ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаштың Малайзиядағы алғашқы «Stranger» жеке концерті осы аптада!

Димаштың Малайзиядағы алғашқы «Stranger» жеке концерті осы аптада!

Dimash World Димаштың Малайзиядағы алғашқы «Stranger» жеке концерті осы аптада!

Димаштың Малайзиядағы алғашқы «Stranger» жеке концерті осы аптада!

Осы аптада, 24 маусымда Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтеді. Үлкен шоу қарсаңында концертті ұйымдастырушылар концертке билеттер түріндегі сыйлықтармен және әртістің аты жазылған эксклюзивті өнімдермен түрлі іс-шаралар өткізді.

Вокалистер байқауы қызыққа толы болды, басты жүлде жеңімпаздар үшін концерттің шымылдығын ашатын қонақ ретінде өнер көрсету мүмкіндігі болды.

Байқауда Димаштың репертуарынан «S.O.S», «Адажио», «Опера-2″сияқты танымал әндер шырқалады. Байқаудың жүлдегерлері Жас музыканттар Lim Yue Zhen және Aric Lau, ал жеңімпаз — «Знай” вокалын орындаған 16 жастағы әнші Eshan болды.

Сондай-ақ, концерттің арнайы қонағы ретінде қатысатынын Малайзияның ең танымал әншілерінің бірі — Дато Шри Сити Нурхализ жариялады.

Нурхализ Сити Димаштың орындауын жоғары бағалады. Концертте арнайы қонақ болу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере отырып, Нурхализ Сити Димаштың әншілік қабілетіне, сондай-ақ оны концерт қонағы ретінде шақырғанға дейін қазақстандық орындаушының шығармашылығына тәнті болғанын айтты.

Дато Шри Сити Нурхализ басылымға берген сұхбатында: «Димаштың дауысы керемет, мейлі ол жоғары нотада болсын, төмен нотада болсын, ол басқа әншілер үшін оңай болмаса да, еркін ауыса алады, бірақ ол мұны еш қиындықсыз орындайтын сияқты, өте керемет ән айтады», — деп атап өтті xuan.com.my.

Әртістің жанкүйерлері Dears іс — шараларын өткізуді жоспарлап отыр.
Дәстүрлі пре-пати 23 маусымда өтеді.

Димаштың Малайзиядағы концертіне билеттер https://www.ticket2u.com.my/event/29520/dimash-qudaibergen-live-in-malaysia-2023 сайтында қол жетімді

Соңғы жаңалықтар

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...