтты. Жаңа композициялар үшін, мысалы, Джеки Чанның «Авангард» фильміне арналған саунд-трек сахнасынан алғаш шыққан, саунд-продюсер Ерлан Бекчуриннің тапсырмасы бойынша фондық вокал музыканттары өз партияларын өздері дайындады.

Димаштың бесінші концертінде өнер көрсеткен екінші БЭК-вокалист Диана Тәженова да мерейтойлық шоудың маңыздылығын атап өтіп, Ыстамбұлға көрермен ретінде әртүрлі елдерден, соның ішінде Димаштың шығармашылығын құрметтейтін Қазақстаннан көптеген музыканттардың келгеніне қуанышты екенін білдірді.

Расул Усманов тіпті бір шоудың  өзі әр қаланың ерекшелігіне сәйкес әр түрлі қойылатынын атап өтті. Ыстамбұлда дайындықтар жоспарға сәйкес жүріп жатқаны туралы:  «Стамбул үлкен тарихы бар қала. Димаштың осы қаладағы ең үлкен концерттерінің бірі де тарихта қалады», деп өз ойын түйіндеді.
DimashAli шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев үлкен ұжымдағы жұмыстың ерекшеліктерімен бөлісті:

«Команданың әрбір мүшесі өз ісінің кәсіпқойы. Ұжым бір-бірін жарты сөзденақ түсініп, бірнеше жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді. Әлемнің қай елінде жүріп жұмыс істеп жүрсе де, команданың әрбір мүшесі қашықтықтан байланыс орнатып, дайындықтар жасап жүр. Барлығы бірбірінмен адами және кәсіби тұрғыда қарым-қатынас жасайды. Концерт уақыты тақаған сәтте, біздің халықаралық команда бірбірімізбен туғанымыздай кездесеміз«.

Шоу бағдарламасында ең сүйікті композицияңыз бар ма, – деген сұраққа Қанат Құдайбергенұлы:

“Маған Димаштың барлық шығармалары ұнайды. Мен әр ән мен әр нота үшін алаңдаймын. Композициялар жасаудың бүкіл процесі, Димаш пен команданың қажырлы еңбегі менің көз алдымда жүріп жатады. Сол үшін, әр шығарма мен үшін де, Димаш үшін де қымбат. Сахнада ән бірнеше минут қана шырқалады, ал оны жасау үшін қанашма күндер мен айлар, кейде жылдар қажет екені айтыла бермейді”, – деп жауап берді.

Сіз 30, 20, тіпті 10 жыл бұрын Димаштың отыз жылдығын әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған жанкүйерлердің компаниясында үлкен стадионда атап өтеміз деп ойладыңыз ба, – деген сұраққа Димаштың әкесі Қанат Айтбаев:

«Димаш бала кезінен әнші болуды армандап, тек осы бағытта еңбектенді. Біз, ата-анасы ретінде, әрине, оның армандарының орындалатынына сендік. Бірақ армандаудан бөлек, ол өте мұқият және қажырлы жұмыс істеп, алдына өте үлкен міндеттер қояды. Сөйтіп, арманнан мақсат пайда болып, ал мақсат болған кезде жаңа жолдар ашылады. Осылайша бәрі біртіндеп орындалады…

Біз Димаштың бала кезінен оның барлық армандары мен мақсаттарына сеніп, оны қолдауға барынша тырыстық. Оның 30 жылдық мерейтойын сахнада, үлкен стадионда қарсы алғанын көру жан тебірентерлік. Біз оның армандарының шындыққа айналғанына бақыттымыз.

Димаштың  жанкүйерлеріне үлкен алғыс айтамыз. Әлемнің түкпір – түкпірінен жианлаған адамдар  әншінің өзіне де, оның командасына да ерекше шабыт беретіні сөзсіз. 

Біз Dears-тың достығы бірлігіне тамсанамыз. Жанкүйерлер  бір елден екінші елге концерт үшін жиналып, сол жерде бірін бірі қарсы алып, қолдап жатады. Әр түрлі елдерден  Димаштың шығармашылығымен танысу үшін жиналған барлық жанкүйерлерге үлкен алғысымды білдіремін. Бүкіл команда үшін, отбасы үшін және әрине, Димаштың өзі үшін осындай сүйіспеншілік пен қолдауды қуанышты жағдай. Тағы да, алғысымды білдіремін!” деп түйіндеді сөзін.

Соңғы жаңалықтар

QSANDYQ: қазақ музыкасын, дәстүрлері мен бүгінгі жаңа буын ұрпақты байланыстыратын платформа

QSANDYQ - Қазақстанның мәдени дәстүрлерін бүгінгі цифрлық дәуірге көшіріп, заманауиландыратын бірегей жоба. Қосымшаны жасаушы өнертапқыш Бейбітжан Муслимов қазақ музыкасын...

Димаш франциялық БАҚ беттерінде

Француздық Planète Paix журналының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі соңғы санында Димаш Құдайберген туралы мақала жарық көрді. Planète Paix – дүниежүзіндегі...

Димаш Құдайберген Almaty Open ATP 250 рәсімінің ашылу салтанатына қатысады

2024 жылдың 13 қазаны мен 20 қазаны аралығында Алматыда Almaty Open ATP турнирі өтеді. Бұл әлемнің 30 елінде өтіп...

SMALL&SPAR бизнес, мәдениет және Димашпен бірлескен ынтымақтастық туралы

13 және 14-қыркүйекте Астанада Димаш Құдайбергеннің жеке концерттері дүркіреп өтті. Жобаның титулдық демеушісі SMALL&SPAR желісі болды. Бүгін DimashNews редакциясы...

Димаш Құдайберген Қытайда өткен күз ортасы фестивалінде өнер көрсетті

17 қыркүйекте Қытайдың ірі телеарналары CCTV Mid-Autumn Festival Party - Қытайдағы ең маңызды мерекелердің бірі - Күз ортасы фестиваліне...