ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың Together жаңа синглы алғаш рет АҚШ радиосында шырқалды

Димаштың Together жаңа синглы алғаш рет АҚШ радиосында шырқалды

Dears Димаштың Together жаңа синглы алғаш рет АҚШ радиосында шырқалды

Димаштың Together жаңа синглы алғаш рет АҚШ радиосында шырқалды

22 наурыз күні таңертең KMRD-LP.FM радиосында, Димаштың жаңа «Together» композициясы музыкалық платформаларда шыққаннан бірнеше сағат өткен соң, оның алғашқы үні АҚШ-тың радио эфирінде шырқалды. 

Бұл Димаштың американдық фан-клубының арқасында мүмкін болды, олар бір апта ішінде бірнеше американдық радиостанциялармен байланысып, «Together» эфирге шыққан күні оны тыңдауға үміттенді.

Осылайша, Димаштың жаңа синглы диджей Гвендолиннің (Zaxus) екі сағаттық «Mad Talk» бағдарламасында шырқалды. Композиция әлі бағдарламаға қосылмаған болса да, Гвендолин оны өз бағдарламасының эфиріне енгізді.

Өзінің шоуы басталғаннан кейін бірден радио жүргізушісі қазақстандық орындаушының жаңа әні бар екенін жариялады: 

«Димаш Құдайберген жаңа ән шығарды, мен оны бүгін сіздер үшін қосуды жөн көрдім». 

Бұл «Mad Talk» бағдарламасының эфирінде Димаштың композициясы бірінші рет шырқалғаны емес. 2020 жылдың 7 маусымында Гвендолин бағдарламасында қазақстандық орындаушының алты әні шырқалды. Содан кейін радио жүргізушісі Димашқа бағдарламасының 45 минутын бөлді.

«Together Dears жаңа синглінің шығарылымы қарсаңында бүкіл әлем сағатқа қарап, өз уақыт белдеуінде түн ортасында — Димаштың жаңа әні әлемнің бірнеше музыкалық платформаларында ойналатын сиқырлы сағатты асыға күтті. Dimash USA фан-клубы және оның Radio Play командасы Димаштың теңдесі жоқ таланты мен музыкасын Америка Құрама Штаттарында таратуға көмектескен диджейлерге өте қуанышты және алғысын білдіреді», — деді Димаш АҚШ фан-клубының Dears мүшелері.

Соңғы жаңалықтар

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің...

Димаштың француздық жанкүйерлері Парижден Қазақстан мектептеріне 100-ден астам кітап табыстады

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына деген қызығушылық француздық жанкүйерлер Надин Пьерро мен Садрин Байи үшін Қазақстанмен жақынырақ танысуға, сондай-ақ екі ел...

Димаш Құдайберген Қарағандыда Кеншілер күніне арналған мерекелік концерттің хедлайнері болды

29 тамызда Қарағанды қаласының Жаңа алаңында Кеншілер күніне арналған ауқымды мерекелік концерт өтті. Аталмыш шарада мыңдаған қала тұрғындары мен...